- Учителю
- Математика 1 сынып 'Кері есептер үштігін шығару'
Математика 1 сынып 'Кері есептер үштігін шығару'
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер үштігін шығару.
Сабақтың мақсаты: а) Кері есептер үштігін құрастыру, кері есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. б) Ауызша есептеу үшін сандар қатарын еске түсіру.
в) Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару. ІІ. Өткен сабақтарды пысықтау.
Ойын «Көршілерін ата.»
-
6 санының көршісін ата
-
50-дің көршісін ата.
-
70-тің көршісін ата.
-
9- дың көршісін ата.
-
8-дің көршісін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Ауызша жұмысқа арналған.
№2. Кері есептерді құрастыру және шығару.
-
Дәптермен жұмыс
№
-3 +2 -5
6
5
8
7
+3 -4 +1
6
4
7
51
№2 Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр және оны шығар.
а) Нәркес- 5
Қызғалдақ -? 3-еуі артық.
5+3=8
Жауабы: 8 қызғалдақ.
ә) Қызғалдақ-8
Нәркес-? 3-еуі кем.
8-3=5
Жауабы: 5 Нәркес.
б) Қызғалдақ-8
Нәркес-5 ? кем
8-5=3
Жауабы: 3-еуі кем.
№3. Өрнектерді салыстыру.
№4. Теңдеу шешу кезінде белгісіз компонентердің табу ережелерін айтып отыруы маңызды.
Сергіту сәті:
Күн шықты,
Жел соқты, УУУ.
Жаңбыр жауды себелеп
Жаңбыр басылды
күн ашылды.
ІV. Қорытындылау.
Өзіндік жұмысты орындау. Білім бекіту.
-
Сандарды цифрмен жаз.
4 ондық...... 3 ондық...........
8 ондық.......... 6 ондық............
2. Өрнектерді жазып олардың мәнін тап.
азайғыш 4, азайтқыш 1..............................
азайғыш 6, азайтқыш 5.............................
азайғыш9, азайтқыш 5..............................
-
Топтық тапсырма. теңдеуді шеш
а+20=90 х-5=3 80-у=20
Бағалау. Мадақтау.
Оқушыларға тексертіп, өздеріне бағалату.