7


'Күй атасы Құрманғазы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күйші-композиторлар

1.2.Күй атасы Құрманғазы.

Сабақ күні:

Сыныбы: 2 «в», «д», «г».

Сабақтың тақырыбы:Күй атасы Құрманғазы.

Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының шығармашылығымен таныстыру.

1.Білімділік:Құрманғазының анасына арналған «Аман бол,шешем аман бол» және «Қайран шешем» күйлерінің тарихымен танысу.

2.Ән үйрену: «Алғашқы қоңырау».Әні :Ж.Еңсепов,сөзі:Н.Нұрқабылов.

3.Тәрбиелік:Анаға деген құрметке баулу.

Жаңа тақырыпты меңгерту.Әңгіме әдісі арқылы:

Құрмағазының -19 ғасырда өмір сүрген ұлы күйші-композитор.

Құрманғазы өмір бойы теңсіздікпен,бай-манаптардың жасаған зорлық-зомбылығымен күресіп өткен.Әсіресе,сол кездегі Ресей патшалығының қазақ даласын басып алу саясатына қарсы тұрып,бас көтерген аяулы аталарымыздың бірі.Бұл қылығы үшін Құрманғазы патша жендеттеріне де,бай-манаптарға да жақпады.Қайда жүрсе де,Құрманғазыны ұстап алып,түрмеге жапқызуға тырысты.Әсіресе Ақбайдың Әубәкірі деген бай Құрманғазыны ұры-қары деп,үстінен арыз жазып,патша әскерлерін шақыртады.

Құрманғазы отбасымен қаннен-қаперсіз отырғанда патшаның бір топ солдаттары жетіп келеді.Құрманғазыны жан-жағынан қаумалап ұстап,сыртта тұрған арбаға алып барады.Енді жүргелі жатқан кезінде арбаның қасына Құрманғазының шешесі келеді.Анасы Құрманғазыны құшақтап қоштасып,маңдайынан сүйеді.Сол кезде Құрманғазы әлі күнге дейін мәпелеп өсірген анасына еш көмек көрсете алмағанына қынжылып: «Қашан сенің ақ сүтіңді ақтармын-ау,осы уақытқа дейін саған тек уайым мен қайғыдан басқа ештеңе көрсете алмадым-ау»,-деп қолыны домбырасын алып, «Аман бол,шешем аман бол» деп күй тартады.Күйді мұқият тыңдасақ,домбыра «Аман бол,шешем Аман бол» деп сөйлеп тұрады.

Күй аяқталғанда шешесі Құрманғазыға қараса,оның көзінен бір тамшы жас шығып кетеді.Сонда шешесі Құрманғазыға: Мен ұл таптым,ер жігіт тудым деп қуанып жүрсем,жасық неме екен ғой туғаным.Сен кімнің алдында көз жасыңды көрсетіп тұрсың?Егер сен мына солдаттардың алдында жасыңды көрсетсең,менің күнім қандай болмақ.Неге оны ойламайсың?Көтер басыңды!»-деп шапалақпен бетін тартып жібереді.Сонда ғана Құрманғазы есін жиып алып, «Әй,қайран менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар.Маған қайрат,жігер беретін де,өмірде қайыспай күресерде қуат беретін де осы менің анамнаң тілегі емес пе?»-деп сол жерде шешесіне жігермен қарап,қоштасып, «Қайран шешем» деп күй тартқан екен.

Музыка тыңдау:Құрманғазының «Аман бол,шешем» және «Қайран шешем» күйлерін тыңдау.

Ән орындау: «Алғашқы қоңырау».Әні Ж.Еңсепов сөзі:Н.Нұрқабылов.

Жаңа сабақты қорыту:Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.

-Құрманғазы өмір бойы не үшін күресті?

-Құрманғазыны патша жендеттері алып бара жатқанда кімге арнап күй шығарды?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал