- Учителю
- Постановка сказки 'Теремок' на казахском языке
Постановка сказки 'Теремок' на казахском языке
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№1 Новоишим орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өтілген онкүндік аясында
2 сыныптарға арналған
«Үйшік» ертегісінің қойылымы
дайындаған Әлібаева Д.Ә.
Новоишим селосы
2015-2016 оқу жылы
«Үйшік» ертегі
Автор: Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап:
Тышқан: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Автор: - деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: - Кел, бірге тұрайық.
Автор: Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
Қоян: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Тышқан: - Кел, бірге тұрайық.
Автор: Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: - Мен қу түлкімін!
Тышқан: - Кел, бірге тұрайық.
Автор: Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
Қасқыр: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: - Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: - Мен сұр қасқырмын!
Тышқан: - Кел, бірге тұрайық.
Автор: Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
Аю: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп ақырады.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: - Мен қу түлкімін!
Қасқыр: - Мен сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
Аю: - Мен қорбаңбай аюмын!
Тышқан: Кел, бірге тұрайық.
Автор: Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю: Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бақа: Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой,
Аю:- Қорықпаңдар, түк те болмайды.
Автор: Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр - барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.
Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.