- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему Спорттық ойындар (3 класс)
Урок по казахскому языку на тему Спорттық ойындар (3 класс)
Қысқа мерзімді жоспар 17.03.2016 ж.1. Спорт түрлері тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру;
Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;
Оқушыларға спорттық ойындар туралы таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.
Оқыту нәтижесі
Спорттық ойындар туралы әңгімелей алады.
-
Жаңа сөздерді қолдана алады.
-
Сөздерді буынға бөліп, түрлерін ажырата алады, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Түйінді идеялар
Бір-бірінің пікірін тыңдайды
Есте сақтау және суреттермен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады
Бір-бірінің біліміне сын көзбен қарауға дағдыланады
Негізгі мақсаты
Жұппен жұмысты ұйымдастыру
Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау
Өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңесу,тақырыпқа сәйкес түсініктерін дамыту
Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру
Оқыту әдістері
Жеке жұмыс,жұптық талқылау,сұрақ-жауап,жазу,диалог
Сабақтың көрнекілігі
Интербелсенді тақта, дәптер,стикерлер
Тапсырмалар
1.Жаңа тәсілдер
2.СТО
3.Бағалау
4.оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
5. көшбасшылық
6. АҚТ
Жаңа сабақ.
1.Ұйымдастыру: психологиялық ахуал қалыптастыру:
Біз көңілдіміз.
Сабақ жақсы өтеді.
Бәрімізге сәттілік тілейміз.
2.Үй тапсырмасын қайталау.
Айтылым.
Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
Жанылтпашты жылдам айтып береді.
Жаңа сөздерді жатқа айтады.
-
ИТ суреттердегдегі спорттың түрлерін дұрыс орналастырады және сабақтың тақырыбын ашады.
Айтылым.
Жаңа сөздерді дұрыс оқып, айтады.
Сөздік:
спорттық ойындар- спортивные игры
қазақша күрес- борьба по казахский
шаңғы -лыжи
қысқы ойындар-зимние игры
жазғы ойындар-летние игры
Жазылым. жаңа сөздерді дәптерге жазады.
Оқылым. 128 беттегі, 1-тапсырмадағы мәтінді оқу.
Тілдесім. 2-тапсырманың сұрақтарына жауап беру.
1.Кеше мектепте не болды?
2.Жарысқа кімдер қатысты?
3.Олар не істеді?
Жазылым. Дәптермен жұмыс.
1.Сөздерді буынға бөліп түрлерін ажыратады.
Спорттық ойындар, футбол, шахмат, қазақша күрес, шаңғы, теннис, волейбол, баскетбол.
2.Сөзге дыбыстық талдау: ойындар.
Рефлексия.
Спорттық ойындардың қандай түрлері бар?
Бағалау критерийлері
Кері байланыс
Тақырып бойынша түсінігі
Білімін қолдана ала ма
Берілген тапсырмаларды жүйелі орындауы
Жұппен жұмыс жасау белсенділігі
Құрмалас сөйлем түрлерін ажырата алуы,салыстыра алуы
Өз ойын толық,сауатты жеткізуі
«Екі жұлдыз,бір тілек»
Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жаттау,