- Учителю
- Әліппеге мың алғыс! ертеңгілігі
Әліппеге мың алғыс! ертеңгілігі
Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ортаға салу, ата-аналарға көрсету, оқу білімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер жазылған бас киімдер, Мерекенің атауы «Әліппеге мың алғыс!» «Мектеп-кеме, Білім-теңіз»деп жазылған сөздер.шарлар,гүлдер, жазу, математика дәптерлері. Презентация,Білім туралы суретті плакат, кітап пішіндес әліппе, ана тілі оқулықтарының суреттері.
Кейіпкерлер: Әліппе, Ана тілі, 1-сынып оқушылары, жүргізуші мұғалім, жүргізуші оқушылар.
Барысы:
Мектеп жайлы музыка ойналады.Оқушылар тақтаның алдында тұрады.
Жүргізуші мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Біз алғашқы оқулығымыз әліппемен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқуға, жазуға үйреткен «әліппе» оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақпыз. Бұл кітап бүкіл ғылымның алғашқы есігі білімге бастайтын алғашқы жол. Қош келдіңіздер! Бүгінгі әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өмірде барлығы да кішкентайдан басталады:
Нан -тұқымнан, Күн-сәуледен, Үй-кірпіштен, ал Білім-баланың өзі бірінші рет оқыған кітабынан. Ол біздің ең алғашқы кітабымыз - Әліппе. Бірінші қыркүйектен бастап ол бізді жақсылыққа, мейірімділікке үйретті. Біз өзіміздің бірінші оқулығымызды оқып бітірдік. Сол себепті біздің көңіл-күйіміз жақсы! Бірінші сынып оқушылары қарсы алдарыңызда тұр. Қошеметпен қол соғып қойыңыздар!
Хормен бәріміз қонақтармен амандасайық.
Оқушылар хормен: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Хормен 1-сынып оқушылары :
Әке, ана, қонақтар,
Келмедіңіздер сіздер бүгін бекерге.
«Әліппемен қоштасу» атты
Бүгін бізде мереке!
Келесі сөз кезегі мектеп директоры Мухамеджаров С.У. -на беріледі.
Мұғалім: 1-сынып оқушыларына «Әліппені ойдағыдай бітіргендері үшін» дипломдарды табыс етеміз.
Нұрахмет:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне, қараңыз.
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз
1
Нұрсұлтан:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Сымбат:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып,
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Ернар:
Әліппе -білім анасы,
Әліппе-кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім : Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе ортаға шығады:
Әліппе: 5-сынып оқушысы Әсем
Армысыңдар жас достар!
Саумысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың ,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп,не білдік, 2
Қане ортаға салайық!
1-Нұрахмет: Бізге әріп үйреткен
2-Ернар: Бізге оқу үйреткен
3-Сымбат: Бізге жазу үйреткен
4-Меруерт: Бізге өлең үйреткен
5-Аягөз: Бізге мақал үйреткен
6-Нұрсұлтан: Бізге жұмбақ үйреткен
Хормен: Қош келдіңіз әліппе!
Жүргізуші:
Әліппе төрден орын алыңыз.
Хор: Ән «Әліппе»
Меруерт:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
Аягөз:
Енді біз оқи білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе
Нұрахмет:
Әліппем менің әліппем
Өмірді көріп танып мен
Қайталап айттым мың рет
Өзіңе көп -көп рақмет.
Нұрсұлтан:
Әліпбиді біліңдер,
Онда жүйе қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар
Ернар:
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Мұғалім: Балалар,өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып үйрендік. Енді біз әліппедегі 42 әріпті қалай меңгергенімізді тексерейік.
Әліпбиде неше дауысты дыбыс бар?
-15 дауысты дыбыс бар.
Неше дауыссыз дыбыс бар?
-27 дауыссыз дыбыс бар
Қосарлы дыбыс нешеу? Үшеу. 3
Я ( Й+А) , Ю(Й+У), Ё (Й+О)
Балалар, біз «Әліппеден» әріп, дыбыс, буын, сөз,сөйлем деген ұғымдармен таныстық.Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты айтамыз, естиміз.
Хор: «Қошақаным» әні
Нұрахмет:
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашан да Ә тұрады жанында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші?
Ернар:
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сымбат:
Алшақ кетпей
Сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Вальс биі: қыздар мен ұлдар
Әліппе:
Мен ортаға дауысты дыбыс беретін әріптерімді шақырамын.
Өйткені, оларсыз буын толмайды, буынсыз сөз болмайды.
Аягөз:
«А» дегенім ардақты,
Ақ сүт берген анамыз
Меруерт:
«Ә» дегенім, әншінің,
Әнге айналған әуені
Нұрсұлтан:
«О» дегенім, қол боста
Ойының еш тоймайтын
Нұрахмет:
« Ұ» дегенім ежелгі
Ұранымыз дауысты
Сымбат:
«Ы» дегені жеңімпаз
Ырыс алды ынтымақ
Ернар:
«Е» дегенім ежелгі
Ер деген сөз даңқты
4
Мұғалім: Балалар дауыссыз дыбыстарсыз сөз құруға бола ма? Ендеше дауыссыз дыбыстар да керек екен бізге иә?
Сымбат: «Б» Қазынасы көп екен,
Байқоңырдан ғарышқа,
Көз тігеміз алысқа.
Ернар: «Ғ» Ғарышкер ғаламның,
Намысты елі даламның.
Тоқтар сынды ағамның,
Ізбасары боламын.
Аягөз: «Д» Даласындай қазақтың дала бар ма?
Дала бесік болыпты даналарға
Нұрсұлтан: «Ж» Жайық,Еділ екі су,
Дұшпан тізе бүккен жер!
Жер жаннаты -Жетісу
Елім туын тіккен жер.
Ойыншықтар әні:
Әліппе:
- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар.
Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану,өзін-өзі тану, ән сабағы, бейнелеу
өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру.
Әліппе:
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Нұрахмет:
1 дегенім- бесік,
Шықтың содан өсіп.
Ернар:
2 дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.
Сымбат:
3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
Меруерт:
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Аягөз:
5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын бақыт.
5
Нұрсұлтан:
6 дегенім - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Сымбат:
7 дегенім - жалау,
Жүректегі алау.
Нұрахмет:
8 дегенім - сөзің,
Серт беретін кезің.
Нұрсұлтан:
9 дегенім - тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Ернар:
10 дегенім - Отан,
Қорға соны, ботам.
«Көршісін тап» ойыны. ....2......5....7....8.....10......
Сандар құрамы 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Ән: «Бір үйде біз нешеуміз?»
Әліппе:
Мен сендерді өзімнен үлкен әпкем ана тілімен таныстырғым келеді. Әрі қарай оқуды сендер Ана тілімен жалғастырасыңдар. Сендер онымен достасасыңдар деп сенемін.
Ана тілі: 4-сынып оқушысы Айсұлу
Сәлем ойшыл достарым!
Терең білім, ой-саналы,
Әрбір сөзім ой салады.
Ғылым - тәлім өнерім көп
Достасқанға
Берерім көп.
Туған елдің тілімін,
Ана тілі пәнімін,
Ана тілі - елдігім.
Ана тілі болмаса
Бүтінделмес кемдігің.
Мен жекелеген сөздерді айтамын, ал сендер оны құрастырасыңдар.
Нұрахмет:
Отан.
Отаным, алтын бесігім
Ернар:
Ана
Ана баланың бақыты
Сымбат:
Мектеп:
Мектеп білім ордасы 6
Меруерт:
Бала.
Бала елдің болашағы
Ана тілі: Жарайсыңдар менің ақылды достарым.
-Балалар,енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына, байлық, оқу - білімде.
Бауырсақ ертегісінен көрініс: автор-мұғалім, шал-Нұрахмет, кемпір-Меруерт,Бауырсақ- Нұрсұлтан, қоян-Аягөз, қасқыр-Ернар, аю-Сымбат, түлкі-Сайын.
Би «Қара жорға» қыздар мен ұлдар
Әліппе:
Мені оқуға үйде сендерге ата-аналарың көмектесті.
Ата-аналарға тапсырма:
1. Онда ұлдар мен қыздар көп.Олар бес пен екіліктер алады. Олар ақылды,мейірімді, сыпайы,болады. (Мектеп)
2. Ол жазу да жаза алмайды,оқи да алмайды. Олар кітап оқуды, жазуды, желімдеуді, сурет салуды үйренеді.(Бірінші сынып оқушылары)
3. Оған бәрі жүгіреді. Ол болып жатқан кезде барлығы тыныш отырады, тыңдайды, жазады.(Сабақ)
4.Оған жазуға ,сурет салуға болмайды.Кейбіреуі онда басын қойып,ұйықтап та қалады.(Парта)
5.Ол жазда және қыста болады. Ол кезде теледидар көруге,кітап оқуға болады. (Демалыс)
Әліппе: Балалар, менің сендерге сыйлығым бар. Оны қазір мұғаліммен бірге табыс етеміз.(Пакеттерді балаларға беру.)
Әліппе:
Айналайын балғындар!
Менен білім алдыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар.
Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің
Оқығандарын есте болсын,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қош болыңдар достарым!
Мұғалім: Осымен «Әліппеге мың алғыс» атты ертеңгілігіміз аяқталды .
Келесі сөз кезегі ,құрметті ата-аналар ,сіздерге беріледі.
7