- Учителю
- Конспекты по казахскому языку на тему 'Тұрақты сөз тіркестері' (4 класс)
Конспекты по казахскому языку на тему 'Тұрақты сөз тіркестері' (4 класс)
«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Джанбирова Тоғжан Адиловна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға тұрақты сөз тіркестері туралы білімдерін тереңдету. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып,еркін тіркес пен тұрақты тіркес айыомашылығын ажырата білу.. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңабілім беру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Тұрақты сөз тіркестері.
1. Мына сөздерге тиселі тұрақты сөз тіркестерін тауып айтындар:
Қараңғы, алыста,қорықты, жуас,тыңдамады.
Ережесі:
2. Тұрақты сөз тіркестері тұтасып,бірнеше сөз бірігіп,бір ғана мағынаны білдіреді.
Тұрақты сөз тіркестерін бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру..
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.)
Жай тіркестер мен тұрақты сөз тіркестерін ажырату.
Ит өлген жер- ит өлді
Төбе шашы тік тұрды- шашын кес
Он саусағынан бал тамған-бал же
Тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңдар.
-Әр сөзде бір-бірімен байланыс бар ма?
-әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?
-құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға бола ма?
26−жаттығу. Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Жұптап жаз.
Алға-артқа. «әдемі» сөзінің орнына тұрақты сөз тіркесін қойып көрейік:
Ай десе аузы бар,күн десе көзі бар. Немесе Үріп ауызға салғандай.
-қалай ойлайсындар?
-неге?
. Тақтадағы жазылған тұрақты сөз тіркестердің мағыналарын түсіндір
Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің бір ғана сұраққа жауап беретінін байқа.
Көзге ілмеу-қарамау
Аузына құм құйылды-үндемеу
Зәресі ұшу-қорқу
Көзді ашып жұмғанша-тез,жылдам
Тас жүрек-қатал
Оқушылар тұрақты сөз тіркесінің орнын жай сөзбен алмастырып сөйлем құрау
Тұрақты сөз тіркестері тілімізге не үшін қажет?( ол ойды кқркем,әсерлі жеткізуге көмектеседі)
27−жаттығу. Сөзжұмбақты шешіңдер: (Лезде) шыққан сөзді тұрақты сөз тіркесімен алмастырамыз.
Қосымша жұмыстар.
Әзіл аралас сұрақтар
Төмендегі сұрақтарға тұрақты сөз тіркестерімен жауап бер
-
Адамның төбесі аспанға жете ме?
-
Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
-
Адам өз көзіне өзі қалай қарай алады?
-
Екі аяқ бір етікке сия ма?
-
Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
-
Адамның қай жеріне нан піседі?
Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздерді тұрақты сөз тіркесімен алмастыр.
Асанның атасы кешке келді. Жарас өз қылығына қатты ұялды.Інім өте жуас.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 30-жаттығу. Ережелерді пысықтау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау