- Учителю
- Күншіл үйрек (әліппе 1-сынып)
Күншіл үйрек (әліппе 1-сынып)
1-сынып
Әліппе
Тақырыбы: Күншіл үйрек
Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге, ертегідегі негізгі ойды
ұғынуды үйрету.
Оқушының ой-өрісін,сөздік қорын,таным белсенділігін дамыту.
Адамгершілікке,ізгілікке, жаман қасиеттен (қызғаншақ,мақтаншақ)
аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау,негізгі идеяны суреттеу,сұрақ қою,салыстыру кестесі,көрнекілік стратегиясын қолдану
Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі,математика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амансың ба Күн?
Амансың ба Ғасыр,Әлем?
Баршаңызға амандық сәлем!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Ойын. «Ойлан,тап»
1-сұрақ. Үй іргесіне суытуға қойған бір қазан сүттің көбігін не ішіп кетті?
2-сұрақ. Жарымын не ішіп кетті?
3-сұрақ. Қалғанын не ішіп кетті?
4-сұрақ. Қаспағын не жеп кетті?
ІІІ.Жаңа сабақ
--Ой қозғау
Аққу, үйрек,түлкі суреттерін көрсете отырып бұлар туралы білетін білімдерін сұрау.
--Сергіту жаттығуы
Әуенмен: аққу болып қалқимыз, үйрек болып шалқимыз, түлкі болып бұраңдаймыз.
--Сөздік жұмысы
Суреттер көрсету арқылы күншіл,сүңгуір,ор сөздерінің мағынасын түсіндіру.
--Мағынаны тану
Ертегінің желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын айтып беру.
--Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей оқыту.
--Дәптермен жұмыс.
Ертегіге қатысқан кейіпкерлерді сұрау,тақтаға жазу,буынға бөлу,дәптерге жазу. Аққу,үйрек,түлкі.
--Ой толғаныс
Мен үйрекпін,мен аққумын,мен түлкімін. 3топтың оқушылары пікірлерін жазады.
Сабақты бекіту
«Сиқырлы сандар» ойыны
1
2
3
4
5
6
7
А
Н
Ң
М
Ы
С
Ж
7
1
3
6
5
Ж
А
Қ
С
Ы
7
1
4
1
2
Ж
А
М
А
Н
2қатардың балалары жақсы жаман қасиеттерді атап шығады.
әдемі адал өтірікші жамандау
күншіл
дос
сәнді бақытты қызғаншақ көре алмау
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
5. Үй тапсырмасы
1.Ертегіні түсініп оқу
2.Өздеріне ұнаған кейіпкерге мәтін құрау
3.Ұнаған кейіпкердің суретін салу.
6. Бағалау