7


  • Учителю
  • Сайыс Математик касіпкер 9 класс

Сайыс Математик касіпкер 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: МАТЕМАТИК-КӘСІПКЕР (Сыныптан тыс жұмыс )

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың логикалық сұрақтарды тез шеше білу, кәсіпкерлік мамандығында математиканың қаншалықты керек екендігін ұғындыру.

2. Дамытушылық: логикалық ой-өрісін өсіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды жылдам шеше білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: достық қарым-қатнасқа, жауапкершілікке, жылдамдыққа үйрету.

Түрі:

Сабақ жоспары:

1. Таныстыру

2. Кім жылдам?

3. Логикалық есептер

5. «Математика жұмбақтары»

6. Жорға

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

Оқушыларды топтарға бөлу, ойынның тәртібі мен таныстыру.

Ойынның өтілу тәртібі.

Ойынға 3 топ қатысады,әр топ банк басқармасы болып табылады.

1. Банктің президенті,атауы болады.

2. Әр банктың бастапқы капиталы 10 000 теңге болады.

3. Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына тапсырманың қиындығына сәйкес қаржы түсіп отырады.

4. Топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.



Сайыс Математик касіпкер 9 класс Сайыс Математик касіпкер 9 класс



І тапсырма таныстыру: тапсырма құны 1000тг

Сайыс Математик касіпкер 9 классСайыс Математик касіпкер 9 класс

ІІ тапсырма: «Кім жылдам»

  • Сайысқа топ басшылары қатысады.

  • Сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Бір сұрақ бағасы 500 тг.

  • Жауап бере алмаса шотынан ақша алынады.

Жауабын білмеген жағдайда «Келесі» деп айту керек.

Сайыс Математик касіпкер 9 классСайыс Математик касіпкер 9 класс

І топ сұрақтары

1. Математика сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді

2. Екі жағы шектелген түзу.

3. Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы.

4. Температураны өлшейтін құрал.

5. Рационал сандар жиынын қандай әріппен белгілейміз.

6. Тік бұрыштан кіші бұрыш

7. Бір таудың екі күзетшісі,екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. Ол не?

8. Ең үлкен екі таңбалы сан

9. 8-ге кері сан

10. Сағаттың төрттен бір бөлігі





ІІ топ сұрақтары

1.Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді.

2. Басталатын нүктесі бар сызық

3. Қарама-қарсы катеттің гипотенузаға қатынасы

4. Дененің массасын өлшейтін құрал

5. Нақты сандар жиынын қандай әріптермен белгілейміз.

6. Жазыңқы бұрыштың жартысына тең бұрыш

7. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді.

8. Ең кіші жай сан

9. 1/3 ке кері сан

10. Күннің көзі жылына неше рет шығады.



ІІІ топ сұрақтары

1. Арифметика сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді

2. Фигуралардың ішіндегі ең қарапайым фигура

3. Қарама-қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы.

4. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал

5. Бүтін сандар жиынын қандай әріптермен белгілейміз.

6. Қабырғалары түзу құрайтын бұрыш

7. Қос құлақты 100 тісті, жүзінен бірақ із түсті.

8. Ең кіші екі таңбалы сан

9. 6- ға қарама-қарсы сан

10. Қосу амалын өрнектейтін белгі.



ІІІ тапсырма «Қөңілді математика»



  • Бұл сайыста құны 1000 тг, 2000 тг және 3000 тг 12 сұрақ қойылады.

  • Топ мүшелері қол көтеру арқылы жауап беріп ұпай жинайды.

Есептің құндылығы - 1000 теңге

№1.

Төрт қойдың неше аяғы бар?

№ 2.

Арман, Аян, Айбек ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Айбек, Арманнан, ал Аян Айбектен кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

№3

Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы "3" емес, Анардың бағасы "3"-те, "5"-те емес, сонда әркім қандай баға алған.

№ 4.

Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 1 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайықтар нешеу?

Есептің құндылығы - 2000 теңге

№ 1

Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

№2.

Аулада тауықтар мен қозылар жайылып жүр. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың аяқтарының саны 40. Аулада неше қозы неше тауық жайылып жүр?

№3

Көрейін сенде қанша ақыл мен ес, балапан көжек санын өзің тапшы?

Аяқтар 94, басы 35

№4.

Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6м көтеріледі. Ал түнде 4м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?

Сайыс Математик касіпкер 9 класс Сайыс Математик касіпкер 9 класс



Есептің құндылығы - 3000 теңге.

№ 1

Әже әрбір тоқылған свитерді 3 мың теңгеге сатады. Егер ол бір свитерге 3 орам жіп әр бірі 250 тг, және 200тг бисер кеткен болса, бір свитерден қанша пайда тапқан?

№2

Мектеп асханасында бірінші күні 100пиражки әрқайсысын 10 тг сатылды. Екінші күні пирожкидің бағасын 10% арзандатып,110 пирожки сатылды. Асхана қай күні көп пайда тапқан ?

№3

Екі дос пайда табуға кіріседі, олар киоскадан 30теңгеліктен 100журнал сатып алады, және әр журналды 50теңгеден сатады. Балалар барлық журналдарды сатқан соң, қанша табыс табады?

№4

Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге береді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса 150 теңге ғана болады. Неліктен?



ІV тапсырма: «Сыйлықтар»





Сайыс Математик касіпкер 9 класс

Сыйлықтар құны 500 тг, бірақ бір сыйлықта 1500 тг сыйлық бар.

1. Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық.



2. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.



3. 1500 тг сыйлық



4. Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.



5. Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.



V тапсырма: «Жорға» сайысы

Әр топқа бір сұрақтан беріледі.Сұрақ құны 5000 тг



№1 Банкке жылына 15 % тік өсіммен 400 000 тг салынды. Банкке салынған осы ақша 3 жылдан соң неше теңге болады?



№2 Сіздің банкке жылына 10% мен 500 мың тг қойылды. Жарты жылдан кейін сіз қанша ақша қайтарасыз?

№3 Банкке жылына 10 % тік өсіммен 700 000 тг салынды. Банкке салынған осы ақша 2 жылдан соң неше теңге болады?



Сайыс Математик касіпкер 9 класс Сайыс Математик касіпкер 9 класс

Қорытынды: Сабақ соңында топтардың қазынасын есептейміз, қай топтың жинаған ақшасы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

"ЕШҚАШАН ДА БӘРІН БІЛЕМІН, ЕНДІ МАҒАН БҰДАН АРТЫҚ ҮЙРЕНЕТІН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ ДЕП САНАУШЫ БОЛМА"- ДЕГЕН Н.Д.ЗЕЛИНСКИЙДІҢ СӨЗІМЕН "МАТЕМАТИК кәсіпкер " ОЙЫНЫН АЯҚТАЙМЫЗ.





БІЛІМ АЛУДАН КЕШ ҚАЛМАҢЫЗДАР!





































№1 Алға мектеп-бақша

















Тақырыбы: МАТЕМАТИК-КӘСІПКЕР

(Сыныптан тыс жұмыс )

9 сыныптар





Сайыс Математик касіпкер 9 класс



Пән мұғалімі: Казыбаева Ж.Д.





















2015-2016 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал