- Учителю
- Сабақ Квадрат теңдеу 8 сынып
Сабақ Квадрат теңдеу 8 сынып
Алгебра
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді формула
бойынша шешу тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін тиянақтау.
Формулаларды есте сақтауға,жаттауға және қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы, танымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлай білуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі:Өткен сабақты пысықтау.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 2 топқа бөліп, «Көкпар» ойын шартымен таңыстыру. Ойын шарты бойынша 2 топ жарысқа шығып жарысады. Ойыншылар мақсаты - бірінші тауға шығып жалауды тағу керек. Ол үшін ойын барысында 3 кедергіден өтеді.
1) әр топ өздерін таныстырады.
«Алғырлар» тобы:
Білімге толы санамыз,
Есепке жүйрік баламыз.
Қиналмай-ақ шешімін,
Табатын алғыр баламыз.
«Жүйріктер» тобы:
Есептеу құпиясын ойға іліп,
Есептің шығарылар жолын біліп.
Бұл топта суырылып талай бала,
Шығады мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік.
«Алғырлар» және «Жүйріктер» тобы жарысқа шығады
І - кедергі : Жолда өзен кездеседі, өзеннен өту үшін көпір салу керек. «Домино» ойыны арқылы өткен тақырып бойынша қайталау .
</
ax2 + bx+ c = 0
қандай теңдеу?
Квадрат теңдеу
ax2 +bx = 0
Толымсыз квадрат теңдеу
Квадрат теңдеу түбірлері
Х2+ px+ q =0
Қандай теңдеу?
Келтірілген квадрат теңдеу
Егер Д = 0 болса, онда ...
Теңдеудің бір ғана түбірі болады
ax2 + c = 0
Д < 0 болса, онда
Теңдеудің
түбірі болмайды
a + b + c =0 болса, онда
ax2 + bx = 0 теңдеуінің түбірлері
І - кедергі: Алдарында орман . Орманда гүл теру керек. Мұнда денгейлік тапсырмалар орындау
1-нұсқа
А деңгей
№1 . Әрбір теңдеуі үшін мәндерін ата
а) б)
№2 . квадрат теңдеуінің дискриминантын формуласын есептеңдер .
5х2 - 7х + 2 = 0, D = b2 - 4ac = (-7)2 - 4· 5 · 2 = …;
№3. Теңдеуді шешуді аяқта. 3х2 - 5х - 2 = 0.
D = b2 - 4ac = (-5)2- 4· 3·(-2) = ; х1 = … х2=…
В деңгей .
Теңдеуді шеш: а) 6х2 - 4х + 32 = 0; б) х2 + 5х - 6 = 0.
С деңгей .
Теңдеуді шеш: а) -5х2 - 4х + 28 = 0; б) 2х2-8х-2=0.
Қосымша тапсырма.
а -ның қандай мәнінде х2 - 2ах + 3 = 0 теңдеуінің түбірі x1 = 1 ; x2 = 3 - ке тең болады?
2 нұсқа.
А деңгей
№1. Әрбір ax2 + bx + c = 0 теңдеуі үшін a, b, c мәнін табыңдар.
а) 4х2 - 8х + 6 = 0, б) х2 + 2х - 4 = 0
№2. квадрат теңдеуінің дискриминантын формуласын есептендер.
5х2 + 8х - 4 = 0, D = b2 - 4ac = 82 - 4· 5 · (- 4) = …;
№3. Теңдеуді шешуді аяқта х2 - 6х + 5 = 0.
D = b2 - 4ac = ; х1 = … х2=…
В деңгей.
Теңдеуді шеш : а) 3х2 - 2х + 16 = 0; б) 3х2 - 5х + 2 = 0.
С деңгей.
Теңдеуді шешіңдер: а) 5х2 + 4х - 28 = 0; б) х2 - 6х + 7 = 0;
Қосымша тапсырма.
а -ның қандай мәнінде х2 + 3ах - 7 = 0 теңдеуінің түбірі x1= -1 ; x2 = 7 - ге тең болады?
ІІІ - кедергі: Тауға шығу керек. Ол үшін мына мақал - мәтелді жалғастырсандар теңдеудің түбірің табасындар.
-
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ( ..................... ) төбедегі жетеді.
-
Жеті жұрттың тілін біл, ( ............... ) білім ал.
-
Білімді мыңды жығады, ( .............. ) жығады.
-
Ұлға ( ............ ) , қызға қырық үйден тыю.
-
Бір тал кессең, ( ............. ) ек
-
-
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (Б)
-
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал. (І)
-
Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (Л)
-
Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю. (І)
-
Бір тал кессең, он тал ек (М)
-
Қай топ бірінші жетеді сол топ женеді.
Сабақты қорытындау. Бағалау
Үйге: № 139 № 138 ( 1,2)
-