- Учителю
- Ана тили Ан сабагы
Ана тили Ан сабагы
Ана тілі 1сынып
Сабақтың тақырыбы: Ән сабағы
Сабақтың мақсаты:
Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру;
Дамытушылығы:Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды сауатты жазуға, өнерді түсінуге, өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі:ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал - мәтелдер, үнтаспа, топшамалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Балалар бүгін бір - бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, гүл сыйлайықшы.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Бақытты бол!
- Білімді бол!
- Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ж. Жабаев "Балаларға"
Өлеңді мәнерлеп оқу. Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
- Жамбыл ата кім болған?
- Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?
3. Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру.
Сөйлем
Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем,лепті сөйлем, сұраулы сөйлем
Сөйлем аяқталға ойды білдіреді
Жазылуына қарай
- Сөйлем сөздерден құралады
- Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
-Сөйлем бір-бірінен бөлек жазылады
ІІІ. Жаңа сабақ. "Ән сабағы"
Ән - Ән көңілдің ажары Ән - адам жанымен егіз Ән адамды тәрбиелейді Ән - ең кең таралған музыкалық
Авторға тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу
. Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Оспанхан Әубәкіров - талантты сатирик.
Ой тастау Видио
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова - қазақтың бұлбұл әншісі. қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі 24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған. Өмірден жастай кеткен. Киноға түскен, театрда ойнаған. « Еңліктің рөлдерін ойнап, « операсындағы - Жібек образдарын сомдау Биыл халқымыздың маңдайына біткен әншісіКүләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толып отыр
Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді.
936 - Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
1938 - Қазақ КСР халық әртісі
1968 - Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.
"Қазақ биі", ''Сымбат", "Өмірім менің- өнерім", "Би құпиясы" кітаптарының авторы.
Шара Жиенқұлова 1991 жылы 21 мамырда сексенге қараған шағында Алматы қаласында көз жұмды
Сергіту сәті
Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату.
Қазақтың әнші, бишілерімен таныстыру..
. Еркін жазу стратегиясы
І топ. Көктем көрінісіне сөйлем ойлау
ІІ топ. Көктемгі еңбек туралы сөйлем ойлау
ІІІ топ. Көктемгі құстадың туған жеріне оралуы
Дәптермен жұмыс.
Жжамбл -жыр алыбы. Ол-жүз жасаған қарт бабаң.Жамбыл Сүйінбай ақыннан бата алған.
154-жаттығу
Жасасын бебітшілік!Отанымыздың даңқы арта берсін!Көктем қандай тамаша! Алақай,апам келе жатыр!
ІV. Қорытындылау. Сабақты бекіту.
"Өнер" сөзіне топтастыру жасау.
,
,
,
,
,
,
,
,
V. Үйге тапсырма. "Ән сабағы " жаттап келу. Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.
VІ. Бағалау.