7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәні тақырыбы: 'И, й, у әріптерінің жазылуы' /сабақ жоспары/

Қазақ тілі пәні тақырыбы: 'И, й, у әріптерінің жазылуы' /сабақ жоспары/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: 2-сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке айтылуының себептерін анықтау; и және й дыбыстарын салыстыру у дыбысын жұп дауысты ұ, ү дыбыстарынан сөз ішінде айыра біліп, дұрыс жаза білуді үйрету.

Сабақтың әдістері: «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Семантикалық карта» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Оқушылар санына сәйкес дауысты (жуан, жіңішке) дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) кеспе әріптер үстелдің үстіне теріс қаратылып жайылып қойылады. Әр оқушы бір әріптен алып өзіне тиісті орынға барып отырады. Оқушылар дыбыстардың түрлеріне қарай бөлініп отырады. Тақырыптар бойынша өткен материалдар қайталанады

1-топ. Жуан дауысты дыбыстар. Қолдарындағы әріптерді қатыстыра отырып, жуан айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жуан айтылу себебін түсіндіреді

2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар. Осы дыбыстарды қатыстырып жіңішке айтылатын сездерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жіңішке айтылу себебін түсіндіреді.

3-топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар. Бұл топ бірнеше сөз тауып жазып, олардың ішіндегі қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды. Олардың қатаң деп айтылу себебін түсіндіреді.

4-топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар. Бұл топтағылар да мысалға келтірген сездердегі ұяң дыбыстарды атайды.

5-топ. Үнді дауыссыз дыбыстар. Мысалға келтірген сөздердегі үнді дыбыстарды атайды.

Мұғалім осы дыбыстардың ішінен и, й, у дыбыстарына жеке тоқталып, осы дыбыстардың ерекшеліктері бойынша 2-сыныпта еткендерін айтып, оқығандарын еске түсіреді. Топтарға төмендегі тапсырмалар беріледі.

1-топқа тапсырма. И және й әріптері бар сөздер.
Бағандарды салыстырып, айырмашылықтарын табу:
киін-кейін қима-қайық

тиме-түйме сиыр - сойыл
биле-бейне жина-жайна

Оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс. Й әрпі -дауыссыз, ол тек дауысты дыбыстан кейін жазылады. И, й дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуына байланысты. И - буын құрайды, й - буын құрамайды. Егер оқушылар толық қорытынды жасай алмаса, мұғалім жетекші сұрақтар қояды.

2-топқа тапсырма. Й әрпі дауысты дыбыстан кейін жазылады дейді, дегенмен й әрпінен басталып жазылатын сөздер бар ма? Йод, йогурт, Йемен сөздерін мысалға келтіріп, олардың шет тілдерінен енгенін түсіндіріп кетуге болады.

И мен й дыбысының ерекшелігін түсіну үшін келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.
Жазылуы Айтылуы

Биыл быйыл

Киім ...

Оқиды ...

Жиын ...

Оқушылардың қорытындысы: и дыбысының алдында ы мен і дыбысы айтылады, бірақ жазылмайды.

3-топқа тапсырма. Сый, тый сөздерінен қандай сөздер тарайды? Бұл сөздер қандай ережеге бағынбайды? Бірнеше сөз жазыңдар.

Сыйла тыйылды

сый тый

... ...

... ...

4-топқа тапсырма. Келесі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.

Жазылуы Айтылуы

жу жұу

келу келіу

тасу ...

желпу ...

уәде ...

уақыт ...

Оқушылар мынадай қорытынды шығаруы керек: у дыбысы көбінесе дауыссыз дыбыстан кейін келеді. Ол сөздің жуан, не жіңішке болуына байланысты - ыу, іу болып айтылады.

5-топқа тапсырма. Мына сөздерді буынға бөл. У дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықта.



Уыз

астау

Уақыт

Ауыз

қыстау

Умаждады

Қауын

жусан

Уілдеу

Оқушылардың қорытындысы: у дыбысы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауысты дыбыс болады.

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуды орындағаннан кейін, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыртуға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды. Содан кейін топ мүшелері бірін-бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.



И

Й

І.Дауысты дыбыс.

2.Дауыссыз дыбыстан кейін

жазылады.

І.Дауыссыз дыбыс.

2.Әріптік таңбасы бар.

З.Сөздердің ішінде кездеседі.

3. Сөздің басында көп

кездеседі.

4.Буын құрайды.

5. Айтылуында и дыбысының

алдында -ы,-і дыбысы

естілгенімен, жазылмайды.

б.Тек тый,сый сөздерінде ы

әрпі жазылады.

4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.

5. Дауысты дыбыстан кейін жазылады.

6. Шет тілдер енген сездердің ғана басында келеді.
7.Буын құрамайды.

Содан соң 2-жаттығу орындалады. Тый, сый сөздерінен таралған сөздерді қай топ кебірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастыруға болады. Ол үшін «топтастыру» стратегиясы пайдаланылады.

3,4-жаттығуды орындау арқылы оқушылар у дыбысының дауысты, дауыссыз және кейде жуан, кейде жіңішке болу себептерін анықтайды. Берілген сездерге у әрпін жалғау арқылы ы, і дыбыстарының түсіп қалатынына көздерін жеткізеді.

5-жаттығу арқылы балалар й әрпі сөз басында келетін шет тілінен енген сөздермен танысады, оларды дұрыс жазып үйренеді.

Ой толғаныс

Семантикалық карта толтыру («+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады).

Дауысты

Дауыс-

сыз

жуан айты-

лады

жіңішке айтылады

сөз басында

сөз ортасы- да

сөз соңында

и


й


у



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал