7


  • Учителю
  • План урока по самопознанию на тему 'Күш бірлікте' 2 класс

План урока по самопознанию на тему 'Күш бірлікте' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектеп: Қазақ бастауыш мектебі Мерзiм: 23.11.2015 Сабақ № 15
Тақырып: Күш бірлікте
Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Бірлік, сүйіспеншілік, қамқорлық, ұйымшылдық.
Мұғалiм: М.Т.Шаменова Cынып: 2 «ә» Оқушылар саны: 13


Сабақ мақсаты: Бірлік сөзінің мағынасын тереңінен ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
1. Білімділік: оқушылардың сүйіспеншілік, қамқорлық туралы ұғымдарын кеңейту және нақтылау.
2.Дамытушылық: ұйымшылдық қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: тату - тәтті өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. 5 «Т» ережесін сақтауын өтіну.


Тыныштық сәті. № 1 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру.
59 - 61беттегі «Ырыс алды - ынтымақ» аңыз әңгімені оқып келу.

  1. Қария балаларына бірлік мәнін қалай ұғындырды?

  2. «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  3. Тату - тәтті өмір сүру үшін не істеу қажет?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.
«Татулық - табылмас бақыт» (халық мақалы)

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4 рет айтып шығады)

  1. Татулық пен достық бір нәрсе ме?

  2. Бақытты болу үшін өзге адамдармен қандай қарым-қатынас жасауың қажет?

оқулық 63 бет

«Күш бірлікте» шағын бейнебаян тамашалау

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жануарлардың аман қалуына не көмектесті?

Әңгiмелеу
«Өмірлік сый»

Б.Грасианның ізімен

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы - сіңлілісіңдер ғой, бір - біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандықтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы да келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек. Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті - ақ!

Амина: Сіңліңнің саған деген қарым - қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы - әпкеммен ойнау.

Анасы: Сендер бір - біріңмен тату, бірлікте өмір сүру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?

Сұрақ:

  1. Апалы- сіңлілер неге керісе береді ?

  2. «Әпкең мен ағаң - өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  3. Анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

оқулықта 61-62 бет

Шығармашылық жұмыс:

Досың көп болуы үшін қандай амалдар жасауымыз қажет, сөздің әр әрпіне дұрыс әрекеттердің түрлерін жазу.

І топ тапсырмасы: «Татулық»

ІІ топ тапсырмасы: «Бірлік»

ІІІ топ тапсырмасы: «Достық»


маркер, сөздері жазылған қағаз, үнтаспа әуенмен

Үй тапсырмасы.

  1. Дәптерде № 15 сабаққа берілген тапсырманы орындау.

  2. 65 беттегі «Бата» А.Естеновтың өлеңін жаттау.

оқулық

Топпен ән айту.

«Достық» әні

  1. Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

  1. Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

  1. Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

үнтаспа

Соңғы тыныштық сәтi.

(Баяу музыка ойналыптұрады)
Мұғалім:- Балалар, бәріміз көзімізді жұмып
тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы
әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге
орналастырайық.Сіздерге көп рахмет!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал