- Учителю
- ӘДебиеттік оқу пәніне 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Аққу, Шортан, һәм Шаян
ӘДебиеттік оқу пәніне 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары 'Аққу, Шортан, һәм Шаян
Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян. И.А.Крылов, аударған А.Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты:
-
Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау
-
Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру, тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану, талдау тапсырмаларды өмірдегі жағдайларға сай қолдана білуге дағдыландыру
-
Бірлік, келісім, ынтымақ туралы түсініктердің маңызын ашуға мүмкіндік беру
Сабақта қолданылатын стратегия: РАФТ, СТО, «Семантикалық карта»
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы;
Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, суреттеу, баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі
Сабақ жоспары:
1-сабақ
-
№
Кезеңдері
Уақыты
І
Ұйымдастыру
3 минут
ІІ
Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу
33 минут
ІІІ
Қорытынды
5 минут
ІҮ
Бағалау
2 минут
ҮІ
Үйге тапсырма
2 минут
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Тақтаға немесе плакатқа маркермен жазылған, толықтыруды қажет ететін мақал-мәтелдер ілінеді.
-
Бірігіп көтерген .......
-
Бірлік......тірлік.......
-
Бөлінгенді...........жейді
-
Ырыс алды - ............
Мақал - мәтелдер бойынша топтарға бөлініп отыру
Әр топ өз мақалдарын толықтырып жазып, оқуға дайындалу
Сол мақал-мәтел бойынша ойларын жазу
Кіші топта талқылап, әр топтан ұнағанын сынып алдында дауыстап оқуға шығару
Осы мақал-мәтелдерді мағынасы қарап бір сөзбен қалай айтар едіңдер?
ІІ Мағынаны тану
Тақырып тақтаға жазылып, тапсырма беріледі. Автормен, аудармашымен таныстыру, қысқаша тоқталып өту.
1-топқа:
Мысалды іштей оқу
Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу
2-топқа:
Мазмұнын түсініп оқу
Түсініксіз сөздерді теру
3-топқа:
Мазмұнын түсініп оқу
Өлең мазмұны бойынша қорытынды ой болатын шумақты іздеп табу
4-топқа:
Мазмұнын түсініп оқу
Сабақ басында жазылған мақалдар мен мысалдың байланысын түсіндіріп айту
Әр топқа мұғалім тосын сұрақтар дайындайды. Мысалы:
-
Аққу, шортан, шаян жүкті неліктен үш жаққа тартады?
-
Жүктің баратын жеріне жетпеуіне қайсысы кінәлі?
Сабақ басында жазылған мақал-мәтелдерге қайталап мән беру арқылы мысал идеясын ашуға талпындыру.
-
Мысалдың тілі мен мазмұны оқуға қиындық келтіруі мүмкін бе?
ІІІ Ойтолғау
1-топ - Жоспар құру
2-топ-мысалды суретпен бейнелеу
3-топ- өмірмен байланыстыру арқылы эссе жазу
4-топ-мысал туралы білентіндерін топтау арқылы түсіндіру
Немесе:
-
Бүгінгі тапсырмалар мен жұмыстарды сендер қалай орындайсыңдар?
-
Бірігіп, ақылдасып, топпен, бір-бірімізге көмектесіп орындадық.
-
Ендеше біріге отырып жұмыс жасаудың сендер үшін қандай жақсы, нашар жақтары бар екенін талдап көрейік. Оқушылардың ойлары тақтаға немесе плакатқа жазылады.
1.
2.
3.
Шығармашылық жұмыс
-
Ертегіні сахналап көру
Сұрақ - жауап арқылы ертегінің идеясына тоқталып, сабақты қорытындылау
Сабақты бекіту:
-
Біз бүгін қандай мысалмен таныстық?
-
Неліктен олардың шаруалары жүзеге аспады?
-
Қалай деп ойлайсыңдар, олардың істегендері дұрыс па?
Сабақты бағалау
-
Бүгінгі сабақта Амир бес алды, себебі ол барлық тапсырмаларды жақсы орындап, үй жұмысын да орындап келіп, мұғалім қойған барлық сұрақтарға жақсы жауап берді.
Үйге тапсырма беру