- Учителю
- Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратына есептер шығару (7-класс)
Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратына есептер шығару (7-класс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты »формулаларын пайдаланып, өрнектерді ықшамдау, түрлендіру тәсілдерін меңгерту.
Тәрбиелілігі:Шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа,ұқыптылыққа,ұжымдық ауызбіршілікке,еңбекқорлыққа,адамгершілікке,дұрыс логикаклық ойлауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының белсенділігін, зейінін, ойлау қабілетін дамыту. Өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілетің дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған карточкалар, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Математикалық жарыстар
ІІІ Сабақты қорытындылау
Сабақтың барысы:
-
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз
І - топ: «Зерек » тобы
ІІ -топ: «Тұлпар» тобы
ІІІ - топ: «Кәсіпкер » тобы
«Зерек» тобы оқушыларына екі өрнектің қосындысының квадраты мен айырымының квадраты формулаларын жазу;
(a-b)2 =a2 -2ab+b2
(a+b)2 =a2 +2ab+b2
«Тұлпар» тобы тепе-теңдікті дәлелдейді.
(a-b)2 =(a-b)(a-b)= a2-ab-ab+b2 = a2-2ab+b2
(a+b)2 =(a+b)(a+b)= a2+ab+ab+b2 = a2+2ab+b2
«Кәсіпкер» тобы оқушыларынан1-20 сандардың квадраттары ауызша сұралады.
-
Әр топқа бір-бір карточкалар беріледі.
1-карточка. Көпмүше түрінде жаз:
1)(2у+1) (2у+1)= 2)(у-3) (у-3)= 3)(3у-4х)2=
4)(m+5h)2= 5)(2с-3b)2 = 6)(b-7)2 =
2-карточка. Көпмүше түрінде жаз:
1)(2m+n)2 = 2)(a+2c)2= 5)(5x-4)2=
4)(m-3n)2= 3) (b-2c)2= 6)(4х-2)
3-карточка. Көпмүше түрінде жаз
1)(2a+2b)2= 2) (a-c)(a-c)= 3)(a-c)2=
4)(3x-4)2= 5)(2y+3c)2= 6)(d-c)2=
3. Есептер шығару. (кітаппен жұмыс)
№349- (Плакат арқылы) №350,№351,№352
4. Сергіту сәті
1.Столдың төрт бұрышы бар еді, бір бұрышын кесіп алсақ қанша бұрыш қалады?
2. Ағаш басында 10 қарға отыр 2 -ін атып алған едім, ағаш басында қанша қарға қалды?
3.Екі әке екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды?
4.Тал басында тізіліп 50 жапырақ тұр еді. Жел соқтыда үзіліп түсті 20 сы, ізінше оның тағы да түсті, тағы 5 -еуі. Тұр әлі ілініп жапырақтың нешеуі?
5. Сабақты пысықтау
6. Қорыту: Жеңімпаз топты хабарлау. Белсене қатысқан оқушыларға алғыс!
Үй тапсырмасын беру.№353,№354
№17 Ә.Қастеев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратына есептер шығару
Джусипова А
2013-2014жж