- Учителю
- 21 ҒАСЫРДЫҢ ЖАС МАТЕМАТИГІ Мақсаты: Білімділік : Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың зей
21 ҒАСЫРДЫҢ ЖАС МАТЕМАТИГІ Мақсаты: Білімділік : Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың зей
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ
ТАҚЫРЫБЫ
21 ҒАСЫРДЫҢ ЖАС МАТЕМАТИГІ
5- СЫНЫПТАР АРАСЫНДА
математика пәнінің мұғалімі:
А. М. Қалибекова
Жансүгіров поселкесі 2014 жыл
Күні: ж
21 ҒАСЫРДЫҢ ЖАС МАТЕМАТИГІ
Мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, оперативтік ойлау, ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігіне, ұйымшылдыққа , жауапкершілікке, байқампаздыққа тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта , нақыл сөздер т.б.
Сабақ ұраны : 2030- дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін,
білім шыңына шығу парызымыз
Математикалық сайыстың барысы:
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі түсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
Олай болса, бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз (аттары айтылады)
Кешімізді бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
Ал енді топтарды ортаға шақырамыз, кешіміздің өтулі тәртібімен таныстырамыз. Әр топтың құрамы 5 оқушыдан тұрады.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
-
Таныстыру
-
Бәйге
-
Анаграмма шешу
-
Дода.
-
Сөзжұмбақ шешу.
-
Қорытындылау.
Сонымен таныстыруымызды бастаймыз
Ортаға оқушыларды шақырамыз.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты дей келе топтар өздерін таныстырып өтсін.
2 кезең «Бәйге» (Әр оқушы 5 сұраққа жауап беру керек.)
-
Миллионда неше ноль бар? (6)
-
Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
-
Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
-
Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
-
Ең кіші натурал сан (1)
-
Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)
-
Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
-
Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
-
70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)
-
Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)
-
Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
-
86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)
-
Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)
-
Ең кіші екі таңбалы сан? (99)
-
11-ге кері сан? 1/11
-
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? 15
-
Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1).
-
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
-
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
-
4 ұлда неше саусақ бар? ( 80 )
-
9-ға кері сан? 1/9
-
7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан)
-
Миллионда неше ноль бар? (6)
-
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
-
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)
-
Дөңгелектің радиусы 5 см, Диаметрі қанша? (10)
-
Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрімен қосатын кесінді (радиус)
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)
-
2 ғасырда неше жыл бар 200
-
Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? 100
-
Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? 3
-
Миллиардта неше ноль бар
-
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс
3 Өзара көбейтіндісі 1 ге тең сандар өзара кері
4 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? 3мин
-
Дөңгелектің радиусы 4 см, Диаметрі қанша? (8)
-
Үш майшам жанып тұрды, Екеуін сөндірсе нешеуі қалады?
-
Алымы бөліміне тең бөлшек бұрыс
-
1 т мақта ауырма, 10ц темір ауырма?
-
Сағаттың ¼ бөлігінде неше минут бар?
-
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).
2 Дөңгелектің диаметрі 20 см, радиусы қанша? (10)
-
Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).
-
8 кері сан 1/8
-
Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3).
3 кезең
Анаграмма шешу
ы р қ а т у қ с ұ р ш б ы
д а р р я з т р ц н е
б е р е ң ш м п и р е т р е
ь и ц у к р л и р д а с у
з ұ қ ы н ы д р а а с а л
Бағалау
1 дұрыс жауап-5 ұпай
4 кезең «Дода» Әр топ категория бойынша сұрақтар таңдап жауап береді.
Логикалық сұрақтары
Ұлы тұлғалар
101 мақал, 1001 жұмбақ
Жылдам есепте
5 кезең Сөзжұмбақ шешу.
2.Қиылыспайтын түзу.
3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.
4. Ғұлама ғалым.
5. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
6. 101-99=
7. 2 ге бөлінбейтін сан.
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
10. дұрыс бөлщектер , бұрыс бөлшектер және ,,,, сандар.
6 кезең Қорытындылау.
Әділ-қазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын есептейді, жеңімпаздар анықталып, марапатталады.