- Учителю
- Сабақ жоспары Қысқа қағыспа айтыс (5-сынып)
Сабақ жоспары Қысқа қағыспа айтыс (5-сынып)
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұхамеджан мен Қуаныштың айтысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазіргі заман айтысымен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.
Дамытушылық: Домбырада күй орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
Тәрбиелік: Айтыс өлеңдерінің мәні мен маңызына терең бойлау.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Ұйымдастыру формасы: топпен
Көрнекілік: Беинеслайд, домбыра.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа тақырып
3. Домбыра үйрену
1. Ассалаумағалейкум, ұландарым!
Биікке самғап ұшар қырандарым.
Иіліп сәлем берді ұландарың,
Биікке самғап ұшар қырандарың.
Әрдайым домбыраны қалға алып,
Тербетер ән мен жырға ұл - қыздарың.( айтыс әуенімен)
2. Балалар, бүгінгі жаңа сабағымызда белгілі айтыс ақындары Мұхамеджан Тазабеков пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысымен танысамыз. Сабақты бастамас бұрын 3 топқа бөлінейік. Әр топқа бүгінгі тақырыбымызға байланысты тапсырмалар беріледі.
Тапсырмалар
1-топқа: а) Айтыстың түрі, ерекшелігі.
ә) Тақырыбы, идеясы.
б) Өлең құрастыру (1,2 жолды құрастыру)
2-топқа: а) Өлеңнің құрылысы.
ә) Ақындардың тілі, сөздігі.
б) Өлең құрастыру ( 2,3 жолын құрастыру)
3-топқа: а) Өмірдерек.
ә) Ақындарға тән қасиеттер.
б) Өлең құрастыру (3 жолын құрастыру)
Әр топқа тапсырмалар таратылып 10 минут уақыт беріледі . Дайын болғаннан кейін түсіндіріп айтып береді. Құраған өлеңдерін домбыраман айтыс әуеніне
салып айтады. Мұғалімнің жауаптарымен сәйкес келеме тексеріледі.
3. Домбыра үйрену: Халық күйі «Кеңесті» үйренуді жалғастыру.
Күй «Балбырауын» Құрманғазы, «Шынаяқ» Қазанғап,
«Ақ сиса» Жаяу Мұса,
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?( оқушылар жауабы)
Үй тапсырмасы: «Кеңес»күйін толықтырып ойнап келу.
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қысқа қағыспа айтыс»
Сабақтың мақсаты: Айтыстың жаңа түрімен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.
Дамытушылық: Домбырада күй орындушылық шеберліктерін шыңдау, дамыту.
Тәрбиелік:Айтыс өлеңдерінің мән-мағынасына терең бойлап, өнеге алу.
I.Ұйымдастыру:
Мұғалім: Ассалаумағалейкум, ұландарым!
Биікке самғап ұшар қырандарым.
Оқушы: Иіліп сәлем берді ұландарың,
Биікке самғап ұшар қырандарың.
Әрдайым домбыраны қолға алып,
Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.
II.Ал, балалар, өткен сабақта айтыс түрлерімен танысқан болатынбыз. Тақтаға көңіл аударайық. Берілген өлең шумақтар арқылы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңдар.
1. Атыңды шешең сүйіп қойған еркін,
Той болса түзетесің кәмшат бөркің.
2. Тұманда адасушы ем із болмаса,
Асқан асың татымас тұз болмаса.
3. Бақа қызын беріпті көбелекке,
Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.
4. Нұржаным, білдірейін сізге тағы,
Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы.
5. Байлардың жейтін асы - жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
III. Бұл өлең жолдары бізге таныс па?( жоқ)
Осы айтыстың түрі сабағымыздың тақырыбы Қысқа қағыспа айтыс.(5)
Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің қызы қатықсыз қара көже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.
Сонда қыз: -Байлардың жейтін асы - жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға қиын болды,
Көжеге кекіреймей ерніңді мал!- деген екен.
Біржан: -Атанғам ақындықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері.
Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,
Көжеңді басып-басып әкел бері,- деген екен.
Бұл айтыс XIX ғасырда шығарылғандықтан, мұндағы кейбір сөздер ескіріп, қолданыстан шығуы мүмкін. Сол себептен мағынасы түсініксіз сөздермен танысып алайық. Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерге көңіл бөліңдер.
Енді сөздікке тақтаға қарайық
Сөздік: 1. Жая - жылқының екі жамбас сүйегінің түйіскен тұсындағы
дәмді, майлы еті.
2. Жал - жылқының, құланның жал майы.
3. Нақ - нағыз.
4. Сал - сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші, мырза.
5. Кекіреймей - бәлдену, бұлдану, тәкаппарлану.
( Адамның мінезі - құлқына байланысты айтылған сөз)
6. Басып - басып - құйып - құйып.
7. Қатықсыз - еті, майы жоқ.
Көрініс (Біржан мен қыздың айтысына)
Осы көріністін ақынға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар? (ұтқыр ой,
суырыпсалмалық, сөзге шешендік, шапшандық)
Осы өлең жолдарда не басым? (сын) Сыңның қандай түрлері бар?
Сонымен, балалар тақтаға шыққан сөздерді байланыстыра отырып, қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не екенін айта аламыз ба?
-
Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын - сықақпен ұтқыр жауаптасуы.
-
Біржан сал мен қыздың айтысын, айтыс әуеніне салып айту.
IV. Шығармашылық кезең.
Қыздар - ұлдар болып екі топқа бөлінейік.
Әр топқа тірек сөздер беріледі, осы сөздер арқылы сын, әзіл - қалжыңы
басым өлең құрастырып көрейік. Сіздерге берілетін уақыт 5 минут.
Қыздар: Есепті_________________есектейсің,
Қосуды________________есептейсің.
Доп___________________жүгіріп-ап,
Сабақтан______________сезінбейсің.
Ұлдар-ау______________бұлданасың,
Ермін деп_____________ мақтанасың.
Тәкаппар______________ түзететін,
Шартымнан___________ құтылмайсың.
Ұлдар: Қыздар-ау____________ майысасың,
Сымпылдап___________сын айтасың.
Біліммен _____________ ойламайсың,
Түлкідей_____________ бұлаңдайсың.
Қыздар - ау,__________ күш саласың,
_________ келмейтінін байқамайсың.
Сын айтып ___________ шаршағанша,
___________ түзетуге тырыспайсың.
Тамаша, керемет, жарайсыңдар! Ақын болуға лайық екенсіңдер.
Осы өлең жолдар арқылы не айттыңдар? ( сын, қалжың, сықақ, кекесін)
Сонымен, қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не? (анықтамасын айту)
V. Сабағымыздың II бөліміне көшейік. Құрманғазының күйі «Балбырауын» саға буынын үйрену. Күйді үйреніп болған соң, Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні, Халық күйі «Келіншек», Қалық әні «Қалаулым» нақышына келтіріп ойнау.
Қасиетті домбырамның үні бар,
Құдіретті әсем әннің үні бар.
Мәңгілікке мұра болар ұрпаққа,
Бұл өнердің өнегелі нұры бар.
Ән «Нұр шашқан - Мұрагерім»
Өлеңін жазған: Дүйсенбина Г. А.
Асылбекова Н.Қ.
Әнін жазған: Асылбекова Н.Қ.
VI. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін «5» деген бағамен бағалаймын.
Сабағымыз аяқталды , сау болыңдар.