7


Қазақтың көне саз аспаптары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Дәулеткерей балалар музыка мектебі

Дәшін ауылы



Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың көне саз аспаптары

Баян сыныбы мұғалімі Зекенова Елена Нуреденовна

2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың көне саз аспаптары»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды халықтың көне саз аспаптарын өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға ән мен күйлерді көне саз аспаптарының орындалуы арқылы,ұлттық саздың қалыптасуына тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: Ұлттық аспаппен орындалған шығармаларды тыңдата отыру ырғақ сезінуді дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас

Өткізу әдісі: Баянмен орындалатын күйлер.

Көрнекілігі: Әннің сөзі жазылған Мультимедия құралы,музыкалық аспаптар,буклеттер,кроссворд А.Жұбанов фото суреті.Музыкалық үн таспа.Презентация.

Сабақ барысы:

Балалар,осы ән ұраны музыкалық жанрдың қай түрі екенін еске түсірейік.Ол үшін музыкада неше жанр бар еді?(ән,күй,би,марш)Марштың неше түрі бар?(әскери -жорықтарда айтылатын марш,салтанатты шеру).Енді балалар ,күй табақ арқылы бір шығарманы тыңдай отырып,қандай жанр,қандай аспаптарда ойналып жатыр,аспаптар жиынтығын не деп атаймыз?Осы сұрақтар төңірегінде ойланып,тыңдайық.Н.Тілендиев «Аққу» күйі тыңдалады.(Күй жанры,домбыра немесе әр түрлі аспаптар оркестрі.)

Ия,балалар бұл ойналып жатқан күй Сүгір «Аққу»,ал орындап жатқан «Отырар сазы» фольклорлық -этнографиялық оркестрі,жетекшісі Н.Тілендиев ағаларың-бұл композитор,саз өнеріне жаңалық енгізуші адам.Бұл ағаларың «Қыз -Жібек» кинофильмінде «Көшкеруен»,»Ттттттуған жер», «Көлдегі қос аққу» деген музыкалық туындылармен көркемдеген өнер адамы.

Жаңағы орындалып жатқан күйді ,зейін қойып тыңдасақ әр түрлі ұрмалы -соқпалы ,шертіп,үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптарды естиміз.Бүгінгі абағымыздың негізіде қазақтың көне музыкалық саз аспаптары жайлы болмақ.

Жаңа сабақ:Қазақ халқы көне саз аспаптарына өте бай. Олардың 25 ке тарта түрі бар және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Халық аспаптар классификациясы:

А)үрмелі аспаптар:сыбызғы,қамыс-сырнай,саз-сырнай,үскірік,тастауық,керней.

Ә)ішекті аспаптар:жетіген,шертер,домбыра,қобыз.

Б)тілшекті аспаптар:шаңқобыз.

В)ұрып ойнайтын аспатар:дабыл,даңғыра,кепшіе,дауылпаз,дыңдауыл,асатаяқ,шың,қоңырау.

Ал,бұл аспаптардың функциясы да өмірдегі әр қилы кезеңдерге байланысты әртүрлі.Мысалы:Шаңдауыл аңға шыққан кезде,керней-сырнай,дабылдар -жорықтарда әскери белгі беру үшін,қыл қобыз бен асатаяқтар -салттық эпостарда,сыбызғы мен шертер-малшылардың аспабы ретінде белгілі.Халық арасында кең тараған кейбір аспаптарға ғана тоқталы өтейін.Бұл аспаптар жайлы аңыз-әңгімелер ,деректер өте көп.Оларды бір сабақта айтып жеткізу мүмкін емес,алдағы сабақтарда толықтыра түсеміз.

Тастауық үрлеп ойнайтын аспаптың ескі түрі. Саз балшықтан күйдіріп істелген ,түрі тауыққа ұқсас болғандықтан «тастауық» деп атайды.еңіл халық тәндерін орындайды және әртүрлі құстардың үнін салады .

Жетіген -қазақ халқының өте ертеден келіп жеткен көне шертпелі саз аспабы.жетіген араб тілінен аударғанда әндеткен 7 ішек деген мағынаны білдіреді.

Шаңқобыз -көне саз аспабы.темірден немесе ағаштан жасалады.Шаңқобызды ойнағанда тістеп тұрып,темір тілшені қозғау арқылы дыбыс шығарады.қазақтың көне саз аспаптары тек музыка өнерінде ғана емес,халық поэзиясында ,ауыз әдебиеті соның ішінде батырлар жырында да алатын орны зор.Бұл аспаптардың батырлар жырына енуі-олардың дауыстарының күшті қасиетінде.

16 ғасыр «Қамбар батыр»

Тоғыз санды торғауыт,

Он сандайын оймауыт.

Барабан соғып,шың қағып.

Алдына әскер жүргізіп.

17 ғасыр. «Алпамыс батыр»

Керней -сырнай тарттырып,

Даңғыра -дабыл қақтырып,

Барып түсті Алпамыс.

Қаракөзайым үйіне.

Музыкалық аспаптар жайлы айтылмай жатқан зерттелмей жатқан нәрселер көп.Енді балалар ,3-4 оқушыға «Ұйқасын тап» карточкасын беремін.

Өткен сабақтарды еске түсіру үшін Кроссворд шешейік.

Мынадай сұрақтарға жауап берейік.

  1. Күй анасы кім? (Дина)

  2. Оның қандай аңыз күйін білесіңдер? (Ақсақ құлан)

  3. Қобыздың атасы кім?(қорқыт)

  4. Лирикалық әуендердің авторы (Дәулеткерей)



Шешуінде Сүгірдің «Аққу» күйін оқимыз. Жұмбақтардың шешуін айтқыза қояйық.Енді,балалар жаңағы күйді қайтадан тыңдап,қандай аспаптарды ести алдыңыздар,соны айтайық. (Сүгір «аққу») Енді балалар өткен сабақтарда біз ерекше бір жанр туралы айтып едік,сол жанрды әрі қарай жалғастырып,үйренеміз. «Би күйі»

Бұл қандай жанрға жатады? (би күйі)

Ал, мен сендерге сөзімен таныстырдым.,әуенін үйретпекшімін,сонда қай жанрға жатады.(Ән)

Дұрыс,балалар бұл Би күйін енді біз ән жанрына жатқызамыз.себебі әнін үйренеміз.бұл ән тұрмыс -салт ән күйіне жатады.Ән халық әндерінің тұрғысында айтылады,шумақтан тұрады.Өте жеңіл,көңілді ойнақы айтылуы керек.Әнді айтқанда динамикалық белгілерді пайдаланамыз.Қандай динамикалық белгілерді білеміз.(рp)

Әнді өзім айтып өтейін,сендер мұқият тыңдай отырып іштей қосылыңыз.Ән дағдыларын еске түсірк.әуелі «ля» буынымен,содан соң сөзімен қосылып үйрену.(Бір ,екі айтқызып),бұл әнді балалар келесі сабақта ,әрі қарай үйренеміз.сонымен балалар бүгінгі сабағымызда біз күй тыңдап-олардың түрлерін қандай аспаптарда орындалып жатқанын ажыраттық.

Көне саз аспаптарының түрлері мен ерекшеліктеріне қандай кездерде пайдалануға болатынымен таныстық.Күй,би жанрларын кейде ән жанрына жатқызуға болатынын білдік.

Ендеше балалар,ұлы зерттеуші А.Жұбановтың айтқанындай «Халық аспаптарының ішектерінде даналық тұнып тұр»деген сөзінің үлкен мәні бар екен.Сабақты қорытындылай келіп бәрімізде мынадай тұжырымға келейік.

Халық күйлері мен әндері халық поэзиясы арқылы біз бүгін ата-бабамыздың табиғи өсу,әдет-ғұрып,салт дәстүрімен,мәдени өсу,тарихи дәстүрлі көрінісін ,ой арманын музыка үнімен ,ән мелодиясы ,домбыра сазы арқылы беріп отырған.Сабақ соңында жақсы қатысқаны үшін оқушыларға сыйлық бағамызды ұсынамын.

Сабақ аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал