7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: ' Табиғат көрінісін бейнелеу' 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: ' Табиғат көрінісін бейнелеу' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:Табиғат көрінісін бейнелеу. Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру, суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. ә) Дамытушыл
предварительный просмотр материала




5-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2010 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары




Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:

Үйлестіру заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушыларға үйлестіру заңдылықтары жайлы түсіндіріп өтемін. Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылыгы деп атауға болады.

Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланысты.

Компоновка дегеніміз - нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін камтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек. Әрбір нәрсенің көрініп тұратын формасын жақсы білу үшін нәрсенің құрылысына талдау жасаған жөн. Нәрсенің құрылысын дүрыс білу үшін оның қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтау керек. Сол үшін ең
алдымен жеке-жеке геометриялық денелерді үйретуіміз қажет. Нәрсенің суретін салып отырғанда оны әйнектен істелген мөлдір нәрсе деп қарасақ, оның формасын жақсы түсінеміз. Куб, цилиндр, призма, параллелепипед, т. б. геометриялық денелерді салғанда осы әдісті қолданған орынды. Куб, призманы сым темірмен жасап, сыртқы, ішкі көріністерін анықтау арқылы формасын, нәрсенің құрылысын толық білуге болады. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни
ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.


Натюрморт (қарындаш, қагаз).

Үйге тапсырма беру: Өз бетіңмен еркін тақырып бойынша шығарма орында.


Сабақ: №6

Сабақтың тақырыбы:

Суретші шығармаларымен танысу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

оларға тың мәліметтер беру.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға суретшілердің көркем шығармаларының үйлесімдік заңдылықтарын талдауды түсіндіремін. Суретшінің картинасындағы көркемдік нысанасы неғұрлым айқын болғанда ғана жаңа образдардың даму логикасы, сюжеттік ерекшелігі көркем шешімдерге жетелеп отырады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой-мақсаты. көркемдік-эстетикалык принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады. Суретшінің образ танымын бейнелейді. Шығарманың сәттілігі автордың мақсатына, шеберлігіне әрі қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей байланысты. Көркем шығарма суретшінің санасында өңделген және көрерменге көркем образдар немесе сюжеттер түрінде ұсынылған өмір бейнесі. Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ елеусіз нәрселердің барлығын алып тастап, тек бірегей ерекше жағдайларды бейнелеуге тырысады. Нағыз суретшілер өмірдің өзіне ұнаған нәрсесін өзіне қарап бақы- лап, оны шығармашылық ой елегінен өткізіп бейнелеуге тырысады. Көркем шығарманы қабылдау үшін оны дұрыс түсіне білу керек, енжар қарай салмай, зейінмен терең мән беріп карауға дағдылану қажет. Сонда ғана көркем шығармадағы үйлесімділік заң- дылығын үғына аламыз. Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір-бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.




В. Сидоренко. Менің ұрпағым Б. Түлкиев. Замандастар






М. Хитахунов. Әкеме хат. А. Лактионов. Майданнан хат.


Үйге тапсырма беру: Қазақ суретшілерінің шығармаларын танысу.


Сабақ: №7

Сабақтың тақырыбы:

Затқа қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,

білімдерін қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,

классификациялау.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.

Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті - нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жал- пы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.

Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.


Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4

-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең


Үйге тапсырма беру: Шар мен кубтың суретін сал.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал