7


  • Учителю
  • Конспекти Тәрбие сағаты на тему 'Ана тілім айбыным'

Конспекти Тәрбие сағаты на тему 'Ана тілім айбыным'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ана тілім - айбыным!
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! - деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.

Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі болды.

Мұғалім сөзі:
Туған елім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! - деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл - біздің тұтастығымыз", "Тіл тағдыры - ел тағдыры" деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл - таусылмайтын байлық.

Тақпақтар

Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді.


Ана тілім, қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.

Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

Ана тілім - анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

Ана тілім -елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

Ана тілім - тірегім
Ана тілім - жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.



VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу - биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)


Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

24- қыркүйек күні, мұсылмандардың ең ұлық мерекесі - Құрбан айт басталады.

Үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз - Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсетеді.

Алладан ізгі тілектер тілейді. Шелпек салып, бақилық болған ата-бабаларының, жақындарының рухынақұран бағыштайды, берекесі мол дастархан жайып, «Құрбан айт құтты болсын!», деп бір-бірінің үйіне айттайды.

Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз - намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені…», - деген.

Сондықтан Құрбан айт таңы атысымен-ақ исі мұсылман баласы ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін, әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, айт намазын оқу үшін мешітке барады. Намаз аяқталған соң мереке өзінің барлық сән-салтанатымен имандылық думанына айналады. Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылады. Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, «Айт құтты болсын!» айтысады.

Негізінен айт - Ислам дінінен бұрын ежелгі Араб елінде дүние келген. Кейін асыл дініміз мұны діни дәстүрге, мұсылмандардың ең ұлық мерекесіне айналдырып, айрықша нұрландырды.

- Құрбандыққа шалынатын мал турасында айтып берсеңіз.

- Кез-келген мал құрбандыққа жарамайды. Әдетте құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар шалынады. Ал үйрек, қаз, тауық, күркетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса, құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет.

Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады. Малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек.

Құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызады. Оны бауыздамай тұрып ниет етіп, бірнеше аят оқылады. Ал оларды білмегендер: «Иә, Аллаһ тағалам, досың Ибраһим, сүйіктің Мұхаммедтен (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) қабыл алғаныңдай, менен де қабыл ала гөр!» деп, «Аллаһу акбар!» мен «Лә иләһаиллаллаһты» айтады. Құрбан шалғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек. Малдың қан-жынын ашық-шашық далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн. Бұл - құрбандық малына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.

Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Жарықтандыру жүйесі нашар орындарда түрлі қателіктерге жол бермеу үшін түнде құрбандық шалу мәкрүһ болып саналады. Ал жарықтандыру мүмкіндігі жеткілікті жерлерде түнде де құрбандық шалына береді. Құрбан айтқа арнап алынған мал құрбан айтта бауыздалмаса, малдың өзін садақа ретінде атау қажет. Әртүрлі себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады.

Бай болсын, кедей болсын Құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату- мұстахап. Бір бөлігі - туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және отбасында адам саны көп болса, онда құрбандықтың етін түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер», деген.

- Жамағатқа айтар тілегіңіз.

- Табалдырығымызды аттағалы отырған Құрбан айт мерекесімен барша мұсылман қауымын шын жүректен құттықтаймын! Жаратқан Ием құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Қасиетті орындарда қажылық парыздарын өтеп жүрген бауырларымызға дін аман елге оралуды жазсын. Әумин!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал