- Учителю
- БжС технологиясынан ашық сабақ 'Табиғат құбылыстары'
БжС технологиясынан ашық сабақ 'Табиғат құбылыстары'
Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға табиғат құбылыстары туралы меңгеру, тиянақтау.әрі жетілдіру.
2.Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру,танымдық белсендіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
3.Қоршаған ортаны аялауға баулу, сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ -жауап,ой қозғау.
І.Ұйымдастыру.
Қане түзу тұрайық,
Назарымызды маған аударайық.
Сабаққа жақсы қатысып,
Тек бестік баға алайық.
-
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін футбол командалары Астана және Барселона жарысады.Сендердің командаларын Барселона , ал мениң командам Астана.Сендер жеңіске жетесіңдер, егер 63℅ құрап, әр кезең сайын 13 оқушы 4,5 деген баға алса. Ал ол ООМ бойынша бағаланады. Бүгінгі танысатын тақырыбымыз «Табиғат құбылыстары»
-
Ортаға Көшбасшыны шақырайық.
Біздің сынып тамаша
3 «Ә» тек алға! (Хормен)
ІІ.Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздер
-Бүгінгі күнді жазу
-Слайдқа назар аудару.
Күн
Сел
Жел
Қар
Аяз
Табиғат
Жауын
30 сек есте сақтау,30 сек жазу.6,7 сөз жазғандарды матрицаға + таңбасымен белгілеу.
ІІІ. Ұғынуды ұйымдастыру.
-Балалар мәтінің 40 бетін ашамыз.Берілген мәтінді 6минутта мұқият оқимыз, себебеі бұл мәтін бойынша сұрақтар қоямын.
Қарама-қарсы сұрақтар.
-
Қандай табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір мезгілінде болады?
-
Жыл мезгілдерін ата?
-
Көктем мезгілдерінің айларын ата?
-
Жапырақтар не себепті сарғаяды?
-
Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
-
Ағаштың жапырақтары қай мезгілде түседі??
-
Ағаш жапырақтары қай мезгілде жасыл желекке бөленеді ?
-
Жыл құстары күз мезгілінде қайда ұшып кетеді??
-
Табиғатта ауа райын қалай бақылаған?
-
Қарлығаш жер бауырлап ұшса нені білдіреді?
-
Табиғат апаттарына не жатады?
-
Табиғат құбылыстарын ата?
-
Табиғат дегеніміз не ?
-
Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
-
Қыс айында қандай құбылыстар болады?
-
Күз айында қандай құбылыстар болады?
-
Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра ала ма?
-
Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажетіне пайдалана алады?
-
Жаз айында қандай құбылыстар болады?
-
Көктем айында қандай құбылыстар болады?
-
Жылдың неше мезгілі болады?
-
Жауын-шашын қай мезгілде көп болады?
-
Қандай жыл құстарын білесің?
-
Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
-
Жыл мезгілдерін ретімен айт?
Құтқару шеңбері (қосымша сұрақтар)
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздiжазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары:
-
Қыстан кейін жапырақтар сарғайып түседі
-
Не себепті қоян қысқы ұйқыға кетеді?.
-
Сел, жаңбыр, аяз, дауыл - бұл табиғат құбылыстары ма?
-
Құстар көктемде қайтып келеді.
-
Жаз мезгілінде боран соғып,жаңбыр жауады
-
Тас, аң, құс -бұл табиғат құбылыстары
-
Күн күркіреп, найзағай соғу табиғат құбылысына жатады
-
Табиғатта мүлдем өзгерістер болмайды
-
Табиғатта болатын барлық өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады
-
Шығыс жаққа күн батады
-
Кез-келген зат тастан тұрады
-
Қыс айында жаңбыр жауады,гүлдер гүлдейді
-
Күз айы жауын -шашынды болады
-
Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра алады.
-
Адам жауын-шашынды өз игіліктеріне пайдалана алады
-
Жаз айында қар жауады.
-
Көктем айында қар еріп ,жер көгереді.
-
Жылдың үш мезгілі бар.
-
Жауын-шашын күзде көп болады
-
Өсімдік өлі табиғатқа жатады.
-
Адам тірі табиғатқа жатады.
-
Көгершін , торғай, сауысқан жыл құстары
-
Көктем айында құбылыстар мүллдем болмайды
24. Ауа температурасын термометрмен өлшейді
V.Сөздік қоры. 5 минут
VI.Қорытынды. Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма