- Учителю
- План урока по математике 'Графиктер'
План урока по математике 'Графиктер'
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Даулыбай Ә.
Пәні
Математика
Класы
6
күні
3.04.2015 ж.
Тақырып
Графиктер
Мақсаты
График ұғымымен өз бетімен танысу. Графикті салуды,оқуды,графиктердегі мәліметтермен жұмыс жасауды үйрену.
Күтілетін нәтиже
График ұғымы қалыптасады, график салуды, оқуды,графиктердегі мәліметтермен жұмыс жасауды біледі
Түйінді идея
Білімге жетелейтін үш жол бар: Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,
Ойлау жолы- ең игілікті жол, Тәжірибе жолы- ең қиын ащы жол. Конфуций
Уақыт
Мұғалімнің іс әрекет
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
ресурс
3мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
«Егер ..., онда...» сөйлемін толықтыруын алады.
«Егер» деп бір оқушы айтып, екіншісі «онда» бір-біріне фигура беру арқылы жалғасады.
2мин
ОХ,горизонталь,(х;0),абцисса,ОҮ,вертикаль,(0;у),ордината деп жазылған стикерлерді таңдау арқылы «Таңдағанды ал» әдісі бойынша топқа бөлінеді.
Стикерлерін таңдап алып, екі топқа бөлінеді.Координатталық жазықтық туралы білімдерін қайталап кетеді.
От шашу
7мин
«Фотосурет» әдісі арқылы топқа 2 мысал беріледі.
Әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік коорди-наталық жазықтықта сызықпен кескінделеді,оны график деп атайды.
Топ ішінде графикті оқуға , білуге, түсінуге ,салуға ұмтылады.
Тақырып артындағы сұрақтарға жауап беру
1.ОХ,ОҮ сипаттамасы
2.Әр нүкте мәні
3.Графигін жүргізу
4.Өмірмен байланысы
Фотосурет
13 мин
«Зерттеушілер» әдісі бойынша
1 тапсырма: №1149 №1150
2 тапсырма: №1151;
3 тапсырма : № 1155;№1156
Әр топ өз есебін шығарады.Қорғайды.
2 тапсырмадан кейін әр топ өз зерт-теушісін шығарады.
Екі оқушы №1155 ;№1156 тақтаға шығарады.Қалған оқушылар өз беттерімен орындайды.
Өзара бағалау.
Рр презентациясы
Оқулық
тапсырма
2 мин
Сергіту сәті. «Тек көрген түсті оқыңыз»
13мин
«Ойлан,бөліс» әдісімен жеке және топтық жұмыс №1157 №1158
Оқушылар орындарында есеп шығарады.
Топта талқылайды.
От шашу
3 мин
Кері байланыс «График»
1.Қызығушылықтарының
2.Білім деңгейлерінің
3.Жекелік белсенділіктерінің өзгерістерін графикке салу
Кеспе қағаз
2 мин
Үйге тапсырма:Табиғатта және тұрмыста қандай заттар немесе денелер ,олардың бөліктері бір-біріне қатты ұқсайды?