7


Жаңа жылғ арналған сценарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Баға, сан , құн шамалары Мақсаты: 1.Оқушыларға баға, сан, құн туралы түсінік беру,күнделікті өмірмен байланыстыру. 2. Оқушыларға экономикалық білім беру. 3.Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе ц
предварительный просмотр материала

2015 жылғы жаңа жылдық маскарад

« Шыршадағы қарақшылар»

Рөлде ойнайтындар:

Ақшақар Аяз Ата Алладин

Шахерезада Қарақшы қыз 1 қарақшы

2 қарақшы Жын Хоттабыч

Қой Жүргізуші

(Балалар жүргізушімен бірге музыка әуенімен әсем безендірілген залға кіреді)

Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлатындай жаңа бақыт.

Қой жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын Жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттықа тамсанайық.

Жүргізуші: Жаңа жыл бізге ертерек келсін десеңдер, әдемі шыршамызды айнала тұрып, ән айтайық.

1-ән Хоровод______________________________________________

Жүргізуші: Біз мерекемізді әсем әнмен аштық, ал бұл мерекеге қонақтарды шақыруға ұмытып кетіппіз. Жылда шыршамызға ертегі кейіпкерлері келуші еді, ал бүгін солармен кездескілерін келе ме? Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

  • Қазір мен сендердің ертегілерді қаншалықты жақсы білетіндеріңді анықтаймын. Сендерге ертегі кейіпкерінің атын жалғастыру керек:

  • Алдар (Көсе)

  • Тазша (бала)

  • Үш басты (айдаһар)

  • Жалмауыз (кемпір)

  • Шықбермес (Шығайбай)

  • Дәрігер (Айболит)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше біз қорықпай ертегі кейіпкерін шақырайық. Оны бәрін бірден таниды деп ойлаймын. (жүргізуші қол соғады, музыка ойнайды, ортаға Алладин келеді)

Алладин: Аманбысың, Жас ұлан!

Келдім міне, мен саған,

Менің атым- ... (Алладин)

-Дұрыс, әйтеуір таныдыңдар ғой. Ал мыналар менің достарым.

(музыка ойналады, ортаға шығыс биін билеп Шахерезада шығады)

Шахерезада:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Мен- Шахерезадамын, көп ертегілер білемін. Солардың біреуін қазір сендерге айтып беремін.

Алладин: Мерекелер аз емес. Бірақ солдардың ішінде ең қызықтысы- жаңа жыл. Жаңа жылғы мерекеге бәрі дайын ба?

Жүргізуші: Иә, бәрі дайын. Бәрі маскарад киімдерінде, бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі.

Алладин: Ал біз қазір тексереміз! Бір орында тұрмайық,

Қосылып бір билейік!

(Оқушылар Алладинмен қосылып, би билейді)

Алладин: Енді ғана байқадым, бәрі жылтырлап тұр. Тек менің шамым тазармаған. Осы шамды біраз сүртіп тазаламасам.

(Халаттың жеңімен шамды сүртеді. Қорқынышты дыбыс естіліп, сиқырлы музыка естіліп, жын пайда болады)

Жын: (ән айтады) ________________________



Жын: Құлдығыңызға әзірмін!

Алладин: Сен кімсің?

Жын: Не, танымадың ба? Мен Жынмын. Осы шамның құлымын. Сенің қалаған арманыңды орындаймын.

Алладин: Мәссаған! Мен шамның сиқырлы екенін ұмытып та кетіппін.Оны темір тапсыратын жерге апармақшы едім. Балалар, жыннан не сұрасақ екен? (балалардың жауаптары)

Жүргізуші: Мүмкін ертегі сұрармыз.

Шахерезада: Иә, сиқырлы ертегі.

Жын: Құлдығыңызға әзірмен! Ертегіге түсу үшін, би билеу керек. (алақанын шапалақтап)

(Заманауи ән орындалып, бәрі би билейді. Басты кейіпкерлер залдан кетіп қалады. Ортаға айғай, ысқырықпен Қарақшы қыз және оның тобы келеді)

Қарақшы қыз, тобы: (бірге):

Біз мектепте оқымадық,

Оттың басында қосылып ән айтпадық.

Қарақшы қыз:Таң атқаннан түнге дейін,

Жүреміз далада.

1 қарақшы: Біз бәрін жек көреміз,

Әсіресе, балаларды.

2 қарақшы:Біз қорқыныштымыз! Біз жауызбыз!

1 қарақшы: Біздің керемет Ханшайымымыз сияқты жауызбыз!

Қарақшылар:Біздің атақты, біздің ақылды,

Біздің масқара Ханшайымымыз сияқты.

Қарақшы қыз: Біз достықты жек көреміз,

Бәріңді қорқытамыз.

Қаруды да еш уақытта, еш уақытта тастамаймыз.

Бірге: Барлығыңды қырамыз! Барлығыңды ұрлаймыз!

Қарақшы қыз: Бәрін мені тыңдандар! Сиқырлы шам Алладиннің қолында. Ол оның көмегімен көптеген жақсылықтар жасауы мүмкін!

1 қарақшы: Масқара!

2 қарақшы:Масқара! Мен оны көтере алмаймын!

Қарақшы қыз: Бұйрықты тыңда! Алладинді қуып жету!

Бірге: Қуып жету!

Қарақшы қыз: Шамды алып алу!

1 қарақшы: Алып алу!

Қарақшы қыз: Сонда біздің арманымыз орындалады!

2қарақшы: Алақай! Алақай!

Қарақшы қыз: Ең қорқынышты арман!

1 қарақшы: Ең қорқынышты!

Қарақшы қыз: Біз барлығын қорқытамыз!

2 қарақшы: Барлығын!

1 қарақшы: Балаларды да ма?

Қарақшы қыз: Балаларды бірінші кезекте қорқытамыз!

2 қарақшы: О, Сен қандай керемет едің, қандай ақылды едің, қандай қорқынышты едің?

Қарақшы қыз: Олар қайда?

1 қарақшы: Олар қайда?

2 қарақшы: Олар кімдер?

Қарақшы қыз: Мен Алладинмен олардың достары қайда деп сұрап тұрмын?

1 қарақшы: Оны кім біліпті?

Қарақшы қыз: Эх, осыларды көмекші дейді ғой! Балалар, Алладин біздің шамымызбен бірге қайда кетті? А? Естімей тұрмын! (балалар айтпай тұрады) Ал мен, сендерге кәмпит беремін (қалтасын ақтарады).

Қарақшылар: Ал бізге ше?

Қарақшы қыз: Иә сендерге де беремін. (Қолшоқпарымен сермеп қалады, қарақшылар тізерлеп отыра қалады).

Қарақшылар: Біз енді олай жасамаймыз!

Қарақшы қыз: Е, солай болар! Сонымен балалар, Алладиннің қайда екенін айтпайсыңдар ма? Ендеше, қорғаныңдар! Біз Алладинді өзіміз тауып, сиқырлы шамды тартып аламыз.Сендерге көресіңді көрсетеміз!

(қарақшыларға қарап) Кеттік, қуамыз! (Айғайлап, музыкамен кетіп қалады)

(Алладин мен Шахерезада келеді.)

Жүргізуші: Шырша айнала тұрайық,

Әсем әнді шырқайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Жаңа жыл қарсы алайық.

(Алладин мен Шахерезада балалармен шырша айналып ән айтады)

Хоровод---------------------------------------

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Әнді де жақсы айтады, биді де жақсы билейді.Сол үшін мен сендерге тосынсый дайындадым.

(Дауыс естіледі: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ждел хабарлама: Қарақшы қыз және оның достары жақындап қалды. Олар сіздеден сиқырлы шамды алып қоймақшы.)

Жүргізуші:Қарақшы қыз!

Шахерезада:Енді не істейміз?

Алладин: Жынды шақырамыз. (Алладин шамд сүртеді. Жынның дайысы естіледі: Түскі асқа кеттім, 30 минуттан кейін боламын)

Жүргізуші: (таңғалып) Түс-кі ас?

Шахерезада: Бітті, біз құрыдық!

Алладин:Шуламаңдар! Балалар, қарақшылар шамды тартып алмас үшін, тығып қойыңдар!

(шамды жүргізушіге береді, ол тығып қояды, осы кезде айғай -шумен қарақшылар кіреді.)

Қарақшы қыз: Е, ұсталдыңдар ма? Қоршаңдар!

(қарақшылар қарақшы қызды қоршап алады)

Қарақшы қыз: Ей, мені емес! Аналарды! (оларға көрсетеді)\

Қарақшылар: Е-е!

Қарақшы қыз: Байлаңдар!

(қарақшылар Алладинді байлайды)

Қарақшы қыз: Менің шамым, шаммочкам қайда?!

Алладин: Шам жоқ!

Қарақшы қыз: Жоғы қалай?

Қарақшылар: Жоғы қалай?

Қарақшы қыз: Ойыңды қояйық, шам қайда?

Қарақшылар: Шам қайда?

Қарақшы қыз: Сөйлемеңдер!

Қарақшылар: Сөйлемеңдер!

Қарақшы қыз: Не?

Қарақшылар: (тізерлеп) Біз енді олай істемейміз!

Қарақшы қыз: Тексеріңдер! Тінтіңдер!

(қарақшылар Алладин және оның достарын тексереді)

1 қарақшы: Ештеңе жоқ.

Қарақшы қыз: (балаларға қарап): Балалар, айтыңдаршы, сендер сиқырлы шамды қайда жібердіңдер? Айтыңдаршы, а? Айтыңдар, әйтпесе жаман болады! Солай ма? Құлдар, оларды қараңғы зынданға тастаңдар!

Алладин: Бұл заңсыздық қой!

Қарақшы қыз: Заңсыздық- бұл қарақшылардың заңы!

Қарақшы қыз: (қарақшыларға) Шамды бергеншы, жібермеңдер!

2 қарақшы: Егер берсе ше?

Қарақшы: Берсе де шығарма! Ал мен, шамды іздеп келейін! Олар шамды алысқа тыққан жоқ!

(Қарақшы қыз шырша айналып жүреді. Қарқшылар Алладин мен Шахерезаданы мықтап байлайды, шымылдықтың артына алып кетеді. Қайтадан шыршаның қасына келеді).

Қарақшы қыз: Е,е, мынау сиқырлы шам емес пе, өздеріңше жылтырмен жауып қойыпты, көрмей қалсың деп.

(Шырша астынан ескі шәйнекті алып шығады)

Қарақшылар: О,о! Біздің аңсаған арманымыз орындалатын болды ғой!

1 қарақшы: Мен..

2 қарақшы: Бірінші мен ойлаймын арман! Тезірек шамды сүртші!

Қарақшы қыз: Асықпаңдар! Шам біздің қолымызда!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал