7


Щ дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 05.12.2014 Мектеп: №8 мектеп Сынып: 1а Пән: Әліппе Әдіскер:Жахметова Б. Практикант:Серік Балжан Мұғалім: Бакирова А Тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Щ дыбысы мен әрпін қайталау. Оқушыларға Щ дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқып, жаза білуге үйрету, әңгімелеуге машықтандыру.

Дамытушылық: Щ дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқуылардың жалпы ой - өрісін, тілін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың оқуға , білімге деген қызуғышылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: тақырып, суреттер, тақырыпқа байланысты сөздер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Отырыңдар.

  • Бүгінгі әліппе сабағына мен беремін. Менің аты - жөнім Серік Балжан Бақытжанқызы болады.

  • Бүгін сабақта кім жоқ. Жоқ балаларды белгілеу.

Психологиялық дайындық.

  • Балалар жел соққанда қандай дыбыс шығады?

  • У-у-у-у

  • Ит қалай ырылдайды:

  • Р-р-р-р

  • Жылан қалай ысылдайды?

  • С-с-с-с

  • Жарайсыңдар, балалар! Дұрыс айтасыңдар!

  • Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабақ жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өтпек.

« Келгенше қонақ ұялады,

Келгеннен соң үй иесі ұялады » демек, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

1,2,3

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

  • Жарайсыңдар, балалар!

2. Өткен сабақ:

  • Бәрекелді! Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?

  • Дұрыс, Э әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки, Э дыбыс кездесетін сөздерді айтайық.

  • Кім мағған осы аталған сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды?

  • Э дыбысы қандай дыбыс?

  • Дауысты дыбыс.

3. Жаңа сабақ: Балалар бүгін біз серуенге дүкенге шығамыз. Осы дүкеннің ішінде Аян жүр екен. Аянға біздің көмегіміз қажет екен. Аян сыйлыққа жету үшін біз оған көмектесіп жіберуіміз керек. Көмектесеміз бе?

  • Өте жақсы. Ендеше 1 - ші тапсырма сұраққа дұрыс жауап беру керек екен. Ал мұқият тыңдайық.

  • Тіс жуу үшін не қажет?

( Тіс пастасы, тіс щеткасы)

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Аян кішкене болсын сыйлығына жетіп қалды.

  • Балалар енді орындайтын 2 - ші тапсырмамыз ол бар сөздерді атауымыз керек.

  • Өте жақсы. Жарайсыңдар.

4. Оқулықпен жұмыс.

  • Балалар келесі тапсырмамыз оқулықпен жұмыс екен. Оқулығымыздың он және бірінші бетін ашамыз. Яғни 105 бетті ашамыз.

  • Бұл бетте не берілген екен.

Сергіту сәті. Жәй әуен ойнап тұрады.

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалыұтап.

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

  • Келесі тапсырмамыз дәптермен жұмыс.

  • Ауаға Щ әрпін жазайық.

  • Щ әрпі балалар III тік сызықтан тұрады екен.

  • Ендеше дәптерімізге жазайық.

Дәптермен жұмыс: Щщ әрпін жазғызу.

Тақтадағы көрнекіліктерді қолданып балалармен ойын ойнау:

  • Балалар алда келе жатқан қандай мерекені білеміз.

  • Дұрыс айтасыңдар «Жаңа жыл» мерекесі.

  • Балалар бізге қонаққа Аяз ата келіпті, қанекей амандасайық. Аяз атаның бізге дайындап келген тапсырмалары бар екен. Ол кісі біздің Аянға көмектесіп жатқанымызды естіп, ол кісіде көмектесейін деп келіпті және сыйлықтары бар екен.

  • 1 - ші тапсырмасы « Кім білгір» ойыны екен. Бұл ойында балалар сөзді буынға бөлуіміз керек екен.

  • « щет - ка, а - щы, тұ - щы, борщ »

5. Бекіту.

« Сиқырлы қалам» ойыны.

Әуен көмегімен оқушылар қаламды бір - біріне береді, әуен тоқтаған сәтте, қолында қалам қалған « Щ » дыбысына байланысты сөз айтады.

6. Қорытынды.

  • Балалар аян сыйлығына жетіп те қалды. Аяз ата да бізге дән риза.

Тіл дамыту:

Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

  • Балалар Аянның сыйлығына жетуіне кқмектестіңдер, енді Аяз атада сендерге сыйлығын таратқысы келіп тұр екен. ( смайликтер тарату).

Бағалау: Оқушыларға смайликтер тарату

Уй тапсырмасы: Оқушыларға «Щеткалар» тақпағын жаттауға беру.

  • Сау болыңдар балалар! Осымен сабақ аяқталды.

Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал