- Учителю
- Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар.
Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар.
09.12.2015 | Математика | 5- «а» сыныбы |
Сабақ тақырыбы: | Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар. | |
Жалпы мақсат: | Жай бөлшектің негізгі қасиеті және жай бөлшекті қысқарту ережелерін пайдаланып, есептер шығару, дұрыс бөлшектерді , бұрыс бөлшектерді ажырата білу. | |
Сілтеме: |
| |
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | -Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді. - пікір таласуға үйренеді . -Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады. | |
Негізгі идеялар: | Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер, аралас сандар ұғымдары туралы алған білімдерін қолдана алады. | |
Дерек көздері: | Оқулықтағы материалдар, дидактикалық таратпа материалдар |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал (2 мин)
Оқушылар бір-біріне гүл силау, жақсы тілек айту арқылы сабаққа көтеріңкі көңіл күй туғыздым.
Сыныпты открытка қиындылары арқылы 3 топқа бөліп аламын.
Топ басшыларын тағайындап, бағалау парғын таратамын. Сабақ бойында жауап берген әрбір дұрыс жауап, әрбір дұрыс шығарылған есептерге ұпай беріп отырамыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
Оқушылар тыңдайды
Білімінің өзектілігі: «КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
1) Өткенді қайталау, еске түсіру үшін ауызша зымыран сұрақтарға жауап берейік:
Үлестер дегеніміз не?
Жауабы: Тұтас бір дене тең бөліктерге бөлінсе, бөлікер үлестер деп аталады.
Жай бөлшектер қалай жазылады?
Жауабы: a- жай бөлшектің алымы, b - бөлімі, а жазылуы b
Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
Жауабы: Бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың 1-ден өзге ортақ бөлгішіне бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды
Қысқартылайтын бөлшектер дегеніміз не?
Жауабы: Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер қысқартылмайтын бөлшектер деп аталады.
Оқушылар еске түсіреді, жауап береді.
ІІ кезең: жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр .
-
Жай сандар деп 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандарды айтады
-
Үлестер деп тұтас бір дене тең бөліктерге бөлінгенді айтады
-
Жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен немесе бөлгеннен жай бөлшек өзгермейді
-
Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
-
Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталды.
-
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
-
Бұрыс бөлщекті аралас санмен жазу үшін:
-
Бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек
-
Толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады
-
Қалдық (егер ол болса) бөлшек бөліктің алымы , ал бөлгіш бөлім болады.
-
Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін:
-
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
-
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек;
-
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек;
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Себебін түсіндіріп жаз:
Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Жауабы:
2, 4, 3 , 7 - дұрыс бөлшектер, өйткені 2<3, 4<9, 3<10, 7<8
3 9 10 8
Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталды.
Жауабы:
5, 11, 12, 10, 36
5 6 7 10 35 - бұрыс бөлшектер, өйткені 5=5, 11>6, 12>7,10=10,36>35
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады
Теориясы: «ТАЛДАУ» (Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсатығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Венн диаграммасын толтыр:
- бұрыс бөлшектердұрыс бөлшектер аралас сан бұрыс бөлшектер
5, - аралас сан
- дұрыс бөлшектер
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін, оған тең болуы немесе бөлімінен үлкен болуы мүмкін.
Дәптермен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Теориясы «ЖИНАҚТАУ» (қорытынды шығар , анықтама бер, Мазмұнды жүйелі кесте, сызба, т. Б. түрінде)
Жазықты, нүкте ұғымдарын жинақта:
Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар
Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталды.
Оқушылар орындарында дәптерге орындайды
Дәптерлерін сағат тілінің бағытымен бір-біріне ауыстырып, бірін-бірі экрандағы жауап арқылы бағалайды.
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырмалар)
А)1, 5 , 9 , 3 , 25 , 71 , 80 , 99 бөлшектерінің қайсысы дұрыс бөлшек,
3 4 9 10 26 71 9 36
қайсысы бұрыс бөлшек?
Жауабы:
Дұрыс бөлшек; 1 , 3 , 25 , бұрыс бөлшектер; 9 , 5 , 71 , 80 , 99
3 10 26 9 4 71 9 36
Б)Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз;
25 , 38 , 50 , 48 ,
6 9 20 7
Жауабы:
4 1 = 6*4+1 = 25 , 4 2 = 4*9+2= 38 , 210 = 2*20+10=50, 6 6 = 6*7+6 = 48
6 6 6 9 9 9 20 20 20 7 7 7
Дәптермен жұмыс
Практикасы : «БАҒА БЕРУ» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің)
Сұраққа жауап бер:
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
жауабы: Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
жауабы: Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталды.
Аралас сан дегеніміз не?
жауабы: Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
А деңгей (5 балл) «Тас қақпа»
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Сұрақтарға жауап бер:
3 - дұрыс бөлшек неге?
4
Себебі: алымы бөлімінен кіші (3< 4)
5 , 6=6 - бұрыс бөлшек неге?
4
Себебі: алымы бөлімінен үлкен (5>4) немесе алымы мен бөлімі тең
Практикасы «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырма)
№ 472
1 , 6 , 7 , 11, 3 , 23, 7 , 88 , 33, 81 бөлшектерінен дұрыс бөлшектерді
4 5 7 9 11 15 15 88 95 100
және бұрыс бөлшектерді жеке-жеке теріп жазыңдар.
Жауабы: Дұрыс бөлшектер: 1 , 3 , 7 , 33, 81
4 11 15 95 100
Бұрыс бөлшектер: 6 , 7 , 11, 23, 88 ,
5 7 9 15 88
2) бөліндіні тауып жаз:
24= ? 9=? 64=? 33=? 51=? 48 =? 54 =? 111 =?
3 3 8 3 17 3 27 3
Жауабы:
24=6 9=3 64=8 33=11 51=3 48 =16 54 =2 111 =37
3 3 8 3 17 3 27 3
В деңгей (5 балл + 4 балл= 9 балл) «Күміс қақпа»
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
1)Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады. Себебі?
Жауабы:
Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін бөліп алу үшін алымын бөліміне бөлу керек. Сонда шыққан бөлінді - бүтін бөлік, қалдық-алымы бөлгіш бөлімі болады.
2)Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?
Жауабы:
-
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
-
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек;
-
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек;
Теориясы: «ТАЛДАУ» 1. Салыстыр.2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсатығы неде? 4. тақырыптың басты идеясын жаз, деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Бес алманы тең етіп екі балаға бөліп берсе, олардың әрқайсысы қанша алмадан алады?
Себебі:
5:2= 5 = 2 1
2 2
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Бес алманы тең етіп екі балаға екі жарым алмадан беруге болады.
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (2- кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы
нұсқалары орындалады)
№ 490 Бос орындарды толықтырып жазыңдар:
-
17= 3 ? ; 20= ? 6 ; 45 = 4 ? ; 60 = ? 5
5 5 7 7 10 10 11 11
-
12=? ; 33 = ? ; 5 3 = ? ; 91 = ?
3 3 4 4 10 10 5 5
Жауабы:
-
17= 3 2 ; 20= 2 6 ; 45 = 4 5 ; 60 = 5 5
5 5 7 7 10 10 11 11
-
12=5 ; 33 = 15 ; 5 3 = 53 ; 91 = 46
3 3 4 4 10 10 5 5
С деңгей; (5 балл+ 4 балл+ 3 балл= 12 балл) «Алтын қақпа»
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ» (қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартарында болу керек.)
Бөлінділер :
Бұрыс бөлшектер түрінде жазыңдар
Бөлінділерді қысқарту
Қысқартылған бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыру
78:36; 70:42;
125:55;
99: 44
84:24
78 ; 70 ; 125 ; 99 ; 84
36 42 55 44 24
78 = 39 ; 70 = 35
36 18 42 21
125 = 25 99 =9
55 11 44 4
84 = 7
24 2
39= 2 3 ; 1 14
18 18 21
25=2 3 9 = 2 1
11 11 4 4
7 = 3 1
2 2
Практикасы: «БАҒА БЕРУ» (сен қалай ойласың? Не істер едің? )
Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:
Сен қалай ойлайсың ? Математика бізге керек пе?
Жауабы:
Менің ойымша -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Топ жетекшілері, өздері жинаған ұпай сандары бойынша өздерінің бағаларын бағалау тақтасына іледі.
Рефлексия
Ұнады, Ұнамады тақтасына ұсыныстарын жазып іледі.