7


  • Учителю
  • Күнтізбелік жоспар 'Логикадан вариативтік курс жоспары'

Күнтізбелік жоспар 'Логикадан вариативтік курс жоспары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5-сынып «Математикалық логика» қолданбалы курс бағдарламасы

Түсінік хат

Мектептің бүгінгі реформасы, қоғамның информатизациялануымен қатар, білімді гуманизациялануына бағытталған, оның мектептің алдына қоятын негізгі мақсаты - ақпараттық қоғамда күнделікті өмірге оқушыны дайындау.

Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді, екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).

Бағдарлама 5 - сыныпқа математика пәнінен барлығы 34 сағатқа арналған (аптасына 1 сағат)

Мақсаты: жалпы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептерді шығаруда формулаларды пайдалану біліктілігін дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

  • Ізденімпаздық, швғармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

  • Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;

  • Есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету.

Пәнді меңгертуге қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

  • Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;

  • Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;

Оқушы үйренуі тиіс:

  • Процент анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығаруды;

  • Кейбір сандардың шапшаң квадраттау тәсілін;

  • Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешуді;

  • Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.

Тақырыптық жоспарлау

Апталық 1 сағат, барлығы 34 сағат

Р/с

Мазмұны

Жалпы сағат саны

Мерзімі

1-8

Теңдеу және оның түрлері

8

1

Теңдеу және оның шығу тарихы

1

2

Теңдеуге есептер шығару

1

3

Теңдеудің түрлері

1

4

Күрделі теңдеулерге есептер шығару

1

5

Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару

1

6

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнері»

1

7

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнеріне» есептер шығару

1

8

Есептер шығару

1

1-7

Қызықты есептерге теңдеу құру

7

1

Теңдеу біздің өмірімізде

1

2

Қызықты есептерді теңдеу құру арқылы шешу

1

3

Шапшаң есептеудің әдістері

1

4

Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісі

1

5

Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісіне есеп шығару

1

6

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісі

1

7

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісіне есептер шығару.

1

1-6

Мүмкіндік есептеу тәсілі

6

1

Тізбектерге есептер шығару

1

2

Мүмкіндік есептеу тәсілі

1

3

Мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару

1

4

Мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару

1

5

Әріптер түрінде берілген есептер

1

6

Есептер шығару

1

1-12

Жалпы логикалық есептер

13

1

Жұмбақ логикалық есептер шешу

1

2

Анаграмма шешу

1

3

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу

1

4

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары

1

5

Ребус түріндегі есептер

1

6

Қызықты есептер

1

7

Арифметикалық ребус

1

8

Жалпы логикалық есептер

1

9

Логикалық есептер

1

10

Санды және сиқырлы квадраттар

1

11

Логикалық есептерді шешу

1

12

Сынақ алу


13

Қорытынды.


34

Оқу курсының тақырыптық мазмұны

Теңдеу және оның түрлері (8 сағат)

Теңдеу және оның шығу тарихы, теңдеуге есептер шығару;

Теңдеудің түрлері, күрделі теңдеулерге есептер шығару;

Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару;

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнері;

Теңдеу арқылы «ойдағы санды табу өнеріне» есептер шығару, есептер шығару.

Қызықты есептерге теңдеу құру (7 сағат)

Теңдеу біздің өмірімізде, қызықты есептерді теңдеу құру арқылы шешу;

Шапшаң есептеудің кейбір әдістері, кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісі;

Кез келген санның квадратын шапшаң есептеу әдісіне есеп шығару;

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісі;

Натурал сандардың шапшаң қосу мен азайту әдісіне есептер шығару.

Мүмкіндік есептеу тәсілі (6 сағат)

Тізбектерге есептер шығару;

Мүмкіндік есептеу тәсілі, мүмкіндік есептеу тәсіліне есептер шығару;

Әріптер түрінде берілген есептер шешу, есептер шығару.

Жалпы логикалық есептер (13 сағат)

Жұмбақ логикалық есептер шешу, анаграмма шешу;

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары;

Қызықты есептер;

Арифметикалық ребустар жалпы логикалық есептер;

Қорытынды (1 сағат)

Оқушыларға қосымша берілетін тақырыптар:

  1. Жазықтықтағы фигуралар әлемі.

  2. Бөлгіштік бөлу тарихы.

  3. Проценттерге күрделі есептер шығару.

  4. Банкке салынған қаржының күрделі проценттік өсу формуласы.

  5. Сызықтық теңсіздіктер.

Оқу деңгейін бақылау:

1 - кесте - бағалау өлшемдері

Бағалау

% пайыз мөлшері

Балл бойынша

«5» - өте жақсы

85-100%

5

«4» - жақсы

70-84%

4

«3» - қанағаттанарлық

40-69%

3

«2» - қанағаттанарлықсыз

20-39%

2

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ершова А.П, Голобордько В.В. Илекса, 2010

  2. Ә. Тұрғынбаев «Логика» Алматы , 2004

  3. Е. Шаханов «Логикалық жаттығулар жинағы» Астана, 1999

  4. В.Кравчук, Г. Янченко Математика-5, 2001

  5. Т.А.Алдамұратов математика 5 сынып, 2011ж




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал