- Учителю
- Коэффициент. ҰқСас қосылғыштарды біріктіру. 6 Сынып
Коэффициент. ҰқСас қосылғыштарды біріктіру. 6 Сынып
Реті: 92
Пән: математика
Сынып: 6 «д»
Күні: ____________ж
Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Карточка
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасы: №748,749
ІІ Жаңа сабақ .
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
-
Олардың коэффициенттерін қосу керек.
-
Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
2,8х - 7у +5,6 +3у-4х-2 = (2,8 -4 )х + (-7+3)у + (5,6 -2) = -1,2х-4у +3,6
1,2,3,4 - мысалдарды тақтада шығарып, талдап көрсету.
ІІІ Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: №757
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №758,760,761
№758
-
2a-8a+3a=-3a
-
7a-13a-4a=-10a
-
9b-5b-3b=b
-
8b+4b-7b=5b
-
0.6c-c+0.5c=0.1c
-
2.9c+3c-10c=-4.1c
№760
-
1,3a-2+4,6a=5.9a-2
-
5.7a-8-a=4.7-8
-
10.2b-5.3b-6=4.9b-6
-
7-3.8b-9b=7-12.8b
-
-3-4.9c+10=7-4.9c
-
15c+3-2.9c=12.1c+3
№761
-
3.3a+(a-4)=3.3a+a-4=4.3a-4
-
5a-(0.7a+8)=5a-0.7a-8=4.3a-8
-
5.3b-(2b+3)=5.3-2b-3=3.3b-3
-
9.6b+(7-0.4b)=9.6b+7-0.4b=9.2b+7
-
2c-(9-5.1c)=2c-9+5.1c=-3.1c-9
-
-5c+13-6c)=-5c+13-6c=13-11c
ІV. Сабақты бекіту кезеңі:
1.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз?
2.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіледі?
V.Сабақты қорытындылау:
Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
VІ. Үй жұмысы: 1) §4.3
2) №759