7


  • Учителю
  • Элективный курс по математике

Элективный курс по математике

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





















«Математика және логика» элективті курсының

БАҒДАРЛАМАСЫ

















Сынып 6

Сағат саны 34

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2016-2017 оқу жылы

















Бағдарлама авторы: Сеитова Ардак Серикбаевна

Математика пәнінің мұғалімі

























Бақтыбай ауылы

2016 жыл.





«Математика және логика»

Түсінік хат

Қазіргі кезеңде өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту біздің мақсаттарымыздың бірі болып табылмақ. Ол үшін мұғалімдеріміз оқушылармен жұмыс істеу кезінде олардың өз беттерімен ізденулерін, қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін қадағалап, оқушылармен жеткілікті жұмыс істеу керек.

Оқушының бейімдік дайындалу кезеңінде маңызды рөл интеграцияланған элективті деп аталатын курстар атқарады, олардың негізінде пән аралық және оқуға деген дара үйлестірімділік жатады. Тап осы мәселелерді шешу оқушыныңтағдырындағы ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай жасайды.

Математиканың күнделікті адам өміріндегі мәні орасан зор. Санай білмей, сандарды қосуды, азайтуды, көбейтуді, бөлуді дұрыс орындай білмей тұрып адам қоғамының дамуы мүмкін деп ойлауға болмайды. Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді - бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан жан-жақты қолдануына, қцызықтылығына байланысты, сонымен қатар математиккалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы болады.

Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, информатикадан алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық обьектілердің бірегейлігін жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді, екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қголданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әр түрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді.

Бүгінгі таңда білімге қойылатын талап өте жоғары. Білімгерлердің білімге дегени қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін нығайтуда математиканың атқаратын рөлі өте зор.

Оқу жылының соңында 5 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың математикадан білімдері төмен екені белгілі болды. Оның үстіне жыл сайынғы тест кезіндегі, оқу құралдарында логикалық есептердің көбеюі байқалады. Сонымен қатар математикаға бөлінетін сағаттың аздығы әрбір тақырыпқа берілген есептерді толық талдап, шығаруға мүмкіндік бермейді. Балалар сабақта калькуляторсыз қиналады және пәнге қызығушылығы төмендейді. (Қосымша)

Бағдарламаның өзектілігі − дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырып оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Ұсынып отырған бағдарлама есеп шығаруда «дәстүрлі» стильден өзге түрлі тәсілдер қарастырылады. Бағдарлама негізінде оқушылардың сауаттылығын дамыту.

Бұл бағдарлама 6-сынып оқушыларына арналған. Оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Бағдарлама мақсаты - әр түрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету, есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету, соның ішінде тұрмыстық есептерде конструктивті ойлайтын оқушыларды айқындау. Алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Бағдарлама міндеттері:

  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

  2. Алған білімдерін тереңдету арқылы өмірде пайдалануды үйрету;

  3. Бүгінгі күні қолдануға болатын ертедегі әдістерді қарастыру;

  4. Тез есептеудің алгебралық және арифметикалық әдістерін зерттеу;

  5. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту;

  6. Еңбекқорлыққа, табандылыққа, қойған мақсатына жете білуіне ықпал жасау.

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер

Курсты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиісті:

  1. Негізгі арифметикалық амалдарды;

  2. Есеп шығаруда әр түрлі әдістерді;

  3. Математикалық формулаларды;

  4. Логикалық есептерді шешу тәсілдері: берілгендерді салыстыру, схемалар және кестелер арқылы мүмкін нұсқаларды таңдау;

  5. Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін білу;

  6. Өз мүмкіндіктерін сезініп, өзге адамдардан жеке ерекшеліктерін түсіне білу.



Істей алуы тиіс:

  1. Кез келген есепті талапқа сай рәсімдеу;

  2. Арифметикалық амалдарды, анықтамаларды қолдану;

  3. Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен шеше білу;

  4. Дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;

  5. Игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып пратикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;

  6. Дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

  7. Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу;

  8. Ғылыми білімді практикамен теория негізде жүзеге асыру.









Бағдарлама мазмұны.

Кіріспе (1сағ.)

Курс бөлімдерімен таныстыру; математика пәніне қызығушылығын арттыру.

І бөлім. Сандар сыр шертеді (6 сағ.)

Сандардың шығу тарихымен таныстыру. Санның өмірдегі қолданысын анықтай отырып, қызықты мәліметтерімен таныстыру. Дирихле принципі. «Кері жору» әдісін қолданып есептер шығару. Алтын кесік.

ІІ бөлім. Тез есептеу әдістері (17сағ.)

Бөлшектерді қосу және азайту үшін «көбелек» әдісі. 6,7,8 және 9 сандарын саусақпен көбейту әдісі. 11 санына кез келген санды ауызша көбейту. Екі, үш таңбалы сандарды ауызша көбейтудің оңай жолдары. Япон әдісі арқылы көбейту. Итальян әдісі арқылы көбейту. Екі таңбалы санның квадратын анықтау. 5 санына аяқталатын санның квадраттарын табу. Үлкен сандарды 5-ке бөлу. 1001, 1089 сандарының ерекшелігі. Проект қорғау.

ІІІ бөлім. Бас қатырғыштар (9 сағ.)

Математикалық сиқыр «Санды тап». Адам өміріндегі симметрия. Сіріңкемен логикалық есептер. Сіріңкеден фигура құрастыру. Сиқырлы квадрат. Логикалық еғсептер. Парадокстар. Байқау.

Қорытынды сабақ. (1 сағ.)

































Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Нұр Г.ҚМатематика тарихын оқыту - білімді ізгілендіру тəсілі (оқу құралы) - Ақтау, «Ш. Есенов атындағы КМТжИУ» редакциялық баспа бөлімі, 2009.

  2. Билл Хэндли «Считайте в уме как компьютер», «Попурри» 2006.

  3. Перельман Яков «Быстрый счет. Тридцать простых приемов устного счета», дом занимательной науки 2001

  4. А.С. Утегенова, «Логикалық жаттығулар» жинағы, 2012.

  5. youtu.be/pEb7a2Yuo2A

  6. bibliofond.ru/view.aspx?id=524446

  7. anisim.org/?p=7904

  8. all-fizika.com/article/index.php?id_article=224

  9. nsportal.ru/ap/nauchno-tekhnicheskoe-tvorchestvo/proektnaya-rabota-bystryy-schet-bez-kalkulyatora





































































































«Математика және логика» элективті курсының

Тақырыптық күнтізбелік жоспары

6 сынып





Тез есептеу әдістері (17сағ.)



8

Бөлшектерді қосу және азайту үшін «көбелек» әдісі.

1

Есеп шығару







9

6, 7, 8 және 9 сандарын саусақпен көбейту әдісі.

1

Түсіндіру, ө/ж

Карточкалар





10

6, 7, 8 және 9 сандарын саусақпен көбейту әдісі.

1

ө/ж







11

11 санына көбейту.

1

Түсіндіру

Сызба №2





12

11 санына көбейту.

1

Есеп шығару







13

22,33,44...99 сандарына көбейту

1

Есеп шығару

Сызба №3





14

Екі, үш таңбалы сандарды ауызша көбейтудің оңай жолы

1

Түсіндіру, ө/ж







15

Проект қорғау

1

ө/ж







16

Япон әдісі арқылы көбейту.

1

Түсіндіру

Сызба №4





17

Япон әдісі арқылы көбейту.

1

Есеп шығару







18

Итальян әдісі арқылы көбейту.

1

ө/ж

Сурет№1





19

Итальян әдісі арқылы көбейту.

1

Есеп шығару







20

Екі таңбалы санның квадратын анықтау.

1

Түсіндіру







21

5 санына аяқталатын санның квадраттарын табу.

1

Түсіндіру, ө/ж







22

Практикалық жұмыс

1

Есеп шығару

Есептер жинағы





23

Үлкен сандарды 5-ке бөлу.

1

Жұптық жұмыс







24

1001, 1089 сандарының сиқыры.

1

Әңгіме









</<font face="Times New Roman, serif">Бас қатырғыштар (9 сағ.)

25

Математикалық сиқыр - «Санды тап»

1

Топтық жұмыс







26

Адам өміріндегі симметрия.

1

Әңгіме, ө/ж

Слайд №3





27

Сіріңкемен логикалық есептер.

1

ө/ж

Есептер жинағы





28

Логикалық есептер құрастыру

1

ө/ж







29

Сіріңкеден фигура құрастыру.

1

ө/ж







30

Сиқырлы квадрат.

1

Семинар







31

Логикалық есептер. Парадокстар.

1

Есеп шығару







32

Логикалық есептер. Парадокстар.

1

Есеп шығару







33

Байқау

1

ө/ж







34

Қорытынды сабақ (1 сағат).



Барлығы

34









ө/ж - өздік жұмыс

































Қосымша













Не үшін есептеу қажет?

Бұл сұраққа оқушылардың 35 %-ы өкінішке орай, есептеу мүлдем қажет емес деген ойда. Олардың ойынша, математикада пайдаға асып жүргені көбейту, қосу, алу, азайту болар, ал қалған көп есептердің не пайдасы бар, адамзқат өміріне пайдасы бар ма? Оны шешкеннен не пайда бар? Пайдасы жоқ болса оған бос уақытты жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір білдірді.

















Тез есептеу әдістерін білесің бе?

Тез есептеу әдістерін білесің бе? Сауалнамаға қатысушылардың көбі «Жоқ, білмеймін» деп жауап берді. Соған қарамастан жалпы, есеп шығарудың тәсілін, мақсатын және қалай шығаратынын меңгергісі келетіндері байқалды.

























98∙97 амалын ауызша есептей аласың ба?

98∙97 амалын ауызша есептей алатын оқушылар саусақпен санарлық. Курс соңына қарай оқушылардың көбі есептерді ауызша есептей алатынына сенімдімін.

















Тез есептеу әдістерін өмірде қолданасың ба?

Бұл сұраққа оқушылар қызығушылықтары, мүмкіндіктері бар екені, бірақ сол әдіс-тәсілдері және практикасы жетпегендіктен өмірде сирек қолданатындығы көрінді.





































Математика пәні сен үшін қаншалықты қиын?

Математика пәні сен үшін қаншалықты қиын? Әрине бірден бір жауап «Математика өте күрделі пән» деп, оқушылардың 84%-ы жауап берді. Математика пәнінің өте қиын пән екендігін білеміз, ол сонымен қатар қызық та пән. Осы пәнге оқушылардың қызығушылығын оята білсек, болашақта жоғары нәтижеге жететіні баршамызға аян.





















Тез есептеуді үйренгілерің келе ме?

Оқушылардың 98%-ы тез есептеуді үйренгілері келетінін айтты. Сонымен қатар, бағдарлама күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға қиындай беретінін ескеріп, мүмкіндігінше тез есептеу әдістерінбілгісі келетіндігі қуантатын көрсеткіш.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал