7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Әке көрген оқ жонар'

Ашық тәрбие сағаты 'Әке көрген оқ жонар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 «ә» сыныбында өткен « Әке көрген оқ жонар» атты тәрбие сағаты

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: 1. Әке-асқар тау. 2.Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. 3.Жақсы әкенің даналығы- балаға мың жылдық азық. 4.Әке- шаңырақтың негізгі тірегі. 5.Әке- балаға сыншы.

Тәрбие сабағының барысы:

(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)

Мұғалім:
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке - асқар тау, ана - қайнар бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
Әке! Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек. Өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Олай болса, құрметті біздің әкелер балаларыңыздың ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
«Атамекен», «Сарыжайлау» «Өз елім» әндері бойынша 3 топқа бөлінеді.
1 - топ: Ардақтылар тобы
2 - топ: Құрметтілер тобы 3-топ : Қадірлілер тобы
/ әкелерді 3 топқа бөліп отырғызу/
1-оқушы: Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап,көтеріп алатын.

2-оқушы: : Бойға қуат береді

Әй жарайсын дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

3-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

4-оқушы: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

5-оқушы: Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді.

6-оқушы: Әкем шытса қабағын-

«Байқа балам» дегені.

Алған көп-ақ сабағым,

Жақсы көрем мен оны.

Ән «Жас ұлан» орындайтын Едіге Жаннұр.

7-оқушы: : Арқа сүйер панасың,

Ақылы мол данасың

Адал етіп өсірген,

Мендей ерке баласын.

8-оқушы: Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

9-оқушы: Аңсаймын жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.

10-оқушы: Арманым едің аңсаған,

Әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым,

Қуаншы,әке,сен маған.

11-оқушы: Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

Би «Мектеп вальсі»



Көрініс:

Баласы: - Әке, маған сұрақ қойыңызшы.
әкесі: - Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: әке, үйдің алтын қазығы - бала.
әкесі: - Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, аға - қорғанышың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа.
Әкесі - Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: - әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін - мейірімді әке.
әкесі: - Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол - ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Әкесі: - Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршіліктің нәрін береді, от - өмірге жалын береді, тұз - астың дәмін келтіреді, қыз - өмірдің сәнін келтіреді, ақыл - өмірдің мәнін келтіреді.

Балалар, ендігі кезекті әке туралы мақал-мәтелдерге берелік:

Әке балаға сыншы.

Әкеден - ақыл, анадан - мейір.

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау).

"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.
"Балам бар" деп мақтанба жаман туған боқ болса.
"Ағайыным бар" деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

Әкең өлсе де әкенді көрген өлмесін. Әке сөзі - оқ,
Шеше сөзі - боқ.

Әкесі бардың арысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Би: Қара жорға.
Мұғалім: «Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
1/ «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақ шешу.
2/ Сұрақ - жауап. «Кімнің баласы, кімнің әкесі екен?»

Әкелерге сұрақтар қою:

1.24.01.08 дүниеге келген кімнің баласы?

2.29.04.08 дүниеге келген ше?

3.22.11.07 дүниеге келген кімнің баласы екен?

Балаларға сұрақтар қою:

1.Жасы 32-де, түсі сұр камри машинасы бар кімнің папасы?

2.Жасы 28 -де, түсі қара джип машинасы бар кімнің папасы екен?

3.Жасы 35-те, түсі ақ, нива машинасы бар кімнің әкесі?

3/Ойын. «Отбасы мүшелеріңді орналастыр» (балаларға) Көп балалы әкелерді атап өту, қошемет көрсету.

Ән «Алға, қазақ жігіттері» Орындайтын: Нұрсұлтан Ислам.
4/ Балаңызға жеті атасын үйреттіңіз бе? /балалар жеті атасын айтады/
5/ Тапсырма: Аппликациялық жұмыс. Әкелері балаларымен бірлесе машина құрастырады (геометриялық фигуралардан) Музыка ойналып тұрады. Әкем-әнім А.Жорабаева.
Мұғалім:

Әке қатал болса да,
Сыйлау оны - бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан - бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,

Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер,
Көгереді, көктейді.


Мұғалім: Құрметті ата - аналар, оқушылар!

«Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, ба- ла - жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар. Әкелеріміздің айтқанын тыңдап, ойымызға түйіп, өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді оқушылар болып өсейік.

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Ән « Әке арманы» (хормен)

Ертеңгілігімізге келіп қатысқан барша әкелерге өз атымнан және мектеп әкімшілігінің атынан көп алғыс айтамын.

Отбасыңызға аманшылық, бақ , береке, денсаулық тілеймін.



Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Есқалиева Рыс.

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі, 2015 жыл.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал