7


  • Учителю
  • Презентация по математике на тему 'Қайталау' (2 класс)

Презентация по математике на тему 'Қайталау' (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 9 санын қосу және азайту жөнінде алған білімдерін тиянақтау.Ондықтан аттап қосу, азайтуды орындауға,есептеуге машықтану. Ойлауын, есте сақтауын, ықыласын дамыту, тез есептеу дағдыларын жетілдіру. Досының жауабын тыңдай білуге дағдылану.Білімге деген құштарлығын
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: 9 санын қосу және азайту жөнінде алған білімдерін тиянақтау.

Ондықтан аттап қосу, азайтуды орындауға,есептеуге машықтану. Ойлауын, есте сақтауын, ықыласын дамыту, тез есептеу дағдыларын жетілдіру. Досының жауабын тыңдай білуге дағдылану.

Білімге деген құштарлығын арттыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға,ұқыптылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,есептеу.

Көрнекілігі: слайд,қималар,суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сабаққа даярлық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Ізгілікті ниетпен,

Амандасып алайық,

Қане сабақ бастайық.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше сабағымызды бастайық.

Слайд. Елбасымыздың жолдауына назар салайық. Н. Назарбаевтың сөзін оқу. Біздің келешегіміз сендерсіңдер. Келешекте ел басқаратын адам қандай болу керек? (Білімді, дені сау). Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт ойындарын ойнаймыз. Жуырда қандай мереке келе жатыр? Президент күні. Иә, 1-желтоқсан тұңғыш президент күні. Мемлекетіміз қандай мемлекет? Тәуелсіз мемлекет. Атамыз айтқандай келешегіміз сендерсіңдер, қане білімімізді көрсетейік.

Өткенді қайталау:

Сабақ мақсатымен таныстыру: 9 санын қосу және азайту.

9 саны туралы не білеміз?

9 - ең үлкен бір таңбалы тақ сан.

9 - тепе-теңдік белгісі.

9 жолдың торабы.

9 санының мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші күштің белгісі.

9 символы - темір мен қару жасайтын темірлер.

9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.

Сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақытты сан - дейді.

9 саны - адам жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.

Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп есептеген.

9 санының негізгі мағынасы-ұзақ өмір.

Тоғызқұмалақ қазақ ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

Көркем жазу: 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9

Слайд: «Кім жылдам?» Математикалық диктант

2+9 12-9 3+9 16-9 5+8 17-9 7+6

18-9 9+7 14-9 8+9 11-9 Бір-бірін тексеру, бағалау.

Слайд: Жауаптары: 11 3 12 7 13 8 13 9 16 5 17 2

Слайд: «Футбол» ойыны.

  1. Теңдеу шешу.

Х+9=18 18-х=9 х-9=9

  1. Әріпті өрнек.

А) 9 саны мен а-ның қосындысы а = 80, 9

Б) а мен 9 санының айырмасы а = 89, 18

Слайд: «Баскетбол ойыны». Ауызша. Доптар. Сандар құрамы ондықтан аттап қосу.

9+6 8+9

8+8 5+6

7+9 7+7

9+9 6+8

Сергіту:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Кітаппен жұмыс:

Слайд: «Волейбол ойыны» Есептер

  1. Ауызша:Электр желісін жөндеушілер 18 метр сым әкелген еді. Олар 7 метр сымды қиып алды. Неше метр сым қалды?

Әкелді-18 м

Қиып алды- 7 м

Қалды-?

18-7=11 (метр сым)

Жауабы: 11 метр сым қалды.

  1. Электр желісін жөндеушілер 18 метр сым әкелген еді. Алдымен олар 7 метр, сонан соң тағы сонша метр сым қиып алды. Неше метр сым қалды?

Әкелді-18 м

Қиып алды - ? 7м және сонша

Қалды - ?

18-(7+7)=4 (метр)

Жауабы: 4 метр сым қалды.

Слайд: «Теннис ойыны» өрнек салыстыру.

4+7* 13-6 5+6* 14-8

6+7* 8+8 15-9* 11-7

18-9* 14-5 12-6* 8+4

Бекіту: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың айтқанын ылғи жанымызда ұстап, білімді ұрпақ болуға тырысайық. Үнемі спортпен айналысып жүрейік. Қандай спортсмендерді білеміз?

Қорыту: Сабақ ұнады ма? Ендеше, стадионды доппен толтырайық. (Ақ және қызыл доптарды үлестіру, сабақты ұнатқандар қызыл доп, ұнатпағандары ақ доппен стадионды толтырады).

Бағалау: Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: № 4. 85-бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал