- Учителю
- Сабақ жоспары 1 сынып 'Ж дыбысы мен әрпі'
Сабақ жоспары 1 сынып 'Ж дыбысы мен әрпі'
Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ж ж дыбысы мен әрпін таныту.. Ж ж дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік , топтастыру, «ой қозғау» стартегиясы
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуанам!
Сабақтың ережесі:
1.Тыныштық сақтау
2.Бір -бірін тыңдау
3. Ойды ашық айту.
4.Жауапты толық айту.
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
- Балалар өткен сабақта қандай әріппен таныстық.
- Ы қандай дыбыс?
- Ішінде Ы дыбысы кездесетін сөздер айтайықшы.
Оқулықтың 68 - бетінде берілген сөздерді тізбектей оқыту.
Жаңа сабақ.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Жұмбақ шешу.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (жапырақ)
- Балалар, жапырақ сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
-Дұрыс - ақ, балалар, біз бүгінгі сабақта Ж ж дыбысы және әрпімен танысамыз.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс.
Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен Ж ж дыбысынан бас талатын сөздерді тапқызу.
Жаға, жуа, жасыл, жапалақ.
Оқулықпен жұмыс.
Жолбарыс, жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау.
Ж ж дыбысына анықтама беру.
Ж ж − дауыссыз дыбыс.
Ж ж дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
Буындардан сөз жасау.
Осы буындардан сөйлем құрау.
ЖА ЖО ЖУ
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
Жаға жалау жота жантақ жуан
(киімнің () (шөп) (заттың көлемі)
судың )
Жаса жасау жуа жусан жуас
(орында) (орындау) (көкөніс) (шөп) (тентек емес)
Сергіту сәті.
Жаңылтпаш айту.
Жағажай,жағажай,
Жағажайда Қамажай.
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
Мәтінмен жұмыс.
«Жусан»
Мәтінді буындап оқу.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын айтқызу.
Жазу үлгісімен жұмыс.
Ж ж дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Байланыстыра жазу.
Ауада жазу.
Дәптермен жұмыс
Ж Жамбыл Жарас
ж жаға жалау жусан
2 - сабағы.
Психологиялық дайындық.
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Сабақ оқып үнемі
Ылғи бестік аламыз.
Сабақтың ережесі:
1.Тыныштық сақтау
2.Бір -бірін тыңдау
3. Ойды ашық айту.
4.Жауапты толық айту.
Балалар, біз бүгін бірінші сабағымызда Ж дыбысмен танысып, Ж әрпін таңбалауды үйрендік.
«Топтастыру» стратегиясы.
Ж дыбысынан басталатын сөздерді топтастыру.
Оқулықпен жұмыс.
Олай болса, балалар, кітабымыздағы жаңа сөздермен танысайық.
(хормен оқыту)
Жаңа сөздер тізбегімен жұмыс.
Жауын жарыс жылқы жарғанат
(табиғат (төрт түлік) (құс)
құб.)
Жауап жарық жорға жапалақ
Жақсы жасыл Жамал Айжан
Жаман жайлау Жамбыл Олжас
Бағандағы сөздерді оқу, талдау, буын санын анықтау. Сөйлемдер құрату.
Мәтінмен жұмыс.
«Жарыс»
Мәтінді буындап оқу.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын айту.
Қима қағаздармен жұмыс.
Оқушыларға суреттер бейнеленген қима қағаздар үлестіріледі.
1) 3 - 4 оқушыға тақырыптық суреттер беріліп әңгіме құрату.
2) 3 - 4 оқушыға жеке суреттер беріп Ж-дан басталатын сөздерді табу.
Суретпен жұмыс.
Суреттен не көріп тұрсыңдар? Пікір білдір.
Сергіту сәті.
Ноутбуктен әуен қосылып, оқушылар би қимылын жасайды.
Дәптермен жұмыс.
Оқушыларды тақтаға шығарып сөздер жаздыру, қалған оқушылар дәптерлеріне көшіріп жазады.
Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық.
- Ж қандай дыбыс?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
Кері байланыс.
Олай болса, бүгінгі сабақ туралы пікірімізді смайликтер арқылы білдірейік.
Ұнаған жоқ. Ұнады.
Оқушы білімі мен белсенділігін мадақтау.