- Учителю
- ШЕҢБЕР. ДӨҢГЕЛЕК сабақ жоспары
ШЕҢБЕР. ДӨҢГЕЛЕК сабақ жоспары
Облыстық санатолық мектеп-интернат
Математика пәнінен ашық сабақ тақырыбы:
Сынып: 5-сынып
Мұғалімі: Салатова К. Т.
2016-2017 оқу жылы
Күні:
Сыныбы: 5-сынып
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек.
Сабақтың мақсаты:
Біліктілік: Шеңбер және оның элементтері (диаметр , радиус , доға) туралы түсініктерін қалыптастыру, шеңбердің радиусын , диаметрін белгілеулермен жаза білуге дағдыландыру. Дөңгелек туралы түсінік қалыптастыру.
Дамыту: Ойлау, есте сақтау қабілетін, циркульдің көмегімен шеңбер салуды үйрету. Дөңгелектің, шеңбердің радиусы және диаметрін анықтай білу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: геометрия, астрономия.
Көрнекілік: циркуль, транспортир, сызғыш, қарандаш.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау сұрақтары:
-
Бұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
-
Бұрыштың өлшем бірлігі.
-
Бұрышты өлшейтін құрал
-
Бұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?
-
Әрбір бұрыштарға сипаттама беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ:
-
Арақашықтықты өлшейтін құрал (сызғыш).
-
Түзудің екі жағынан щектелген бөлігі (кесінді).
-
Құрамында белгісізі бар өрнек (теңдеу)
-
Бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұратын бөлік (бұрыш).
-
Түзудің бір жағынан шектелген бөлігі (сәуле)
-
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
Сонымен анықтағандайымыздай. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Шеңбер. Дөңгелек
Шеңбер - барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын фигура.
Радиус - шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Шеңбердің радиусы латынның R әрпімен белгіленеді.
Диаметр - шеңбердің центрі арқылы өтетіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі латынның D әрпімен белгіленеді, диаметр екі радиусқа тең болады.
D=2R
Шеңбердің диаметрі белгілі болса, оның радиусын табу үшін мына формуланы қолданамыз:
R= D:2
Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі дөңгелек деп аталады.
Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.
ІV. Есептер шығару
№478
а) шеңбердің бойында: B; D.
ә) дөңгелекте: C; O; E.
б) дөңгелек сыртында: A; L; K.
№479
Дәптерге О нүктесін белгілеңдер. О нүктесін центр етіп алып, шеңбер сызыңдар. Дөңгелекті бояңдар.
-
Шеңбердің радиусын өлшеп, оны жазыңдар.
-
Дөңгелек диаметрі неше сантиметр? Оны жазыңдар.
№480
-
Шеңбердің радиусы 11см. Шеңбердің диаметрін табыңдар;
Берілгені: Шешуі:
R-11см. D=2 R
D-? D=2*11см=22см.
Ж/бы: D= 22см.
-
Айдың диаметрі 3476 м. Айдың радиусын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
D -3476 м. R= D:2
R -? R =3476м: 2=1738м.
Ж/бы: R = 1738м.
VI. Қорытынды: Бекіту сұрақтары?
-
Шеңбер деген не? Дөңгелек деген не?
-
Шеңбердің радиусы деген не?
-
Шеңбердің диаметрі деген не?
-
Доға дегеніміз не?
</ VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма § №481, №487