- Учителю
- ҚАзақ тілі 'Сөз таптары'
ҚАзақ тілі 'Сөз таптары'
Қазақ тілі
3сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөз таптарын еске түсіру. Сөздің қай сөз табына жататынын білуге, оған алдымен сұрақ қоюға, сөздердің қайсысы заттың атын, іс - қимылын, сынын, санын білдіретінін ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, алғырлыққа баулу. Әдемі, таза, ұқыпты, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтастыру, семантикалық карта.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер салынған плакаттар, ребус, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық.
- Сәлеметсізбе Ару күн!
- Сәлеметсізбе Жер ана!
- Сәлеметсізбе Көк аспан!
- Сәлеметсізбе Сіз!
- Сәлеметсіңбе Сен!
- Сәлеметсіңбе Мен!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту. Оқушылар кестені өздері толтырады.
-
Сөз табы
Сұрақтары
Мысалдар
Зат есім...
Кім?...
Оқушы,...
Мағынаны тану кезеңі.
Сөз таптары
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Сөз таптарынан «Зат есім», «Етістік», «Сын есім», «Сан есімге» қатысты мәліметтерді еске түсіріп , одан әрі тереңдетіледі. Сызбаны пайдаланып, осы сөз таптарының ерекшеліктерін еске түсіреді.
әдепті
қыз екен.
бесАйжан алды.
ұқыпты
оқушы.
IV.Оқулықпен жұмыс:
1)Мәтінді оқу.
2)Талдау.
3)Сұрақтарға жауап беру. Мәтінде өзіңе таныс қандай сөз таптары бар? Мәтін ішінде қай сөз табы көп кездеседі?
V.Дәптермен жұмыс:1-жаттығу. Оқы. Көп нүктенің орнына қандай сөз қоюға болады? Әр сөйлемдегі жазылмаған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Көп нүктенің орнына қойылған сөз қай сөз табына жатады?
Кішкентай балалар ............. .
Кішкентай ............. жүгірді.
................. балалар жүгірді.
3 - жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой, қай сөз табына жататынын анықта. Сөздерді сөз таптарына қарай топтап жаз.
Зат есім: шебер, аяз, тау, саусақ, аққу, кенші, дос.
Сын есім: көрікті, көгілдір, ұзын, қайырымды, қатты, қызықты.
Сан есім: жиырма, отыз бес, тоғызыншы.
Етістік: сүрінді, аяқталды, жарқылдады.
VI.Шығармашылық тапсырма.Семантикалық карта толтыру.
-
Сөз табы
Сөздер
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
Оқып отыр
Жүз
Қызықты
Келді
Қалам
VIІ.Сөздік диктант. Еңбекқор, қайырымды, ынтымақ, уәде, игілік, сырғанау, өнегелі, батылдық, батырлық, адамгершілік, мейірімділік.
5-жаттығу. Әр қатардағы сөздерді қалай атар едің? Артық сөзді тап. Оның неге артық екенін дәлелде.
жүгірді
Көрікті
аспан
екілік
сықылықтады
Жақсы
аспаз
алпыс
айналды
жақсылық
еңбекқор
қос-қостан
ойыншық
Тұнық
зейнеткер
мың
ойнады
Қашық
білім
мыңбасы
Ой толғаныс
«Бес жолды өлең» жазылады.
1)Оқушы.
2)Әдепті, білімді.
3)Оқиды, жазады, жаттайды.
4)Оқушы сабақ оқыды.
5)Бала.
VIІІ.Сабақты қорыту:
-
Ребус шешу
-
Сұрақ - жауап
IX.Үйге тапсырма: 4-жаттығу 14 бет. Суреттегі заттардың атын атау. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазу.
X.Бағалау.