7


  • Учителю
  • Открытый урок для начальных классов на тему Сандар нумерациясы

Открытый урок для начальных классов на тему Сандар нумерациясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бұрған ауылындағы мектеп мектеп балабақша кешенімен

Бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Айгерим Саякбаевна



Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы

Сабықтың мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты психологиялық даярлықтан бастаған ұтымды. Оқушылар көздерін жұмады да, бастарын партаға қойып, «Мен сабақта отырмын. Мен қазір оқи бастаймын. Мен бұған қуанамын. Менің зейінім артып келеді. Барлаушы сияқты, бәрін байқап отырмын. Менің ақыл-ойым мықты, басым жақсы жұмыс істеп тұр. Менің оқығым келеді. Жұмыс істеуге дайынмын. Бастадым »,- деп, қайталайды.

2. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

Оқушыларға 3-сыныпта нені оқып-үйренгенін, нені білгенін естеріне түсіреді. Бұл оқу жылы математикадан нені білгісі, нені оқып -үйренгісі келетіндерін сұрау.

  • Қане, оқығандарыңның барлығы естеріңде ме, соны тексерейік. Ол үшін бірнеше жаттығу орындаймыз.

1) «Санда қанша бірлік (ондық, жүздік) бар?» ойын-жаттығуы.

Мақсаты: оқушыларды санның құрамын анықтауға жаттықтыру.

Үш таңбалы санды атау, ал оқушылар қатар бойынша( бірліктердің санын, ондықтардың санын, жүздіктердің санын көрсетеді) карточканын көмегімен бұл санда қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін айтады.

2) «Қандай зат қалдырылып кеткен» ойын -жаттығуы.

Мақсаты: сандардың ретін білудң пысықтау, оқушылардың зейінін дамыту. Тақтаға әртүрлі түспен, әртүрлі өлшеммен, әр бұрышқа шашыраңқы етіп жазылған 220-дан 240-қа дейінгі сандар кестесін ілу. Балаларға кестедегі сандарды рет-ретімен кестеден көрскетіп анықтау және қандай санның жоқ екенін айту ұсыну.

3. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс

Көркем жазу сәтіне мынадай тапсырмаларды ұсыну: 1,2,3,цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазырту.

  • Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.

№1 ауызша есептеуге арналған.

4. Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс

№2 тапсырманы оқушылар өздері орындап, артынан дұрыстығын тексереді. Бұл оқулықта жаңа шартты белгі ?! пайда болды. Оның «керекті материалды еске түсір» дегенді білдіретінін түсіндіру. Бұл жағдайда есептеу бірліктерінің арақатынасын қайталау қажет және жалпы сандардың ішінен ондық, жүздік, бірлікті таба білу дағдыларын бекіту.

№3 өрнектерді салыстыруды балалар қалай пайымдағандарын түсіндіре отырып орындауларына болады: гер қосылғыштар артса, онда қосындының мәні де артады. Бұл тапсырмада өрнектерді есептемей-ақ салыстыруға болатын өрнектер таңдалып алынған. Бұл бөлігінде ондықтарды, ал екіншісінде бірліктерді азайтады (қосады). Балалар өз беттерінше қорытынды жасаулары тиіс: қай бөлігінде үлкенірек есептеу бірлігін қосса, өрнектің мәні сонда үлкен болады.

№4тапсырмада көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектейді. Бұл тапсырма сондай-ақ есептеу бірлігінің және шамалардың арақатынасы туралы білімдерін бекітуге арналған. Сыныпта 1-2 жолын орындатып, қалғанын үйде орындауға беру.

5. Өтілген материалмен жұмыс.

№5 есеппен жұмыс

  • Бұл есеп кім туралы? Есептің сұрағын оқыңдар. Бұл сұраққа бірден жауап беруге бола ма? Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? 3 дәрігер қанша баланы қабылдағанын біле аламыз ба? Қандай амалмен? Неге көбейтумен? 3 дәрігердің қанша бала қабылдағанын біле отырып, дәрігерлер бір күнде қанша бала қабылдағанын біле аламыз ба? Не белгісіз? Тағы екі дәрігер қанша бала қабылдағанын біле аламыз ба? Қандай амалмен? Неге? 3 дәрігер және 2 дәрігер қанша бала қабылдағанын біле отырып, дәрігерлердің қабылдауында барлығы қанша бала болғанын біле аламыз ба? Қандай амалмен?

№7 тапсырмада кесте бойынша өрнектер құрастырып, жазады. Олардың мәнін табады. Белгілі бір бөлігін ғана орындауға да болады. Қалғанын балалар үйде орындайды.

6. Өздік жұмыс.

№5тің ә) бөлігін оқушылар өздігінен орындап, тексереді. Өздік жұмысқа №6 мен №8 тапсырмаларды беру. №9 тапсырмада логикалық есепті шығару үшін көрнекі құралды пайдалану. Түсініп орындау үшін дәптердің 4 торкөзін мүмкіндігінше тиімді іріктеуді таңдап, бояуды ұсынуға болады.

7. Үй тапсырмасы:

8. Рефлексия.

Сабақты қорытындылау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал