- Учителю
- Планирование по познания мира 'Денелер' (1 класс)
Планирование по познания мира 'Денелер' (1 класс)
Сабақ № | Сабақ өтілетін күн: Орны: №34 сынып бөлмесі Мұғалім: Кадырбаева Г. Р. | Барлық оқушы саны: 24 Қатысқаны : | ||
Сілтеме | Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар, К. Аймагамбетова Дүниетану 1-сынып. Алматы «Алматыкітап» 2012 | |||
Сабақ тақырыбы | Денелер. | |||
Мақсаты | Білімділік: қоршаған дүниедегі табиғаттың жансыз денелерімен салыстыру. Дамытушылық: оқушының дүниетанымын дамыту. Тәрбиелік: кез келген затқа ұқыптылықпен қарауға үйрету. | |||
Түйінді идеялар | Жанды, жансыз денелер, құм, су, тас, адам қолымен жасалған заттар. | |||
Әдіс-тәсілдер | 7-модуль, Жекелей, жұптық, топтық жұмыс, баяндау, «Сұрақтар» шеңбері әдісі, «Жигсо» әдісі, «Т» кестесі, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, «Үлдірленген қағаздар», «Визуалды айғақтар» | |||
Көрнекіліктер, ресурстар | Оқулық, маркер, түрлі түсті қағаз, ватман, тақта, компьютер, стикер тірек сызба, сюжетті суреттер, қимақағаздар, құм, су, тас, адам қолымен жасалған заттар. | |||
Дерек көздері | Оқулық, электронды оқулық, дидактикалық материал, әдістемелік құрал, қосымша мәліметтер: | |||
Оқыту нәтижелері | Табиғаттағы денелердің жанды, жансыз болуын түсінеді, адам қолымен жасалған заттарды біледі.Тақырыпқа теориялық талдау жасай біледі; Топпен, жұппен және өздігінен жұмыс істей алады; Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін қолдана алады; | |||
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | ||
Қызғушылығын ояту, жағымды атмосфера орнату.
| Тақырыбы: "Эмоция түстері" | Жаттығудан соң көтеріңкі көңіл күймен сабаққа кіріседі. | ||
Мағынаны тану Білу
| Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. «Үлдірленген қағаздар». Оқулықты, суреттерді пайдаланып үлдірленген қағазға жансыз денелерді топпен анықтап сызу.
| Тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.
| ||
Түсіну | Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. Фильм көрсету. табиғаттың жансыз денелері туралы түсінігін тиянақтау.
Оқушылардың өз пікірлерін дәлелдеуіне жағдай жасау. | Ойларын айтады, түсіндіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады. Сұрақтарға жауап іздеу арқылы мәтіннің мағынасын аша түседі. | ||
Қолдану | Оқушылардың алған білімін Өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.
|
|
|
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу.
Табиғаттың жансыз денелерінің бір күйден екінші күйге ауысатындығы туралы алғышарт жасайды. нақты объектіге сүйене отырып, ойлау мүмкіндігіне қозғау салады.
Талдау.
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату. Суретте тірі табиғатқа жататындарды тап. Тірі табиғаттың неге бұлай аталатынын топпен кеңесіп түсіндіріп көріңдер. Олар өлі табиғаттан несімен ерекшеленеді.
Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді.
Жинақтау.
Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Не артық? Неге артық? Түсіндір? Екі құстың ұясын салыстыр. Не айта аласың? Осы арқылы адам қолымен жасалған заттар ұғымын шығару.
«Визуалды айғақтар». Қима қағаздарға тірі, өлі және адам қолымен жасалған заттар беріп, кестеге орналастыруды ұсыну.
Ойлап табады, байланыстырады,
шығарады. Ойын түйіндейді.
Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. Кестені толықтырады.
Бағалау.
Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру.
Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау.
Мына суретті қалай түсіндіресің?
Осыған ұқсас тағы қандай мысалдар келтіруге болады?
Бұдан қандай тұжырымдама шығаруға болады?
Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады.
Қорытынды
-
Не білдім? Не үйрендім?
-
Не қызықты болды?
Өзіне өзі түйін жасайды.
Үй жұмысы.
Дәптерде берілген суреттердің ішінен адам қолымен жасалған заттарды қызыл нүктемен белгілеу.
Бағалау.
Бағалау парақшасын толтыру.
Бағалау парақшасы арқылы өзін өзі бағалайды.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтағы көңіл күйің.
BLOB ағашы