7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан! Сабақтың мақсаты: а) ҚР- туып өскен жеріміз, Отанымыз, бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақстан- ата-бабамыздан мұра боп қалған болашақтың, тату-тәтті өмір, ынтымақ пен бірліктің елі деген түсінік

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан! Сабақтың мақсаты: а) ҚР- туып өскен жеріміз, Отанымыз, бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақстан- ата-бабамыздан мұра боп қалған болашақтың, тату-тәтті өмір, ынтымақ пен бірліктің елі деген түсінік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КММ «Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі»

































Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Кульбаева З.Қ.

3 «Б» сынып оқушылары.






2015-2016 оқу жылы.

КММ «Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі»

































Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Кульбаева З.Қ.

3 «Б» сынып оқушылары.






2015-2016 оқу жылы.


Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: а) ҚР- туып өскен жеріміз, Отанымыз, бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Қазақстан- ата-бабамыздан мұра боп қалған болашақтың , тату-тәтті өмір , ынтымақ пен бірліктің елі деген түсінік беру.

ә)Елін,жерін құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын, сүйетін азаматты тәрбиелеу.

Б) Ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.


Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, плакат.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау.

2. Кіріспе бөлім: (Көрнекілікпен жұмыс)


Сұрақ-жауап: 1. Біздің Отанымыз қай республика?

2 ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

3. ҚР елордасы қай қала ?

4. ҚР кім басқарады?

5. Тәуелсіз мемлекет атану үшін қандай нышандары болу керек? (авторларын еске түсіру )

6. 30 тамыз күні қандай мереке аталып өтіледі?


3. Негізгі бөлім:

Мұғалім:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп ,уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мщл мүмкіндігіміз бар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты баынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.

КОНСТИТУЦИЯ- мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент. ҚР тұңғыш президенті -

Н. Ә. Назарбаев. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.

Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.

Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.


-Биыл елімізде қандай атаулы күндерді тойлатуда?

-Ата заңымыздың 20 жылдығы

-Ассамблеяның 20 жылдығы

-Қазақ хандығының 550 жылдығы

-Абайдың 170 жылдығы


-Балалар, Отан деген не? деген сұраққа жауап берейікші.


Мақал - мәтелдерді аяқтау ойыны:


Отан- елдің анасы,

Ер елдің анасы.


Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.


Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.


Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.


Отан үшін отқа түс

Күймейсің.


Отан-оттан да ыстық.


Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.


Отан-отбасынын басталады.


-Балалар, біз екінші сыныпта Мұқағали Мақатаевтың Отан керемет өлеңін жаттаған едік. Сол өлеңді еске түсірсек.


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды асқар тау гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құтіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.


-Егер сен президент болсаң өз Отанына қандай жақсылық жасар ең?


- Құттықтау сөз ата-анаға беріледі.


-Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз».


Ән. «Менің Қазақстаным»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал