7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары М. Құлибайұлы «Мейірім» (3сынып)

Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары М. Құлибайұлы «Мейірім» (3сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3

І.Сабақтың тақырыбы: М.Құлибайұлы «Мейірім»

ІІ.Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын

түсінуге қолайлы орта құру

Сабақтың міндеттері:

  • Мәтіннің мазмұнын бөліктерге бөле отырып оқуға,

сұрақтар қою арқылы өз бетімен меңгеруіне жағдай

жасау;


- Оқушылардың негізгі ойды ажыратып, мәтін

бойыншасалыстырмалы талдау жасау арқылы

кейіпкерлерге сипаттама жасай білуіне қолайлы орта

құру;


  • Жеке, жұпта, топта өзіндік көзқарасын жеткізе білуге, өзіндік ой-пікірінің қалыптасуына,бірлесе дамуына мүмкіндік беру;


Күтілетін нәтижелер:

  • Берілген мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді;

  • Салыстырады, негізгі ойды ажыратып, дәлелдейді;

  • Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады;


Сабақтың түрі:жаңашыл сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері:

«Терминдер арқылы болжау», «Бағытталған оқу»,

«Салыстырмалы карта»

ІІІ.Сабақта қажетті материалдар:

Мәтін, тірек сөздер,салыстырмалы карта,бағалау

парағы,маркерлер;


Бағалау: «Болжам» жасауы; мәтін бойынша ойын жеткізу шеберлігі мен

«Салыстырмалы карта» бойынша жұмысы;

Барысы:

І. « Қызығушылықты ояту» сатысы

«Ой қозғау»

Тірек сөздерге назарларын аудару

Қыс. Ойын.Шана. Әже.

- Осы сөздерді естігенде көз алдарыңызға не елестеді?

-жеке ойлану

-жұпта бөлісу

-ортаға салу

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?


ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы

«Мейірім» әңгімесінің авторы М. Құлибайұлы туралы мағлұмат

«Бағытталған оқу» стратегиясы арқылы мәтін 3 бөлікке бөлініп

оқытылады.

І бөлімді оқу

Мәтін бойынша сұрақтар:

- Бағанағы ойларыңызбен сәйкес келді ме?

-Нұржанның әрекетін қалай бағалайсыз?

-Саматтың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

-Оқиға әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?


Сөздік жұмысы:

Теперіш көру - жәбір көру


ІІ бөлімді оқу

- Енді кімнің ойымен сәйкес келді?

-Нұржанның екінші әрекетін қалай бағалайсыз?

-Сіз болсаңыз не істер едіңіз ?

-Оқиға әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?


Сөздік жұмысы:

Құрақ ұшу - зыр жүгіру

Кәдеге асу - пайдаға жарау


-Оқу барысында Саматтың бойындағы қасиеттеріне назар аударыңыздар.

ІІІ бөлімді оқу

-Саматтың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыздар?


ІІІ «Ой толғаныс» сатысы

«Салыстырмалы карта» жасау

-жеке жазу

-жұпта бөлісу

-топпен жұмыс

-ортаға салу

- Нұржанның жағымсыз әрекеттерге бару себебі неліктен?

- Оның болашақта өзінің көзқарасын, мінез -құлқын өзгертуі қажет пе?

- Оған кім немесе қандай жағдайлар әсер етеді деп ойлайсыздар?


Үйге тапсырма:

- Сіз Нұржанға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал