- Учителю
- Жануарлардың көктемдігі тіршілігі 1 сынып
Жануарлардың көктемдігі тіршілігі 1 сынып
Сыныбы |
1 «Ә»сынып |
Күні:16.04.2016ж | |
Сабақтың тақырыбы |
Жануарлардың көктемгі тіршілігі.Құралай желі | ||
Сілтеме |
Дүниетану оқулығы 1 сынып, сабақ жоспары | ||
Жалпы мақсат |
Табиғат жайлы түсінігін кеңейту. Аңдардың өмірін көктемгі тіршілігін ортаға салу. Аңдардың пайдасын түсіндіру. | ||
| |||
Күтілетін нәтиже |
Табиғат жайлы түсінігін кеңейеді. Аңдардың өмірін көктемгі тіршілігін ортаға салады. Аңдардың пайдасын түсінеді. | ||
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ | ||
Әдіс тәсілдері |
Жаңа әдістер АКТ СТО | ||
Сабақтың көрнекілігі |
суреттер, | ||
Сабақтың барысы | |||
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті | ||
Білу Үй тапсырмасын сұрау: Ойын : «Құстың мекенін тап» 1.Көктемде қайтып оралатын құстарды қалай атаймыз? 2.Тиынның азығы. 3.Бунақденелілерге нелер жатады? 4.Түлеу деген не ? 5.Қыста ұйқыға кететін аң. Осы қыста ұйқыға кететін аңдар қай мезгілде оянады ? -Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады ?
|
Сұрактарға жауап береді | ||
Түсіну -Табиғат дегеніміз не ? Табиғатты нешеге бөлеміз? Тірі табиғат және өлі табиғат. -Балалардан сұрау. -Енді осы табиғатқа байланысты сөзжұмбақ шешейік. 1.Жылдың ең ыстық мезгілі. /жаз\ 2.Аңда бар,өсімдікте жоқ. /а\ 3.Қасиетті тағам. /нан\ 4.Балықтың мекені. /су\ 5.Өсімдік көркі. /жапырақ\ 6.Бал жинайтын жәндік . /ара\ 7.Ешкі төлі. /лақ\ 8.Емен,қайың өсімдіктің қай тобына жатады ./ағаштар\ 9.үй жануарының бірі. /сиыр\ -Ендеше біздің бүгінгі жаңа сабағымыз жануарлардың көктемгі тіршілігі. Көктем-ұйқыға кеткен жануарлардың оянатын кезеңі.Көктемде күннің көзі ауаны жылыта бастайды.Осы жылудан топырақ жібіп,қар еріп, жылғалардан су ағады.Ауаның жылуы,топырақтың жібуі жануарларға әсерін тигізеді. -Балалар , біздер 2 тоқсаннан бері жануарлар дүниесімен таныстық. Олай болса, айта қояйықшы жануарлар дүниесі қандай түрлерге бөлінеді? |
Сөз жұмбақ шешеді | ||
Қолдану Жануарлар туралы қызықты мәліметтер: Құмырсқа 7 жыл , тырна 40 жыл , бұлбұл45жыл өмір сүреді. Сары сілеусін , егін жаулары - суыр, тышқандардың 2000-ын бір жазға жейді. Қоян терлемейді , оның бойындағы артық жылуды , ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығарылады. Қасқыр табанына кіргн шөгірді тісімен алады, егер ауырса, өзіне-өзі аштық жариялап, шөптермен емдейді екен. Түлкінің құйрығының жоғарғы жағында әтір сияқты хош иіс бөлетін ойық болады екен. Оның себебін ғалымдар әлі анықтай алмауда. Өрмекші өрмегін асыға тоқыса, Күн жылы болады. Кешке шегірткелер қоймай шырылдаса, Ертеңгі күн ашық болады. Қарлығаш төмен ұшса , Жаңбыр жауады.
|
Қызықты мәліметтер | ||
Жинақтау Сәйкестендіру. Киік бөлтірік Аю көжек Қасқыр қонжық Қоян құралай |
Сәйкестендіру | ||
Бекіту . Әлемде талай қызық бар. /қосымша түсінік/
| |||
4. Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | ||
Бағалау |
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою. | ||
Кері байланыс
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |