- Учителю
- Мерекеңмен, анашым!
Мерекеңмен, анашым!
Мерекеңмен, анашым!
Жүргізуші:
-Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар.
8 наурыз мейрамы құтты болсын.
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді.
1 бала:
-
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
2 бала :
-Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
3 бала:
-Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
4 бала:
-Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.
5 бала:
-Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
6 бала:
-Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, мерекелік кешіміз.
Барлығы: сіздерге арналады.
Ұлдар хоры: Ақ мамам әні
Жүргізуші:
-
Ау, балалар, бәрің қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?
Жүргізуші:
-
Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
(балалар жауабы)
Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
1 бала:
-
Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Таңшолпан» тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге кетті.
Сән салоны
2 бала:
-
Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Таңшолпан» тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен мектепке мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.
Спанч боб:
-
Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар. Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекег шақырды. Мені бәрін танитын шығарсыңдар. Мен кіммін? мектептерің қандай тамаша?
Жүргізуші:
-
Ой ,Спанч боб, саған көп-көп рахмет. Біз қыздарымызды тосып отыр едік. Сен біздің мерекеде бірге бол.
Тақпақтар:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар
****
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшығыңда қысылмай
****
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ән: «Айналайын, ақ мамам»
Ойын: Спанч бобпен дастархан әзірлеу.
(Дарханға керекті заттарды қай бала тез және дұрыс қояды).
Тақпақтар:
Аялаған анамыз
Саялаған санамыз
Шынары боп өсеміз
Ана біздің гүліміз
Ұлыңды ана қуантып
Ұзақ өмір өмір сүріңіз
****
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді
Би: Сәнді қыздар
Тақпақтар:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызыңмен
****
Маған не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың
Ән: Құттықтаймын мама, туған күніңмен
Би: Ұлдар әзіл биі
Көрініс: Үш ана
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық. Үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар: жүргізуші, қыз, ана, әже
Жүргізуші:
Ойынна келген Мәдина,
Қуыршағын іздеді.
Үстелдің астынан тапты да
Хал сұрады көздеді
Мәдина:
Қызым менің қалайсың?
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отыр ма?
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесің
Қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аласың
(қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші:
Мадинаны осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халын сұрап біледі
Анасы:
Мәдинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай
Тамағынды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін
(Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан
Аптығып әжесі кіреді
Ол өз қызының
Халін сұрап біледі
Әжесі:
Айналайын алтыным
Шаршадың ба жарқыным
Ішпедің ау тамақты
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткімен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың
(Қызының қасына отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі:
Қандай қиын қараңдаршы.
Қырсық мінез бала болу
Бәрене де оңай емес
Білесіңдер ме ана болу
Ән :Дана әжем
Би: Гүлдер биі
Тақпақтар:
Досттықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық жырын арнаймыз
*****
Үздік оқып сабағын
Бәрімізге жағатын
Кейде қырсықса
Түйіп алар қабағын
Әзіл ән: Анамыздың мейрамы
Ойын: Кім жылдам?
Екі ана шығып балары әзірлеген дастархан басына келеді. 1 минутта бір картоп аршып, оны жеп үлгеру керек.
Тақпақтар:
Алар деймін бестігін
Ақ құба қыз кескінің
Орта бойлы ақылды деп естідім
Мерекеде көктемгі
Жарқырайды көктегі
Байқаймыз
Еркелігін көктегі
Ән: Апатайым -анашым
Жүргізушінің сөзі:
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет.