- Учителю
- 'Сын есім' 3-сынып сабақ жоспары
'Сын есім' 3-сынып сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру.
2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау
арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.Көркем
жазу арқылы әсемдікке баулу.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, доп, сызба суреттер, видеопроектор, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
-
Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуды оқыту.
-
Етістік дегеніміз не?
-
Сұрақтарын ата.
-
Мысал келтір.
-
Етістіктің түрлерін ата.
-
Негізгі етістік дегеніміз не?
-
Туынды етістік дегеніміз не?
-
Болымды етістік дегеніміз не?
-
Болымсыз етістік дегеніміз не?
-
Жарайды, балалар, етістіктен басқа қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім, сан есім, сын есім)
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-
Біз өткен сыныптардан бастап тек сөз табымен ғана таныспыз. Олар өздерің атап өткендей зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Қалған бес сөз табымен біз сыныптпрдан бастап таныса бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Жақсы, балалар, енді бәріміз сөзжұмбаққа назар аударайық. Мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
-
Заттың түсі.
-
Шелек, кесе, қазан сөздерінің жалпы атауы.
-
Қасиетті тағам.
-
Апта күні.
-
Уақытты көрсететін құрал.
-
« Ұсақ » сөзіне қарама-қарсы сөз.
-
Жыл мезгілі.
С А Р Ы
ы д ы с
н а н
С Е Н Б І
с а ғ а т
і р і
к ө к т е м
-Өте жақсы, балалар! Енді қызыл жолақтағы сөзді оқиық.(Сын есім)
-Біз сын есім туралы өткен сыныптан да білеміз. Қане, сын есім дегеніміз не?
-Сұрақтарын атайық.
-Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта сын есім туралы білімімізді толықтыру мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз. Сын есімге байланысты сабаққа « өте жақсы » қатысқандарды қызыл түсті дөңгелекпен, « жақсы қатысқандарды » көк түсті дөңгелекпен, « орташа » жауап бергендерді « сары » түсті дөңгелекпен бағалаймын.
Ал, қане балалар, бәріміз де бүгінгі сабақтан жақсы баға алуға жұмыстанайық.
Дәптермен жұмыс: күннің жады, тақырыпты жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу.
( Оқушылардан әдептілік туралы мақал-мәтелдерді сұрап, солардың біреуін жазу.)
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
« Ой қозғау » стратегиясы арқылы сызбамаен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды ауызша орындыту. Жұмбақты шешіп, қарбызға сипттама беру.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.
(Қарбыз)
-Сырты қандай?
-Түсі қандай?
- Дәмі қандай?
- Пішіні қандай?
- Мұның бәрі заттың несін білдіріп тұр?
Тақтаға сызбаны іліп, оқушыларға сызбаны толтырту.
Қандай?
Қай ? Түсі
Пішіні Сын есім Сапасы
Дәмі Көлемі
2-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.Тиісті тірек сөздерін қолданып сөйлем құрау.
-Күн қандай? -Күн ашық.
- Аспан қандай? - Аспан көгілдір.
- Жапырақтар қандай? - Жапырақтар жасыл.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімді табу.
Сергіту сәті. « Доп тастау » ойыны арқылы сын есім болатын сөздерді атау.
5-жаттығу. Шығамашылық жұмыс. Мәтінді сурет бойынша ретімен көшіріп жазу.
Сын есімнің астын сызу.
Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.
Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көлі бар.
6-жаттығу. «Төрт жолды өлең » стратегиясы. Ребусты шешу.
Таңқурай Құлпынай Қарақат
-
Зат есім -1сөз 1.Жидек
-
Сын есім-2 сөз 2. Қара, күлгін.
-
Етістік - 3 сөз 3. Өседі, жеміс береді.
-
Сөйлем -4 сөз 4. Мен орманнан қарақат тердім.
ІV.Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы.
-
Заттың түсін, көлемін, сапсын, дәмін, пішінін білдіретін сөздердіне дейміз?
а) сын есім
ә) зат есім
б) етістік
2. Сын есімнің сұрақтарын көрсет.
а) Не істеді? Не қылды? Қайтті?
ә) Қандай? Қай?
б) Қанша? Неше? Нешінші?
3.Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөздер?
а) он, доп
ә) жүгірді, ала
б) биік, қызыл
4. Түбір сөзді тап.
а) биші
ә) қазақ
б) өнерпаз
5.Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) абтобус
ә) автобс
б) автобус
Үйге тапсырма: 3-жаттығу. Жұмбақ құрастыру.
Оқушыларды бағалау.