- Учителю
- ӨТкенді қайталау 4 сынып
ӨТкенді қайталау 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:1. Көп таңбалы сандармен есептеуге, шама кестесіне
қатысты білімді жүйелеу, қозғалысқа берілген
есептерді шығару дағдысын тиянақтау.
2. Есте сақтау, логикасын дамыту
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, достық қарым-
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы күн қонақтар
Қадірлі күн достарым
Психологиялық дайындық
Мұғалім оқушылар
-Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің ? Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса балалар, бүгінгі ашық сабағымызды бастайық, әрбір сөзге мұқият болайық.
Ал, бабалар тақтаға назар аударыңдар, мына сандардың астында әріптер жасырынып тұр. Егер сендер менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер, келген қонақтарға жылы лебізімізді білдіреміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Бірлік күні
1. Ғасырдың ¼ бөлігі өтті. Бұл неше жылға тең? 25 жыл
2.100000санының жартысы нешеге тең? 50000
3.Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?
4.Егер жарты шелек су 4 л болса, толы шелекте неше литр су бар? 8 литр
5. Триодағы адам санынан 22 есе артық 66
6. 10 000-ді 0-ге көбейткенде 10 000 шығады.жоқ 0 болады
7. Циркульдың көмегімен қандай фигура сызады? шеңбер.
8. Бір үйде 2 қызы, 2 анасы, 1 әжесі тұрады. Үйде неше адам бар? 3 адам
9.Бір тәулікте неше сағат бар. 24сағат
10.«Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым ?» кімнің сөзі?
Бірлік туралы ассоциация құру
Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Топпен жұмыс жүргіземіз.« Достық», « Ынтымақ», « Бірлік » тобы болып бөлінеміз.Әрбір топ басшысы болады.Сол топ басшысы бағалау парағына бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
-Біздің мемелекетіміз көп ұлтты мемелекет екенін білеміз.Олар бүгінгі біздің сабағымызға тапсырмалар әкеліпті.Сол тапсырмаларын дұрыс орындасақ , оларға өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп, « Достық шаңырағына » жинаймыз.
-Балалар, бірінші бізге өз тапсырмасын орыс халқы әкеліпті.Бұл тапсырманы орындауға топ басшыларын шақырамын.
695*50*2 500*763*2
605*4*25*2 20*806*50
67001*50*20 30304*2*5
-Жарайсыңдар топ басшылары , сендер міне орыс халқын Достық шаңырағына қарсы алдыңдар.Ал келесі тапсырма қырғыз халқынан екен.Топ басшылары бұл тапсырмаға кімдерді шығарасыңдар?
12 км2 -10м2 7дм3+ 8 см 3
25 м 2- 50см 2 6м2 + 16 дм2
60м3+ 16см 3 50 км 2 -5 м 2
96м 3+ 60 см 3 12 см 3-10 мм3
-Жарайсыңдар , міне Достық шаңырағына қырғыздар да қосылды.Бізбен шекаралас өзбек халқы да өз тапсырмасын әкеліпті.
Екі әуежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі ұшақ әуеге көтерілді.Олар 2 сағаттан кейін кездесті.Бірінші ұшақтың жылдамдығы 600 км\сағ , ал екінші ұшақтың жылдамдығы 800 км\сағ.Екі әуежайдың арақашықтығын тап.
Арақашықтығы 840 км екі қаладан бір уақытта бір- біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шықты.Бірінші пойыздың жылдамдығы 100 км\сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы 110км\сағ.Пойыздар неше сағаттан кейін кездеседі?
Екі айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта қайық пен кеме шығып , олар 5 сағаттан кейін кездесті.Қайықтың жылдамдығы 12 км\сағ , ал кеменің жылдамдығы одан 5 есе артық.Екі айлақтың арақашықтығын тап.
-Жарайсыңдар , балалар, міне біздің Достық шаңырағымызға Өзбек халқы да қосылды.
-Ал келесі ұлттың тапсырмасы ,сендерге ұнайтынын мен сезіп тұрмын.Қытай халқы сендерді сергіту сәтіне шақырады.
СЕРГІТУ СӘТІ
-Қытай халқы да біздің Достық шаңырағымыздың қонағы болды.
-Ал татар халқы бізге геометриялық тапсырмалар әкеліпті.
Тіктөртбұрыштың ауданы 36 см2 , ал оның бір қабырғасының ұзындығы 9 см .Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Ұзындығы16 см ,ені одан 4есе кіші тіктөртбұрыштың ауданын тап.
Қонақбөлменің ауданы 135 м 2 , ал ұзындығы 15 м.Қонақ бөлменің енін тап.
-Тамаша, Татар халқына да қонақжайлылығымызды көрсеттік.
Балалар, келесі ұлт өкілдерінің тапсырмасы ерекше болайын деп тұр. Себебі бұл ұлт өкілдері логикалық тапсырма ала келіпті.
Белорус
Қорытындылау:
-Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына жинадық.Қалай ойлайсыңдар, не себептен?
-Бұл қандай мереке?
-Ендеше бұл мерекенің символы көгершін құсын аладарындағы қағаздан жасап, өз тілегімізді жазайық.
-Жарайсыңдар , енді бұл құстарыңды тілектерін орындалсын деп, үйге апарып, іліп қойыңдар
Бағалау
Топ басшылары бағалау парақшасы арқылы әр баланы бағалайды.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Ауызша есептеу
Тиімді тәсілмен есептеу
Шама
ларды есепте
Есепті шығар
Геомет
рия
лық тапсырма
Логика
лық тапсыр
ма
Қорытын
ды баға
баға
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Ауызша есептеу
Тиімді тәсілмен есептеу
Шама
ларды есепте
Есепті шығар
Геомет
рия
лық тапсырма
Логика
лық тапсыр
ма
Қорытын
ды баға
баға
Жұмыс дәптері
Тиімді тәсілмен есептеу
695*50*2 500*763*2
605*4*25*2 20*806*50
67001*50*20 30304*2*5
Шамаларды есепте
12 км2 -10м2 7дм3+ 8 см 3
25 м 2- 50см 2 6м2 + 16 дм2
60м3+ 16см 3 50 км 2 -5 м 2
Есепті шығар
Екі әуежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі ұшақ әуеге көтерілді.Олар 2 сағаттан кейін кездесті.Бірінші ұшақтың жылдамдығы 600 км\сағ , ал екінші ұшақтың жылдамдығы 800 км\сағ.Екі әуежайдың арақашықтығын тап.
Арақашықтығы 840 км екі қаладан бір уақытта бір- біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз жолға шықты.Бірінші пойыздың жылдамдығы 100 км\сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы 110км\сағ.Пойыздар неше сағаттан кейін кездеседі?
Геометриялық тапсырма
Тіктөртбұрыштың ауданы 36 см2 , ал оның бір қабырғасының ұзындығы 9 см.Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Ұзындығы16 см ,ені одан 4есе кіші тіктөртбұрыштың ауданын тап.