- Учителю
- План на тему 'Многогранники стереометрии'
План на тему 'Многогранники стереометрии'
Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар.
Күні .15.05.2015ж. Сыныбы: 9. Пәні: Геометрия.
Тақырыбы
Стереометрия көпжақтары. Қайталау есептерін PISA форматында шығару.
Мақсаты
Тікбұрышты параллелепипед туралы білімдерін жүйелей түсіндіру; тік параллелепипед,тік призма,пирамида ұғымдарымен және олармен байланысты биіктік,жағы,төбесі,табаны ұғымдарымен таныстыру;тік параллелепипедті,тік призманы,пирамиданы бейнелеп үйрету, ПИЗА есептерін шығару, топпен жұмыс жасау;
Оқушылардың конструктивті ойлауын дамыту.
Оқушыларды топпен жұмыс жасауға,ынтымақтастыққа,ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа,іскерлікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Оқушы стереометрия денелері туралы жалпы түсінеді, оның ауданын,көлемін таба біледі.
Стратегиялар
СТО, Диалогтік оқыту,Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау,АКТ(ГеоГебра бағдарламасы,POWERPOINT бағдарламасы)
Сілтеме
Кезеңдер
Сабақтың барысы
Саралау
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
PISA:Қайта жаңғырту
Оқушылармен амандасамын және үш топқа бөлемін: 1-топ: «Параллелепипед»
2-топ: «Призма»
3-топ: «Пирамида»
Топқа бөлу үшін арнайы топ аттары жазылған стикерлерді қолданамын. Сосын көңіл-күй тренингін өткіземін. Оқушылар бүгінгі сабақта бір -біріне табыс, көтеріңкі көңіл-күй тілейді.
Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қайта жаңғырту мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
Қайталау сұрақтары интерактив тақтада шығып тұрады.
Жеке бағалау
Топтық бағалау
Кітап, стикерлер,интерактив тақта, POWERPOINT
бағдарламасы
Мағынаны тану
PISA: Байланыс орнату
№1 топтық жұмыс.
«Параллелепипед,тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік» тақырыбын үш бөлікке бөліп, әр топқа өздерінің аттарына сай тақырыптарды ДЖИГСО әдісі бойынша оқып,түсініп алуларын тапсырамын. 6-минут
Тақтада топтар ассоциация әдісі бойынша түсіндіреді және бағаланады.
PISA халықаралық зерттеуі
Зерттеудің мақсаты - мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық,
оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу
жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.
№2 топтық жұмыс.
PISA форматында үш топқа бір есеп беріледі.
Есеп шарты: Аквариумның ұзындығы 5дм, ені 3дм, биіктігі 2дм болса, оған қанша су құюға болады? 1дм3=1литр
35л су құюға бола ма? Жауаптарыңды түсіндір.
№3 топтық жұмыс.
Әр топқа жеке-жеке PISA есептері беріледі.
1-есеп шарты:
Аквариум.
1сұрақ: Аквариумның биіктігі 2дм,ұзындығы
5дм, ені 3дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)
Жауабы: ______________дм3
Түсіндір:______________________________
______________________________________________
2cұрақ: Аквариумға 35л су құюға бола ма?
Жауабы:_________________Неге?___________________
2-есеп шарты:
Үй шатыры.
Саматтың үйінің шатырының табанының ұзындығы
6м,биіктігі 4м болатын тең бүйірлі үшбұрыш.
1cұрақ: Самат үйінің шатырын жаңалау үшін қанша
шифер сатып алуы қажет?
Жауабы: _______________м2
Түсіндір:_____________________________________________
2cұрақ: Самат 50м2 шифер сатып алса , үйінің шатырын жаңалай алады ма?
Жауабы:_________________
3-есеп шарты: Шөп жинау.
Шөп жинаушылар мәшинеге шөпті ұзындығы
2,5м, ені 2м, биіктігі 1,5м тік бұрышты
параллелепипед тәрізді етіп жинады. (1,5м3=1ц)
1сұрақ: Мәшинеге қанша центнер шөп жиналды?
Жауабы: _______________ц.
Түсіндір:_____________________________________________
_________________________________
2сұрақ: 1 мәшинеге қанша көде шөп жиналды? (1көде шөп = 25кг)
Жауабы:_________________ көде.
3 топтық жұмыс. Үш топқа бірдей есеп беріледі:
Туған күн.
Туған күнге 15 оқушы келді.Туған күнге арнайы
торт алынды. Торттың биіктігі 10см, радиусы 15см. (100г=78,5см3)
1сұрақ: Әр оқушы қанша торт жеді?
Жауабы: _______________грамм.
Түсіндір:________________________________________________________________________________________________________________________________________
2сұрақ:Торттың массасы қанша ?
Жауабы:_________________________кг.
Жауап нақты түрде беріледі.
Сергіту сәті: Видеоролик жіберу «Иошимото кубы» 2 минут
Семантикалық карта толтыру. 5минут
Семантикалық карта
Фигура қасиеттері
Параллелепипед
Призма
Пирамида
Ассоциация құрғанда топ болып жауап бере алады.
Есепті кім бірінші және дұрыс шығарса жоғары бағамен бағаланады.
Топтық бағалау
Топтық бағалау
Топтық бағалау
Жеке бағалау
Әр оқушы әр тапсырма сайын бағалау парағын толтырып отырады.
Топтық
бағалау
Жеке бағалау
Көпжақ макеттері
Плакаттар
Стикерлер
Карандаш
Сызғыш
Қалам
Желім
Жұмыс дәптері
Оқулық
Семантикалық карта
Интерактив тақта
Геогебра бағдарламасы
Видеоролик,
Қағазда
PISA есептері.
Рефлексия
PISA:Пайымдау
Бүгінгі өтілген тақырыпты Геогебра бағдарламасында сызылған көпжақтардың қасиетерін қайталап бекіту арқылы тақырыпты тиянақтаймын, және үй тапсырмасын беремін. Қорытынды бағаны айтамын, журналға қоямын.
Әр оқушы ББҮ әдісі бойынша стикерге жазып , тақтаға жапсырады.
Слайдтар
стикерлер
Қандыағаш қалалық №3мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Стереометрия денелері
9в класс
Математика пәні мұғалімі: Абылова А. М.
2014-2015 оқу жылы