- Учителю
- Урок закрепления по алгебре на тему 'Арифметикалық прогрессия'
Урок закрепления по алгебре на тему 'Арифметикалық прогрессия'
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ресурстар |
I. Ұйымдастыру кезеңі 4-минут | Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.Сыныпты топқа болу | Кезекші жауап береді.Бір-біріне тілек айтады.Топқа бөлінеді. | Топ аттары жазылған парақшалар, АКТ |
II. Үй тапсырмасын тексеру 2-минут | №208 есепті тақтада слайд арқылы дұрыс шығарылу жолын көрсетеді | Оқушылар тақтадағы слайд арқылы өздерін тексереді | Оқулық,проектор |
III. Ой қозғау 12-минут | Сабақ тақырыбын ашу сұрақтары: 1.Сан тізбегі 2..Арифметикалық прогрессия 3.Арифметикалық прогрессияның қасиеті | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады.Топтағы оқушылар түгел тартылады. | Проектор, Парақтар, маркер |
IV. Ауызша есептейміз «Кім жылдам» 5-минут | Тақтада ауызша есептер беріледі. | Оқушылар ойланып есептерді жылдам шешуге талпынады. Топтағы оқушылар түгел тартылады. | проектор |
V. «Кітап білім бұлағы» оқулықпен жұмыс 15-минут | №210,№214,№215 есептерін шығарту. | Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды.Содан соң тақтаға жазады.Оқушылар «түртіп алу» әдісін қолданып,есептерді дәптерге жазып алады. | оқулық |
VI.Сергіту сәті 1- минут | Музыкалық сергіту |
| АКТ |
VII. «Тапқыр болсаң тауып көр» тест тапсырмалары 3- минут | Тест тапсырмаларын береді. | Тест тапсырмаларын орындап,белгіленген уақыт өткен соң,тестті тексеріп өздерін бағалайды. | проектор |
VIII. Сабақты қорытындылау | Оқушыларға бүгінгі сабақта алған білімдерін бағалату. |
|
|
IX. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау 2-минут | Мұғалім оқушыларды «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды | Оқушылар өздерін бағалайды. Сары-түсінбедім Қызыл-еш түсінбедім Жасыл- барлығы түсінікті | стикерлер |
X. Үйге тапсырма 1-минут | №216,№217,№218 | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады | проектор |
Пәні: алгебра Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық прогрессияны n-ші мүшесінің формуласы есептер шығару»
Сабақтың мақсаты: Оқушының бойында арифметикалық прогрессия туралы білім,білік,дағдыны қалыптастыру.Формулаларды жатқа білу және есеп шығарғанда қолдана білу.Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Мағынаны ашу,ой қозғау, топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
Күтілетін нәтиже:Тізбектің мүшесін таба біледі,ауызша есептеу дағдысы қалыптасады,топта бірлесіп жұмыс жасай біледі.