7


  • Учителю
  • Конспект урока по математике для 6 класса 'Сызықтық теңсіздіктер'

Конспект урока по математике для 6 класса 'Сызықтық теңсіздіктер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1.       Сабақтың мақсаты: 1) Сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;                                         2) Теңсіздіктерді шешу және шешімдер жиынын анықтай білуге үйрету;                                         3) Ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу;2. Саб
предварительный просмотр материала
  1. Сабақтың мақсаты: 1) Сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;

2) Теңсіздіктерді шешу және шешімдер жиынын анықтай білуге үйрету;

3) Ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу;

2. Сабақ түрі: білімді бекіту.

3.Сабақ типі: әдеби-монтажды сабақ.

4. Қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, тест тапсырмалары.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

  2. Үй тапсырмасын тексеру 5 минут

  3. Білімді бекіту тапсырмалары 30 минут

  4. Сабақты қорыту, білім бағалау 4 минут

  5. Үйге тапсырма беру 1 минут

Сабақ барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру, сабақтың барысы мен мақсаты туралы түсінік

II.Үй тапсырмасын тексеру


III.Білімді бекіту тапсырмалары

  1. Музыкалық -әдеби монтаж

1-оқушы : Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап, қайта тұрып,

Осы күнге жеттік біз.

2-оқушы: Математика Ұлы атамыз,

Қажет болды адамдарға.

Туын жықпай келе жатыр,

Мынау қилы замандарда.

  1. Сұрақпен жұмыс

  1. Теңсіздіктің түрлері

  2. Сан аралықтары

  3. Теңсіздік қасиеттері


3-оқушы: Азияда ғылым қашан,

Нұрын шашты жарқырай?

Ғалымдары кімдер болды,

Айтыңдаршы жалпылай?!

4- оқушы: Ғалым болған ұл-қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлықбекті отқа жақты,

Сол заманның құзғындары.

5- оқушы: «Екінші ұстаз»- деп атады,

Фарабиді жұрт түгел.

Атамыздың трактатын,

Бағалы әлі ,мықты дер.

6-оқушы: Әл-Бируни-Әбуәли,

-Өзбекстан, тәжікстан !

Елдерінің мақтаны,

Қатарынан озып шыққан.

7- оқушы: Тоғызыншы - он бесінші,

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге,

Бұлар - Азия ғалымы.

  1. Карточка тапсырмаларын орындау.

Теңсіздіктерді сан түзуінде кескіндеп, шешімдер жиынын сан аралығында жазыңдар.

  1. Х ≤ 3 , Х › -5,2

  2. Х ≥ 2, Х ‹ -3,7

  3. Х ≥ 7, Х ‹ -6,5

8-оқушы: Еуропа ғалымдары,

Бастау алды бұлардан.

Барын алып, жоғын тауып,

Алақайлап қуанған.

9-оқушы: Қолына алып бағындырды,

Он алтыншы ғасырды.

Білімді де, ғылымды да,

Пайдасына асырды.

10-оқушыы: Француздан виет шықты,

Кезегім менің келді деп.

Алгебралық символдарды,

Әріптермен белгілеп.

11-оқушы: Іле-шала Декарт келді,

Осы күнгі белгіні ап.

Бүгінгі ұрпақ, жазып жүрміз,

Декартша әлі белгілеп.

12-оқушы: Куб теңдеуді шешеміз деп,

Талап қылды әркімдер.

Итальяндық Тарталья алғаш,

Шешкен нағыз - кемеңгер!

13- оқушы: Мұра қылып жазып кетті,

Кардано оны жазбаша.

Бізге бүгін жетер ме еді,

Егерде ешкім жазбаса?

14-оқушы: Геометриялық тәсілменен,

Куб теңдеуді Хайям шешкен.

Әрі ақын ,әрі ғалым,

Мол бақытты бастан кешкен.

  1. Есептер шығару.

Х-тің мәні болатын натурал сандарды жаз:

  1. 14,2 ≤ Х ≤ 21, Х= 15, 16, 17, 18, 19,20,21.

  2. 8,3 ≤ Х ≤ 15 , Х= 9 ,10, 11,12,13,14,15.

  3. 5,5 ≤ Х ≤ 11,2, Х= 6, 7, 8, 9, 10, 11.

15-оқушы:Орыстарда бұл ғылым,

Дамыды қашан қарыштап.

Аты шықты кімдердің,

Айтыңдаршы дұрыстап.

16-оқушы: Орыстар да бастау алып,

Он жетінші ғасырдан.

Өндірісте, ғылымда,

Жаңалықтар ашылған.

17-оқушы: Ломоносов, Лобачевский-

Аты шыққан ғалымдар.

Мақтанышы өз елінің,

Мәңгі өшпес жалындар.

  1. Тест тапсырмаларын орындау.

р/с

1-нұсқа

р/с

2-нұсқа


1


Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

2,3 Х ≤ 6,6


А) б) в)

1


Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

-1,2 Х ≤ 3,2


А) б) в)

2


Х-тің мәнін табыңыз: 19 21


А) 19; б) 20; в) 21.


2


Х-тің мәнін табыңыз: 17 х 19


А) 17; б) 18; в) 19.

3

Теңсіздікті шешіңіз: 2х 12


А) б) в)

3

Теңсіздікті шешіңіз: 3х 12


А) б) в)


IV.Сабақты қорыту , оқушы білімін бағалау.

Сұрақтар: 1) Азия ғалымдары (Ұлықбек, Фараби, Әл-Бируни)

2) Еуропа ғалымдары (Декарт, Виет, Тарталья, Кардано)

3) Орыс ғалымдары (Ломоносов, Лобачевский)

4) Қазіргі қазақтан шыққан математик ғалымдар.

«Математиканың әні» орындалады.

V.Үйге тапсырма





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал