- Учителю
- : Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.
: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар, компьютер, бағалау парағы..
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс, СТО технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
1. Жай бөлшектерді қосу және азайту.
2. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу
3. Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?
4. Қандай түрлендіру орындалған?
ІІІ. Тиісті сандарды орнына қой.
Құстарға көмектесу.
Графикалық диктант:
- иә, - жоқ
1. Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлікке бөлу керек.( жоқ)
2. Бөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек(ия)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлек бұрыс бөлшек.(жоқ)
4. бөлшектері қыс қарылмайтын бөлшектер.(ия)
5. Көбейтіндісі 1 - ге тең болатын сандар өзара кері сандар.( ия)
6. Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.(ия)
7. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады(жоқ)
8. Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.(ия)
Жауабы:
IV Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында - ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы:
1) 1, 2 санында 1 - бүтін бөлігі, 2 - бөлшек бөлігі
2) 4, 23 санында 4 - бүтін бөлігі, 23 - бөлшек бөлігі
3) 12, 56 санында 12 - бүтін бөлігі, 56 - бөлшек бөлігі
4) 0, 352 санында 0 - бүтін бөлігі, 352 - бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т. с. с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз
Мысалы: Тең ондық бөлшектерді жазу
Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 7, 5= 7, 50= 7, 50000 2) 0, 03 =0, 030= 0, 03000 3) 4, 0070000 =4, 00700=4. 007
Ондық бөлшектердің разрядтары
Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:
Ондық бөлшектер разрядтары
......... Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік ' Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес........
Ондық бөлшектерді оқу
Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.
Ондық бөлшектер разрядтары
......... Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік ' Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес........
3 5, 5 5 5
1 0 0, 0 0 2 2 3
35, 555 - отыз бес бүтін мыңнан бес жүз елу бес.
102, 00243 - жүз бүтін жүз мыңнан екі жүз жиырма үш.
Ондық бөлшектер разрядтары
......... Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік ' Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес.......
VI Есептер шығару: ауызша №884,№886 жазбаша: №890, №891
VI. Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:
1. Тең ондық бөлшектердің теңдік құрастырыңдар.
0, 4; 3, 56; 1, 2; 3, 56000; 0, 40; 0, 4000; 1, 02; 1, 20.
2. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:
1, 7
=
0, 12
3, 003
3. Жай бөлшек ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
3/10
= 0, 3
1 37/100
3 221/1000
3/10
4. 4, 648 санында қанша ондық таңба бар және оны көрсет.
5. сөйлемдегі кезедесетін санды жаз.
Күн сәулесі Жерге сегіз бүтін оннан бес минутта жетеді.
Дарынды оқушы №892, №894
VII «Сергіту сәті» (логикалық сұрақ)
Логикалық сұрақтар:
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км - ден шабады? (60 км)
VIII. Бекіту сұрақтары:
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
3. Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
4. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
5. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
6. Бес бүтін мыңнан он сегіз саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
7. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 13, 55 санына тең бөлшекке мысал келтір.
8. Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?
9. Ондық таңба деген не?
ІХ. Үйге тапсырма №888 №889
Рефлексия:
Білемін
Білдім
Білгім келеді?
Үйрендім