7


Открытый урок 'Не тәтті?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ашып, мағынасын түсіндіру. Шешендік сөздерді ұғындыру. Ғ.Мүсіреповтың өмірімен таныстыру. 2.Сабақта оқушылардың білімге құштарлығын, байқағыштығын арттырып,оқушылардың есте сақтауын қалыптастырып, сөздік қорын дамы
предварительный просмотр материала

Жамбыл обылыс, Талас ауданы, Қаратау қаласы

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Сейдахметова Жазира Қансейтовна

Сабақтың тақырыбы: Не тәтті?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ашып, мағынасын түсіндіру. Шешендік сөздерді ұғындыру. Ғ.Мүсіреповтың өмірімен таныстыру.

2.Сабақта оқушылардың білімге құштарлығын, байқағыштығын арттырып,оқушылардың есте сақтауын қалыптастырып, сөздік қорын дамыту.

3.Ананы құрметтеуге, аялауға, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, стикерлер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылардың дайындығын бақылау.

Психологиялық дайындық

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны

(тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

-Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1. «Әжесі мен немересі» жатқа айту.

2. Рөлге бөліп оқыту.

Үй тапсырмасын бекіту.

1.Сөз неден құралады?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Әріп дегеніміз не?

4.Дыбыстарды қалай ажыратамыз?

Ой қозғау

Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?

Бәрі:Анам

«Ана» сөзін топтастыру


Менің анам...




Аналарға арнау хормен айту

ІІІ. Жаңа сабақ

Ақпанның он бірі

Сынып жұмысы

Дд

43-жаттығу. Мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар.

Жіңішке дауысты дыбыстарды бір сызықпен, жуан дауысты дыбыстарды екі сызықпен сыз.


Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Ғылым академиясының академигі, .



Сергіту сәті

Құттықтаймын, мама, туған күніңмен.

Мәтінмен жұмыс .

Шешендік сөздер туралы мәлімет беру.

НЕ ТӘТТІ?

1.Мәнерлеп оқып, түсіндіру

2. Оқушыларды тізбектетіп оқыту.

3.Диалогты оқыту.

Екі баланың жауабын салыстыру

«Ішіне -сыртына» стратегиясы

Ішіне

Сыртына

Ананың сүті

Ананың қолы


Бал тәтті

Мамық жұмсақ

Мақал - сөздің мәйегі

Ана туралы мақал-мәтелдер айтқызу және мағынасын ашу.

Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада


Ағайын алтау, ана біреу

Тобықтай түйін.

-Балалар аналарымыз туралы мақал-мәтелдер, өлең-жырлар , шешендік сөздер оқыдық.

-Ал енді балалар сендер осыдан қандай шешім қабылдадыңдар.

-Балалар аналарың сендерді не деп еркелетеді?





Диктафонмен оқушыларға «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақты бекіту:

«Кім жылдам?» ойыны

-Жуан және жіңішке сөздер.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу.

-Жуан және жіңішке дыбыстарды қайталау.

Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал