7


Жалаң және жайылма сөйлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қазақ тілі 3 сынып Алдабергенова Қызжібек
Күні:2.12.14
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдістері: «дөңгелек стол»стратегиясы,ішіне-сыртына
Сабақтың формасы: жекелей, топпен.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы сандар, қақпалар, ойын, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Бір - біріңді жақсы көресіңдер ме?
Ендеше бір - бірімізге деген жылы лебізімізді мына журекше аркылы білдірейікші.
Бір - біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.
Ал,оқушылар топтың ішінен топ басшысын сайлап алайық.

1-топтың топ басшысы Ақжібек

2-топтың топ басшысы Мұстафа

3-топтың топ басшысы Гаухар

Енді, оқушылар үй тапсырмасына не берілді?Тақтаға қарайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

4 - жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсет.

ІІІ. Өткенді пысықтау.
«Сиқырлы сандар» ойыны.
Сандарды біртіндеп ашамыз.

1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?

6. Бастауыштан кейінгі қойылатын сызықша қай кезде қойылады? Мысал келтір.

ІҮ. Негізгі бөлім.

Сабактың такырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
1. Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Білім еліне саяхат» жасаймыз.

Саяхат кезінде бірнеше қақпалардан өтеміз., бірақ әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы қақпаларды ашып, келесі қақпаларға барамыз. Саяхат кезінде сендердің толық жауап берулерің және көркем жазуларың талап етіледі. Саяхатқа шықпас бұрын дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. (Оқулықпен жұмыс)
2. «Білгірлер» қақпасы (жабық қақпаның суреті)
Бұл қақпаның тапсырмасы екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. Қай бағандағы сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер бар.

Мұз қатты. Өзенге мұз қатты .

Есік ашылды. Есік айқара ашылды .

Бұлбұл сайрады. Бақта бұлбұл сайрады.

Жазушы жазды . Жазушы қызықты әңгіме жазды.

(Ашық қақпаның суреті шығады)

3. «Ойшылдар» қақпасы. ( жабық қақпаның суреті)

Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу, сөйлем мүшелеріне талда.

Қарға қарқылдады, Суретші бояды. Асқар келді. Мұғалім мақтады. Ұшақ ұшты.


Оқушылар орындарында сөйлем құрайды, бірнеше оқушы оқып талдайды.
(Ашық қақпаның суреті шығады)
4. Сергіту сәті.
5. «Тапқырлар» қақпасы. (жабулы қақпаның суреті!)
Әр топқа ішіне-сыртына парағы таратылады.Ішіне жалаң сөйлемді,сыртына жайылма сөйлемді жазады.Топпен жұмыс

Ішіне Сыртына

Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем

Бағдаршам жаңды. Демалыс күні анам

Оқушы жазды. дәмді бауырсақ пісірді.

Нүргүл сырғанады. Қыста жер ақ қарға оранады.

Жаяу адам соқпақ

жолмен жүреді.

(Ашық қақпаның суреті)
6. «Алғырлар» қақпасы. (жабулы қақпаның суреті)

Суреттерді толықтырып жаз.(тақтамен,дәптермен жұмыс)

(Ашық қақпаның суреті) шығады
ІҮ. Қорытынды.
3топ.Әр топ 1 жалаң сөйлемнен,1жайылма сөйлемнен құрастырып,мысал келтірейік.

Ү. Үйге тапсырма. 4- жаттығу
ҮІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал