- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Зат есімнің септелуі'
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Зат есімнің септелуі'
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Мақсаты: зат есім туралы алған білімдерін нақтылау, жинақтау. Септіктерді қайталай отырып, теорияны практикада қолдана білу дағдыларын тексеру. Зат есімге тән категорияларын табу. Оқушыларды топпен және жеке жұмыс жасауға дағдаландыру. Ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу
Түрі: аралас, қайталау, бекіту сабағы
Әдіс-тәсілі: кубизм, топтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Технологиялар: модульдік оқыту, сто, түсіндіре басқарып оқыту
Көрнекілігі: интерактив тақтасы, карточкалар
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану
Жаңа ақпараттық технология: интерактив тақтасы Aktiv studio бағдарламасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)
-
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру
-
Қазақ тілі туралы ой-түйінділер. Мысалы: бір оқушы «қазақ тілі - қазақ халқының жаны мен тәні»
Үй жұмысын тексеру (5-7 минут)
Оқушылардың үй жұмыстарына зат есімнің септіктерін жаттау болды.
Тақтаға келесі зат есімдер жазылады: баланы, қонақта, үйден, мұғаліммен, қалаға, қаламның,; тиіннің, қағазға, дүкенде, күннен, өмірді, түнде.
Тапсырма: сөз құрамына талдап, септіктердің жалғауларын ата
Негізгі бөлім(20-25 минут)
Психологиялық дайындық
Мұғалім оқушылардың үстеліне карточкалар шашады. Ол карточкаларды топтау керек.
Мұндағы сөздер; өткен шақ, жіктеледі, келер шақ, көптеледі, мезгіл, сын-қимыл, мекен, осы шақ, септеледі, жіктеледі.
Неге солай топтадыңдар? Сұрағына жауап бер. Жіктеледі, септеледі, тәуелденеді, көптеледі. Неге солай топтадың?
Олар: Зат есімге тән категория
Олай болса бүгін біз сабақта зат есімнің септелуі тақырыбын бекітеміз.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
«Көбелекті гүліне қондыр» тапсырмасы
Интерактив тақтасында септіктер-гүлдер ілініп, көбелектер-сұрақтары, көбелекті гүліне дұрыстап қондыр.
Жаттығу орындау-оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу 104-105бет
2 жаттығу
Интерактив тақтада кесте сызылады, онда септіктер жазылады. Кестенің астында керекті сөздер: тауда, аспаздықты, балуанның, батырға, айтыста, балмұздақты, бақшада, бәйгеде, дойбышыға, ертегіні, ақынмен, қарияның, жерден, таудан, аяздан, көлікпен, трактормен, инемен
3 жаттығу ауызша
Сергіту сәті
«Қайталай ғой» ойыны ойналады.
«Ұйқасын тап» ойыны
Ағаш-жапырақ
Футбол-стадион
Мектеп-оқушы
Кесе-ыдыс
Көйлек-киім
Балық-өзен
Бөлме-үй
Автобус -жол
Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту
Кубизм әдісін қолдану:
-
Адам сөзін септе(ауызша)
-
Қай септіктің жалғауы жоқ(І.с)
-
Кіммен?немен? қай септіктің сұрағы(К.с)
-
«Қалам» сөзін септе
-
Ға,ге, қа, ке - қай септіктің жалғауы
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
Бағалау
Рефлексия
Оқушылар бір-бірін бағалауға үйренеді
Үйге тапсырма
Әр септікке үш мысалдан құрастыр