- Учителю
- Открытый урок на тему: «Натюрморт» Затқа қарап бейнелеу.
Открытый урок на тему: «Натюрморт» Затқа қарап бейнелеу.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы
А. Даулетбеков атындағы орта мектебінің сызу
және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Тұрлыбек Қ.Қ.
Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт» Затқа қарап бейнелеу.
Сабақтың түрі: Жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т.б.
***
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)
***
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
«Натюрморт» дегеніміз не?
-
«Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
-
«Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
-
Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
-
Колмпоновка дегеніміз не?
***
Сұрақтардың жауабы:
***
1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.
2. «Натюрморт» - француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
3. «Натюрморт» алғаш рет УІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.
4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)
5. Компоновка дегеніміз - орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.
Практикалық жұмыс:
***
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.
***
Сабақты қорыту:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма:
Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі-үш заттардан тұратын натюрморт.
Мысалы: ***