- Учителю
- Урок по математике на тему Формулалар (5 класс)
Урок по математике на тему Формулалар (5 класс)
Жумабаева У.Ж.
№51 гимназия
Математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Формулалар
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға формулаларды, яғни тік төртбұрыш пен квадраттың периметрінің, ауданының формуласын және жолдың формулаларын меңгерту;
Ә) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, белсенділікке, тиянақтылыққа баулу;
Б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, «Кубизм» әдісі, «Ассоциация» әдісі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Квадрат, тік төртбұрыштар денесі, сызғыш, бағалау парағы, оқулық.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Жеке, топпен.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Математика 5 класс. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. «Атамұра», 2015ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды 6 топқа геометриялық денелер арқылы бөліп отырғызамын. Топ басшысы сайланады. Үй тапсырмасын екі оқушыдан сұралады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№506 және №510 есептер.
ІІІ. Ой қозғау.
S=ab P=2a+2b
V=abc S=vt
IV. Мағынаны тану.
Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. Мұндай жағдайда ережелер формуламен жазылған дейміз.
І. Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы:
Периметр - жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең. а
P=2a+2b немесе P=2(a+b) b
Мұндағы Р - тік төртбұрыштың периметрі, а - ұзындығы, b - ені.
Квадрат - барлық қабырғылары тең тік төртбұрыш. Квадраттың периметрінің формуласы:
a
P=4a a
ІІ. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы.
Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.
S=ab
Квадраттың ауданы оның қабырғасының квадратына тең.
S=a2
ІІІ. Жолдың формуласы.
Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең. Жолдың формуласы:
s=vt
Мұндағы s - жүрылген жолдың ұзындығы, v - жылдамдық, t - уақыт.
V. Шығармашылық жұмыс. Кітаппен жұмыс. «Кубизм» әдісі бойынша оқушыларға әр топқа есеп беріледі.
1-топқа: №516 есеп.
2-топқа: №518 есеп.
3-топқа: №519 есеп.
4-топқа: №521 есеп.
5-топқа: №522 есеп.
6-топқа: №523 есеп.
VI. Бекіту.
Әр топ келесі топқа сұрақ қояды.
VII. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, мұғалімге айтады.
VIII. Үйге тапсырма.
№525, №527 есептер.