- Учителю
- Конспект урока по математике на тему 'Жай және құрама сандар'
Конспект урока по математике на тему 'Жай және құрама сандар'
Жай және құрама сандар.
Сембаева Бакыт Алдажаровна
« Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп » мемелекеттік мекемесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жай және құрама сандарды ажырата білуге,жай сандар кестесін пайдалана алуға,құрама сандардың бөлгіштерін таба білуге үйрету.
Білімділік мақсаты: Жай және құрама сандарды ажырата білу,құрама сандардың бөлгіштерін таба алу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін,өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірінің жауаптарын тындап,қарым -қатынас жасай білуге адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың талаптары: 1) проблемалық ситуация туғызу
2) Теориялық білімдерін практикада қолдана білу.
3) Әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жай және құрама сандарды ажырату.
4) Қорытынды жасай білу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс тәсілдер: жеке дара жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,интербелсенді оқу технологиясының элементтерін қолдану.
Сабаққа керекті құрал -жабдықтар: интерактивті тақта,үлестірмелі карточкалар,кестелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушыларды түгендеу,сыныптың сабаққа даындығын тексеру.
-
Сабақ мақсатымен таныстыру.
36
31
21
7
2.Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:1) Сандардың барлық бөлгіштерін теріп жазыңдар:
2.20-дан 40-қа дейінгі сандар ішінен 2-ге еселік сандарды атаңдар.
3.20 алманы 3 балаға бөліп берсен неше алма артық қалады?
4. Құрастыру : Жүк машинасы кірпіш әкелді.
Жүк машинасындағы қандай сан-кірпіштер? Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.
3.Жаңа сабақ. Тапсырма: Берілген сандардың ішінен екі бөлгіші бар сандарды бір бағанға,екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші бағанға жазыңдар.
3;7; 9;11;17;20;24;19;23;35;37;42;51;53;60.
Қорытынды жасаңдар. Қандай сандар жай сандар деп,қандай сандар құрама сандар деп аталады?
Тапсырма: а) 2, 5, 7 үш сан-кірпіштерді алыңдар және олардың көбейтіндісін табыңдар.
Қандай сан шықты, жай әлде құрама ?
ә) 13, 2 екі сан-кірпішті алыңдар және олардың көбейтіндісін былай табыңдар:
Қандай сан шықты, құрама сан әлде жай сан ба?
4. Жай сандар кестесімен жұмыс. Тапсырма 1: 1-ден 40-қа дейінгі сандардың ішінен екі және оданда көп бөлгіштері бар сандардың астын сызыңдар. Карточка1.
-
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,
11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,
21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,
31,32,33,34,35,36,37,38,39,40
Тапсырма 2. Берілген сандардың ішінен жай сандарды ерекшелеңдер: 37,43,63,8,66,17,81,91,23,40,96,97,11.
Тапсырма 3. Берілген сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 33,46,26.
5.Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару. № 249. Натурал санның 2-ге,3-ке,5-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып,дәлелдеңдер.
1) 117,122,205,219,393,422,535,927 сандарының құрама сандар екенін.
2) 17,23,43,67,89,103 сандарының жай сандар екенін.
№251. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см,биіктігі 5см.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме,әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар?
6. Қорытынды : « Эратосфен елегі » тәсілін пайдаланып
а) 2-ден 20-ға дейінгі;
ә) 2-ден 50-ге дейінгі жай сандар кестесін дайындаңдар.
7.Білім шыңы. Оқушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма: § 2.5 ,№ 256,259. Жай ж әне құрама сандар туралы өлең құрастыр.
Павлодар облысы
Май ауданы. Қаратерек ауылы.